Ақын Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы 3 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жусалы ауылында дүниеге келген. 1934 жылы Орал қаласындағы педагогикалық институттың әдебиет факультетіне түскен. 1936 жылы оқуын Алматыдағы қазақ педагогикалық институтында жалғастырған. КазПИ-дің әдебиет факультетінде оқып жүріп, әрі Алматының белгілі ақындарымен танысып, ол әдебиет дүниесімен араласты. Сол жылдары Абдолла өзін біржола өлең жолына бағыттады. 1936 жылдан жұртшылыққа ақын ретінде таныла бастаған. Ақынның өлеңдері, поэмалары республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып тұрды.1937-1938 жылдары әдеби журналдарда, «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде Абдолланың бірқатар өлеңдері басылды. 1939 жылы Абдолла Қызылордада мұғалім болып істеді, сондағы облыстық газетке бірнеше өлеңдерін шығарды. 1938-1939 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы,1939-1941 жылдары Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор қызметтерін атқарған. Оның шығармалары өршіл пафос пен нәзік те сыршыл лиризмге толы. «Токио», «Шығыс қызы», «Асан қайғы» атты поэмаларын шығарды.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Абдолла майданға аттанады. Жалын жүрек ақын жаулармен арпалысып, Отан үшін, ұрпақ болашағы үшін ерлікпен мерт болады. Абдолла ерлігі жайлы Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын жазды. Абдолла Жұмағалиев Лермонтовтың, Низамидің, Тоқтағұлдың, Байронның жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Абдолла Жұмағалиевтың өмір жолы мен ақындық өмірбаянының басталуы туралы қазіргі қазақ совет әдебиетінің ақсақалы Әбу Сәрсенбаев пен бейнелі тілмен айтқанда,ақындар әулетінің ақ жаулықты анасы Мәриям Хакімжанова естелік шығармаларында, өлең-жырларында барынша терең, барынша мазмұнды айтып келеді.
Ал, Абдолла ақынға өлең мен өлмес ескерткіш орнатқан Қасым Аманжолов Абдолла өлеңді жан-тәнімен сүйген жан. Ол әйтеуір жариялана берсін деп бұтып-шытудан аулақ болған. Өлең өнерінің қыры мен сырын терең білуге, аз жазса да ,саз жазуға талпынған.
Әдебиеттер:
Жұмағалиев Абдолла: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2002. – Б. 289-290.
Жұмағалиев Абдолла: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ. Жұмашева. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б.171.
Сейтақ Ғ. “Алыс жолға аттанған ақынды…” біз ардақтай алдық па?!: ақын Абдолла Жұмағалиевтің туғанына 100 жыл толмақ // Орал өңірі. – 2014. – 1 мамыр. – Б. 10.
Болатұлы А. “Қаһарман ақын – Абдолла”: Орал қаласындағы Жастар шығармашылық орталығында Ұлы Отан соғысында қоршауда қалып,ерлікпен қаза тапқан ақын Абдолла Жұмағалиевтің 100 жылдығына орай “Қаһарман ақын Абдолла” атты еске алу кеші өтті // Орал өңірі. – 2015. – 14 сәуір. – Б. 7.
Бәймен Ғ. Абдолланың бейнесі асқақтай бермек: Сырым ауданында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан Абдолла Жұмағалиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өткізілді // Орал өңірі. – 2015. – 9 мамыр. – Б. 9.
Қайырова Н. Абдолла ақынды еске алды: ақын Абдолла Жұмағалиевтің 100 жылдығына орай ұрпаққа өнегелі мұрасы қайта жаңғыртылып, көптеген іс-шаралар өтуде // Жайық үні.- 2015. – 30 сәуір. – Б. 7.
Нұрмұханова Х. Абдолла – өшпес ерлік, өлмес талант иесі: ақын Абдолла Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығы жайында // Жайық ұстазы. – 2015. – 19 наурыз. – Б. 2.
Сейтақ Ғ. “Бомба бол да жарыл, жүрек!” Абдолла ақынды ардақтай алдық па?: ақын Абдолла Жұмағалиевтің қазіргі кездегі ұрпақтары мен дос жарандары, ұстаздары туралы сөз қозғалған // Егемен Қазақстан. – 2015. – 8 сәуір. – Б. 7.
Шарабасов С. Қыран ғұмыр, өлмес жыр : Ақын Абдолла Жұмағалиевтің 100 жылдығына орай // Орал өңірі. – 2015. – 9 мамыр. – Б. 8.
Шарабасов С. Қыран ғұмыр, өлмес жыр: ақын Абдолла Жұмағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай шыққан мақала // Қазақ әдебиеті. – 2015. – 24 сәуір. – Б. 11.
Абдолла: Қасым Аманжоловтың шығармашылығынан: “Ақын өлімі туралы аңыз” поэмасынан үзінді // Аңыз адам. – 2016. – №22. – Б. 19.
Соғысқа солай аттанған…: Халық ақыны Мәриям Хакімжанованың Абдолла Жұмағалиев туралы естелігінен // Айгөлек. – 2017. – №5. – Б. 6 – 7.
Абдолла Жұмағалиев: өмірдерек (1915-1942) // Қазақ әдебиеті. – 2018 . – 10 тамыз. – Б. 24.
*****
Бисенғалиев Сағынтай: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2010. – Б.192.
Бисенғалиев Сағынтай: өмірдерек // Айтыстың аясында ару Жайық: облыстық ақындар айтысына 40 жыл. – Орал,1998. – Б.30.