Утегенова Гүлнар Сисенғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында 1978 жылы дүниеге келген. 1996 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтына түсіп, 2000 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапханатану және библиографиятану» факультетін бойынша әмбебап кітапханалардың кітапханашы – библиографы жоғары білімді мамандық бойынша диплом алды. Еңбек жолын 2001 жылы М.Горький атындағы Орал қалалық кітапхана» ММ-нің №4 кітапхана-филиалында кітапханашы болып бастады. 2003 жылы №2 балалар кітапханасына кітапханашы болып ауыстырылды. 2005 жылы орталық кітапхананың әдістемелік – библиографиялық бөліміне әдіскер болып ауыстырылды. 2010 жылы аңықтама–библиографиялық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2014 жылы кітапхана ісін дамыту және әдістемелік жұмыс бөліміне бөлім басшысы лауазымына ауыстырылды.
Гүлнар Сисенғалиқызы әдістемелік бөлім қызметін ұйымдастырып, қызметтің мазмұны мен сапасына жауап береді. ОКЖ-сі кітапхана –филиалдарына кітапханалық қызмет көрсету, жаңашыл бағыттағы жұмыс түрлері мен әдістері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін арттыруға арналған семинарларға, шебер – сыныптарға қатысады. ОКЖ жоспарлары мен есептерін уақытылы орындалуын қадағалап, үйлестіріп отырады.

2019 жылы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2008 жылы Астана қаласында жарық көрген «Қазақстанның кітапхана ісіндегі жүз жас маман» аңықтамалығына енді. Гүлнар Сисенғалиқызы ұйымдастырушылық қабілеті бар маман, жұмысына тиянақты, жауапкершілігі мол. Лауазымдық міндеттеріне сай жоғарыдан берілген нұсқауларды орындай біледі.