Запрометова Марина Леонтьевна 1966 жылы 10 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Приуральный ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1987 жылы Куйбышев мемлекеттік мәдениет институтын «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген.

Жалпы еңбек өтілі – 33 жыл, саладағы еңбек өтілі – 33 жыл, осы мекемедегі еңбек өтілі – 33 жыл.

1987 жылы облыстық жасөспірімдер кітапханасына абонемент бөлімінің аға кітапханашысы лауазымына жұмысқа орналасты. 1990 жылдан абонемент бөлімінің меңгерушісі, 2016 жылдан бастап орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Жасөспірім оқырмандарды “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасымен таныстырады, “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясына қатысуға тартады. М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай онлайн форматта «Сөнбейді өлеңінің шырағы …» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды. “Балаларға соғыс туралы оқимыз” халықаралық акциясының тұрақты қатысушысы. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай онлайн форматта жарнама бөлімімен бірлесіп “Victory Fest” халықаралық патриоттық байқауын ұйымдастырды және өткізді. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Ұлы Даланың жеті қыры” ойынын әзірледі. “Аңыздардың Иллюстраторлары” онлайн вернисажын және “Ұлы дала аңыздары” онлайн бейне сұхбатын ұйымдастырды. Әлемдік әдебиетті насихаттау мақсатында “Чехов не жазды” және “Есениннің  күзі” тақырыптарында халықаралық мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты. Ресейлік әріптестерімен бірлескен іс–шараларға қатысады, кітапхана оқырмандары мен жақын шетелдердегі әріптестерімен халықаралық онлайн кездесулер ұйымдастырады және өткізеді: “Мен де спортпен айналысамын” – Орал-Белгород, “Ол жүрегімде – ешқашан ұмытпаймын” – Орал–Курск, “Әлемде осындай аңыз бар” – Орал–Астрахань, “Возьми под крыло” халықаралық экологиялық акциясына, “Воок волна” III Халықаралық виртуалды сессиясына белсенді қатысты.

Марина Леонтьевна аудандық және ауылдық кітапханашыларға әдістемелік кеңес беру көмегін көрсетеді. Мектеп кітапханашыларына арналған “Кітап” университетінің белсенді қатысушысы. “Кітапхана –ерекше балаларға арналған ашық ақпараттық кеңес” шығармашылық зертханасына, “Кітапхана – жаңа шешімдер мен көкжиектер” облыстық семинарына, “Дәстүрлі және виртуалды әлемдегі кітапхана” қалалық семинарына белсенді қатысты.

Кәсібилігі, жұмысқа шығармашылық көзқарасы және таңдаған мамандығына адалдығы үшін ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының “Кітапхана ісінің шебері” төсбелгісімен (2018), “Қанатыңның астына ал” өңіраралық ерікті акциясын қолдағаны үшін” Алғыс хатпен (2019), “Еңбек даңқы” медалімен (2020), Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының (2020), “Ескі Орал” ОКФ Алғыс хаттарымен (2020) марапатталды.