Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 1994 жылы кітапханалық үрдістерді автоматтандыру жұмыстары басталуына байланысты автоматтандыру бөлімі құрылды.
2009 жылы бөлімнің қайта құрылуына байланысты Интернет секторы кітапханалық үрдістерді автоматтандыру бөлімімен бірігіп, жаңа технологиялар мен электрондық ресурстар бөлімі деген жаңа атауға ие болды.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- компьютерлік технологияның мониторингі, сатып алу, орнату;
- бағдарламалық қамтудың мониторингі, сатып алу, орнату;
- компьютерлердің, компьютерлік техниканың, операциялық жүйенің, серверлік кешеннің, локальдық жүйенің, Интернеттің, сыртқы желідегі кітапханалармен дұрыс жұмыс жасауына жауап беру және бақылау;
- кітапханалық – ақпараттық жаңа технологияны кітапханада енгізу және орнықтыру;
- шекаралас жатқан кітапханалар арасында бейнеконференциялар өткізуге дайындау және ұйымдастыру;
- халықаралық деңгейдегі вебинарларға қатысу үшін техникалық және бағдарламалық құралдарды дайындау;
- кітапханалық www.zkolib.kz сайтына өзгеріс енгізіп отыру, қолдау, модификация, қолдау жасау;
- қітап қорын сандық көшірме жасату; Бұл жұмыс екі бағытта жүргізіледі;
- ҚҰЭК – ның электрондық мемлекеттік кітапханалық қорына ұсыну үшін қазан төңкерісіне дейінгі әдебиеттер қорын сандық көшірме жасау;
- кітапхананың кең көлемді оқырман қауымына ұсыну үшін электрондық өлкетану қорының топтамасын құру;
- Бұл топтама кітапхананың дәстүрлі қоры мен каталогын толықтырады. Оған: библиографиялық, фактографиялық және толықмәтінді электронды ресурстар, БҚО туралы мәліметтер кіреді;
- Сандық көшірме Элар План Скан А3 кітап сканері көмегімен жүзеге асырылады; РАБИС/ИРБИС кітапханаларды автоматтандыру жүйесі бағдарламаларына жауапкершілік және қолдау көрсетуде мына қызметтер атқарылады:
- жаңа версияларды орнату;
- орындалған жұмыстарға бақылау жасау;
- кітапхана қызметкерлерін оқыту;
- әдістемелік нұсқаулықтар жасау;
- деректер қорының сақталуын қамтамасыз ету;
- деерктер қорына басшылық жасау;
- жүйемен жұмыс жасау барысында пайдаланылатын анықтамалықтар жасау;
Тұтынушыларға қызмет көрсету:
Оқырмандарға Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы жасаған электрондық каталогтың деректер қоры ұсынылады. Электрондық қаталогтың деректер қорында кітапханадағы 143,3 мың әдебиеттің, мақаланың т.б.құжаттардың толық библиографиялық сипаттамасы бар. Іздестіру сипаттаманың барлық элементі бойынша жүргізіледі. Каталог жасау 1994 жылдан бері РАБИС (Республикалық автоматтандырылыған кітапханалық-ақпараттық жүйе) жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
- Электрондық ресурстар интеграциясы, ақпарат толқынында ресурстардың қай жерде орналасқандығына қарамастан табылған ақпаратқа сапалы қол жетімділікті қамтамасыз етеді;
- Бөлімнің ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігі ақысыз, тегін түрде жаңа технология мен жедел байланыс торабы негізінде 8 жұмыс станциясынан Интернет – класс арқылы жүзеге асырылады;
- Интернет – класс кітапхана оқырмандарына қажетті ақпаратты өздері іздеп табуға мүмкіндік береді;