Тулешева Екатерина Жолдығалиқызы 1969 жылы 9 қыркүйекте Орал облысы, Бөрлі ауданы, Александровка ауылында дүниеге келген. 1975-1985 жылдары Александров орта мектебінде білім алған.1986-1988 жылдары Жезқазған мәдени-ағарту училищесін оқып тәмәмдаған. Сол жылы Жымпиты аудандық мәдениет үйінде әдіскер болып жұмыс жасаған. 1990 жылдың желтоқсан айынан Орал қаласындағы №10 «Балапан» балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарған.
1992 жылдың желтоқсан айынан Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың өнер бөлімінің кітапханашысы қызметіне орналасқан. 1999-2003 жылдары Батыс Қазақстан университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан бастап мерзімді басылымдар бөлімінде, 2004 жылдың желтоқсан айында тіркеу және анықтама бөлімінде, 2008 жылдың қараша айынан өнер құжаттары бөлімінде, 2014 жылдың сәуір айында библиография бөлімінде қызмет атқарған. Қазіргі кезде «Өлкетану әдебиеттері» бөлімінің кітапханашысы. 2021 жылы «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.2022 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.
Тулешева Екатерина Жолдығалиқызы
просмотров: 38