Убишева Ұлмекен Лазарқызы 1974 жылы 8 қарашада  Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Раздольный ауылында дүниеге келген.

1981-1991 жылдары Раздольный ауылдық  жалпы  орта білім беретін мектепті бітірген.

1992-1996 жылдары Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан мәденеиет институтын «Кітапханашы-библиограф» мамандығы бойынша тәмамдайды.

1996 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында кітапханашы, бөлім басшысы, директордың міндетін атқарушы қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта аталған облыстық арнаулы кітапханада толықтыру және өндеу бөлімінің басшысы қызметінде.

Ұ.Убишеваның тікелей бастамасымен кітапханада Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын көз мүгедектігі бар балалар арасында насихаттап, ақын шығармалары арқылы жас ұрпақ бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуы мақсатында «Қадыр әлемі» үйірмесі мен түрлі қызығушылығы бар көзмүгедектігі бар оқырмандардың басын қосып, мәдени іс-шаралар арқылы рухани демалыс ұйымдастыру мақсатында «Сырласу» қыз-келіншектер клубын ашты. 2017 жылы «Қазақстан туралы Онлайнда оқимыз» жобасын енгізіп, жоба аясында көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Мәскеу қаласының  «Первая интернациональная  онлайн-библиотека для инвалидов по зрению «Логос»  онлайн-кітапханасымен келісім-шарт жасады. Сонымен қатар кітапханада «Тактильды кітап  – зағип балаларға», «Қолжетімді тифлокино»  жобаларының сәтті жүзеге асырылуына зор ықпал етті.

2021 жылы «Біз кітаппен біргеміз» кітапханалық бағдарламасын қолға алып, балалардың, оның ішінде ерекше балалардың кітапқа, оқуға деген қызығушылықтарын арттыруда мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстанатын аудандық кітапханалық пункттер де зор ынтамен қатысқан «Алма сөресі» кітап эстафетасы жобасын жүзеге асырды.

2021 жылы Ұ.Убишева Мәдениет пен білім дамыту «Өрлеу» қоры «Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» атты онлайн байқауына қатысып, «Арнайы номинация» бойынша І орынға ие болды.

Кітапхана ісінің дамуына қосқан еңбегі үшін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Орал ішкі саясат бөлімінің сертификатымен (2020 ж), РФ-ның Санкт-Петербург (2020 ж), Самара қалаларының арнаулы кітапханасының (2021 ж) сертификаттарымен, Ұлттық кітапхананың «Үздік кітапханашы» төсбелгісімен (2019ж), «Қазақстан Конституциясына  25 жыл»  медалімен (2020 ж), ҚР-сы мәдениет және спорт министрлігінің, Ұлттық академиялық кітапханасының Алғыс хаттарымен (2020 ж), Батыс Қазақстан облыс әкімінің және зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың Құрмет грамоталарымен, облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хаттарымен (2020 ж) марапатталған. Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының 50 жылдығына орай жарық көрген «Кітапхана – мейірімділік әлемі» – «Путь доброй библиотеки» жинағын құрастырушылардың бірі.

Отбасылы. Бір  ұл, бір қыз тәрбиелеуде.