Утемисова Гүлдара Фархатқызы 1993 жылы 29 маусымда Атырау облысы Махамбет ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Жәнібек аудандық орталықтандырылған жүйесіне қарасты Күйгенкөл модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы. Жалпы жұмыс өтілі – 4 жыл, кітапхана саласында – 4жыл.
Гульдара Фархатқызы кітапханада тәрбиелік маңызы бар мәдени іс-шараларды, мектеппен тығыз байланыс ұстау арқылы ұйымдастырады. Ауданда өтетін түрлі мәдени шараларға үнемі қатысып, жазғы маусымдықта демалыс лагерінің тынығушыларымен тартымды шаралар оздырып, жас жеткіншектердің талабын қанағаттандыруда, ой-өрісін дамытуда жылжымалы кітапхана қызметін көрсетіп отырады. Ауданда өткен семинарларға белсене қатысып өзінің білгірлігін көрсетіп отырады.
Гүлдара Фархатқызы аудандық, облыстық шығармашылық байқауларға оқырмандарының жұмыстарын үнемі қатыстырып отырады. Кітапханада кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастырып, отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау бағытында мазмұнды, тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар тұрақты өткізуде.
Гүлдара Фархатқызы жас болса да аз ғана еңбек жолында бірнеше жетістіктерге ие болды. 2021 жылы «Білім беруді дамыту және мәдениет «Өрлеу» Қоры ҚҚ ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» республикалық байқауы «Рухани Жаңғыру» номинациясынан 1 орын иеленді. 2021 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Э.Аманғалиеваның, 2021 жылы Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқаны үшін аудан әкімі А. Сафималиевтің алғыс хаттарымен марапатталды. 2021 жылы Орал қаласы. Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-сы ұйымдастырған «2021 жылдың үздік жас кітапханашысы» облыстық байқауының жеңімпазы. Жаңаша бағытта жетілдіруде ерекше жандармен жоғары деңгейде жұмыстануда «Ерекше оқырман кітапханашысы» атты аудандық байқауына қатысып III орын дипломының иегері атанды.