Утешева Қаламқас Сағидоллақызы 1963 жылы 9 желтоқсанда Орал облысы Чинарев ауылында дүниеге келген.
1971-1979 жылдары Чинарев сегізжылдық мектебінде, 1979-1981 жылдары Кирсанов орта мектебінде оқыды. 1981-1983 жылдары Орал мәдени-ағарту училищесінде оқыды. 1981-1983 жылдары Орал мәдени-ағарту училищесінде кітапханашы мамандығы бойынша оқыды. Білімі–орта. Еңбек өтілі -38. 1983 жылдан күні бүгінге дейін Сұлукөл ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыстанып келеді. Жұмыс барысында біліктілігімен, еңбекқорлығымен, кәсіптілігімен, белсенділігімен ерекшеленеді. Ауыл тұрғындарының барлығы дерлік, үлкені де, кішісі де кітапхананың белсенді оқырмандары. Жұмыста Қаламқас Сағидоллақызы жаңа әдістерді кеңінен қолданады. Кітапханада көптеген іс-шаралар, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары өткізіледі. Қаламқас Сағидоллақызының ұйымдастыруышылық және еңбекқорлық қасиеттері өте жоғары. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты үнемі әлеуметтік желілерге шығарып отырады. Жыл сайынғы Елбасы Жолдаулары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әрдайым тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Округтегі мерекелік іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Округтегі қоғамдық ұйымдардың белсенді мүшесі. Оқырмандармен жұмыс жасаған кезде сыпайылылық және әдептілікпен ерекшеленеді. Кітаптар және құжаттармен жұмыс кезінде тиянақты.

Қызмет барысында өзін адал, жауапкершілігі жоғары маман екенін көрсете білді. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана басшылығынан, Х.Есенжанов атындағы балалар және жасөпірімдер кітапханасы басшысынан, Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінен, ОКЖ басшысының алғыс хаттарымен марапатталған. 2021 жылы көп жылдық кітапханадағы еңбектері үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.