- Айтпай ауылдық кітапханасы
- Аққұс ауылдық кітапханасы
- Ақбалшық ауылдық кітапханасы
- Бірлік ауылдық модельді кітапханасы
- Борық ауылдық кітапханасы
- Жаңақала аудандық балалар кітапханасы
- Жаңажол ауылдық модельді кітапханасы
- Жаңақала аудандық кітапханасы
- Жаңақазан ауылдық кітапханасы
- Жаңақазан балалар кітапханасы
- Жангелді ауылдық кітапханасы
- Жуалыой ауылдық кітапханасы
- Көпжасар ауылдық моельді кітапханасы
- Қызылоба ауылдық модельді балалар кітапханасы
- Қызылоба ауылдық модельді кітапханасы
- Қырқопа ауылдық кітапханасы
- Маштексай ауылдық кітапханасы
- Маштексай ауылдық балалар кітапханасы
- Мұқыр ауылдық кітапханасы
- Плантация ауылдық кітапханасы
- Пятимар ауылдық модельді кітапханасы
- Салтанат ауылдық кітапханасы
- Сарыкөл ауылдық кітапханасы
- Үшкемпір ауылдық кітапханасы
- Саралжын ауылдық кітапханасы
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Айтпай ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 2008
Аудан орталығынан арақашықтығы: 60км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 190 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы: 23кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 100
Кітап қоры: 3024
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Айтпай ауылы, Қызылоба округі
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Мухамбетова Айша Ергалиевна
Айтпай ауылдық кітапханасы
Қайтадан ашылған жылы 2008
Аудан орталығынан арақашықтығы: 60км.
Аумағы: 23кв/м
Тұрғын саны: 301
Оқырман саны: 210
Кітап қоры: 2577
Айтпай ауылдық кітапханасы 2008 жылы 15 қаңтарда құрылған. Айтпай ауылдық кітапханасы 2577 кітап қорымен ашылған. Айтпай ауылдық кітапханасы аудан орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі уақытта Мухамбетова Айша қызмет атқарып келеді. Кітапхана ғимараты типтік бағытта орналасқан. Ауылымыздағы шағын кітапханада халқымызды, жас ұрпақтарымызды ғылым мен мәдениетке, барлық өмірлерін елдің болашағына арнаған аяулы азаматтарды, жазушы, публицист қоғам қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын үлгі өнеге ету және тағы да басқа көптеген шараларды ұйымдастыру мақсатында өз жұмыстарын жүргізіп келеді.Жаңадан кітапханға келген әдебиеттерге «Жаңа кітап – жан азығы» атты кітап көрме әр тоқсан сайын ұйымдастырылып оқырмандарға насихатталып отырады. Осындай көрмелерді ұйымдастырып, насихаттаудың арқасында оқырмандарымыздың қызықты әдеби-көркем кітаптарымыздың алып оқитынына әрине қуанамыз. Бүгінгі жас ұрпақты осы қасиетті кітаптармен таныстырып ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыпу парыз.

Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Аққұс ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет министірлігі
Құрылған жылы 1975
Аудан орталығынан арақашықтығы: 55км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 200 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы:80кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 160
Кітап қоры: 4668
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Аққұс ауылы, Пятимар округі
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Бисембиева Алтынганым Койшыбаевна
2019 жылы жабылды
Аққұс ауылдық кітапханасы
Аққұс ауылдық кітапханасында 2003 жылдары кітапханада Бисембиева Алтынғаным кітапханашы болып жұмыс жасады.

Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Ақбалшық ауылдық кітапханасы
Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 2001ж
Аудан орталығынан арақашықтығы: 30км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 220 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): беиімделген
Аумағы: 18кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 90
Кітап қоры: 5097
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсету
Мекенжайы және байланыс телефоны: Ақбалшық ауылы, Бірлік ауылдық округі
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Исмагулова Асемгул Ерболовна
Ақбалшық ауылдық кітапханасы.
Бірлік ауылдық округінің №2 бөлімшесі – Ақбалшық елді мекені. Ақбалшық ауылының тұрғындары негізінен мал өсірумен айналысқан. 1968 жылы бригадир С.Қайыржановтың бастамасымен «Ұшқын» мал бордақылау жастар бригадасы құрылған. Ақбалшық ауылын 1970-1975 жылдары Мортық ауылдық кітапханасының жанындағы көшпелі кітапхана қажетті әдебиетпен қамтамасыз етті. 1986 жылы Ақбалшық ауылдық кітапханасында Боранбаева А., 1990 жылдан Ж.Қайыржанова, Қ Едіресовалар жұмыс істеген. Сол кезде кітапхананың кітап қоры 3600, оқырманы 112 болған. 1989 жылдан күні бүгінгіге дейін Балғазиева Зинар осы кітапханада 2009 жылға дейін өз қызметін атқарған. Бүгінгі таңда кітапхананың 5097 кітап қоры, 90 оқырманы бар. Кітапханада көптеген тұрақты көрмелер, өтілген шараларға байланысты кітап көрмелері, тақырыптық шолулар, әдеби кештер өткізіліп, әдебиеттерді насихаттауда оқырмандар көңілінен шығуда.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Бірлік ауылдық модельді кітапханасы
Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1975
Аудан орталығынан арақашықтығы: 53 км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 190 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 50кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 615
Кітап қоры: 21883
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекенжайы және байланыс телефоны: Бірлік ауылы, 87114131-8-81
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Едресова Канапия Тлегеновна
Кітапханашы: Дүйсен Гүлбақыт Ғиззатқызы
Бірлік ауылдық кітапханасы.
Мортық селолық кітапханасы1963 жылы «Қызыл отау» негізінде жұмыс жасай бастаған. Кітапхана ашылғанда Нәсіпқалиева Рысты 200-дей кітап, газет-журналдармен кітапханалық қызмет көрсеткен. Одан кейін 1967 жылға дейін Бейсенова Фаузия, 1967 жылдың 10 маусымынан бастап Байғалиева Зейнеп жұмыс істеген.
Байгалиева Зейнеп Теміржанқызы 1948 жылы 10 қарашада Жаңақала ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1967 жылдан бастап Мортық ауылдық кітапхана меңгерушісі болып қызмет жасады. 1970-1971 жылдары Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің Оралдағы филиалының 6 айлық курсынан өткен. 1967 жылдан 2001 жылы зейнеткерлікке шыққанша Мортық селолық кітапхана меңгерушісі болып істеген. Ауыл адамдары еңбекқор Зейнеп апайды құрмет тұтып, оның байсалдылығын, инабаттылығын үлгі етіп отырады. Ол Москва қаласында өткен ВЛКСМ-нің пленумына арнайы шақырылып «ВЛКСМ 50 жылдығы» белгісімен марапатталған бірден-бір кітапханашы болды. Ол кәсіби қызметімен қатар, бірнеше дүркін халық қалаулысы ауылдық кеңестің депутаты болып сайланып, ауылдық кеңестің әйелдер төрайымы болып қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Зейнеп Теміржанқызы осы салада 34 жыл үздіксіз қызмет етіп, бүгінде зейнеткерлікке шықты.
Қазіргі кезде кітапхананың кітап қоры 21883, оқырман саны – 615. Кітапханада тұрақты «Отаным- Казақстаным», «Ауылым – алтын қазынам», «Ертегі әлемінде», «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік», «Дін имандылық жолында», «Есірткі шегіп ессіз болма» атты кітап көрмелері бар. 2005 жылдың қортындысымен аудан әкімшілігінен «Үздік ауыл кітапханасы» дипломымен марапатталды. Кітапханада «Жас қыран» клубы жұмыс істеуде. 2014 жылы Бірлік ауылдық кітапханасына Бірлік ауылдық модельді кітапханасы деген мәртебе берілді.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Борық ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 2001
Аудан орталығынан арақашықтығы: 51км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 200 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы:40кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 122
Кітап қоры: 5195
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Борық ауылы, Пятимар округі
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Мурзагалиева Айнагуль Мухамбетовна
Борық ауылдық кітапханасы
Борық ауылдық кітапханасында 1970 жылдан 1975 жылға дейін Айжарықова Зәуреш, 1975 жылдан 1979 жылға дейін Сатыбалдиева Мадина, 1979 жылдан Атамбаева Бақыт еңбек етіп кітапханашы жұмысын атқарып келді. 1997 жылы жаппай қысқарту кезінде Борық ауылдық кітапханасы жабылып, 2001 жылы қайтадан ашылды. 2001 жылдан бастап кітапханада Мырзағалиева Айнагүл кітапханашы болып жұмыс жасауда.
2002 жылдары кітапханада қазіргі заманға сай жұмыстың жаңа әдістерін пайдаланып ауылдың деңгейін көтеру мәселесі ойдағыдай жүріп жатты. Ауыл адамдарымен, жастармен, ұстаздармен бірге көптеген мәдени шаралар өткізілді.
Мурзагалиева Айнагул Мухамбетовна 1969 жылы 19 қазанда Жаңақала ауданы, Пятимар ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Пятимар орта мектебін бітірген. 1986-1988 жылдары Орал қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің кітапханашы мамандығы бойынша оқып бітірген. 1988-1990 жылдарда Аққұс ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып жұмыс істеді. 2001 жылдан Борық ауылдық кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарып келеді.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Жаңақала аудандық балалар кітапханасы
Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1975
Аудан орталығынан арақашықтығы:
Облыс орталығынан арақашықтығы: 250 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 22кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 1881
Кітап қоры: 16443
Қызмет көрсету түрі: Аудан орталығындағы балаларды кітаппен қызмет көрсету
Мекенжайы және байланыс телефоны: Жаңақала ауылы, 87114121-3-16
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Кошетова Айнур Кадешовна
Кітапханашылар: Серікова Салтанат Тұрарбекқызы, Садырова Лунара Асылбекқызы
Жаңақала аудандық балалар кітапханасының тарихы
Аудандық балалар кітапханасында Утеева Ақдинаш, Жардемова Заря, Қайырова Анар қызмет атқарып келді. Қазіргі таңда меңгерушісі болып Кошетова Айнур Қадешқызы кітапханашылары Серікова Салтанат Тұрарбекқызы мен Садырова Лунара Асылбекқызы жұмыс жасап келеді.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Жаңажол ауылдық модельді кітапханасы
Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1975
Аудан орталығынан арақашықтығы: 47 км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 302 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 108кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 653
Кітап қоры: 11875
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Жаңажол ауылы, 87114150-3-25
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Байганина Сымбат Магдановна
Кітапханашы: Нуралиева Файиза Султанбекқызы
Жаңажол ауылдық модельді кітапханасы
Кітап адамның рухани азығы. Адамзатты түпсіз терең әлемнің мол сырына қанықтырып, ана сүтіндей қуатпен нәр бере алатын да, әлемдегі ғылым мен білімнің, озық ойдың жиынтығы да кітап екені даусыз. Тәрбиенің тамаша көзі тарих.
Айдархан кітапханасы 1953-1957 жылдары, «Новый путь» колхозы болып құрылған жылы ашылған. 1953 жылдан 1957 жылға дейін кітапхана меңгерушісі болып Үмбетов Ораз аға істеген. 1958-1962 жылдары Шаймарданова Меңсұлу апай кітапханашы болған. Сол жылдары кітап қоры 1500-ге тарта болған. 1962-1965 жылдары Сейтбаталова Секерғаным апай кітапханашы болып қызмет атқарған.
1965-1967 жылдары Қадралиева Нәсіп.
1967-1977 жылдары Аманғалиева Гүлжиян.
Аманғалиева Гулжиян Есмаққызы Батыс Қазақстан облысы,Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында 1947 жылы 11 сәуірде дүниеге келген. 1953 жылы Айдархан ауылдық кеңесінің Қарасу «Новый путь» жеті жылдық мектебінде оқып білім алған.1961-1964 жылы Маштексай ауылындағы С.Меңдешов атындағы онжылдық мектебінде оқыған.1967 жылдан 1977 жылға дейін Айдархан орталық кітапханасында қызмет етті. Қызмет еткен жылдарында бірнеше грамоталармен марапатталған. 1992 жылы дүниеден озды.
1977-1979 жылдары Жекенова Қанапия.
1979-1983 жылдары Ерғалиева Мария қызмет атқарған. Сол кезде кітап қоры 10296 болған. 1983 жылдан бастап Зұлқашева Жұмағаным кітапханашылық қызмет атқарып келеді. 1961 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1980 жылы Орал қаласындағы 1 жылдық кітапханашлар курсын бітіген. Айдархан ауылдық кітапхансының жанында 3 ферма қызмет етті. №1 ферма Теңдік Букенова Нурия, Қайырбекова Роза. №2 Кіші Айдархан Садықова Айгүл жұмыс істеді. Кейін №1-2 фермалардағы кітапханалар қысқарту кезінде жабылып қалды.
Жаңажол ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасының ішкі-сыртқы саясатын экономикалық мәдени даму бағыттары, халыққа кітапханалық библиографиялық жұмыстардың ең тиімді бүгінгі талапқа сай формалары мен әдістерін пайдалана отырып, мазмұнды кеңінен насихаттап, көпшілік жұмыстарды жандандыру. Республикамыздың бостандығы үшін күрескен егеменді Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген саясаткерлік желтоқсан құрбаны болған жазықсыз жандар туралы жалпы еліміз бейбітшілікті сүйген, тәуелсіз ел екендігін оқырманға кеңінен насихаттау. Тілімізді, дінімізді, иманымызды дәстүрге енгізіп мәдени шаралармен халыққа насихаттап, халқымызды құрметтеуге еңбектенейік.
Республикамыздағы қабылданып жатқан заңдарды кеңінен насихаттау. Кітапханаларда кітап қорының сақталуын, жақсы кітаптармен қамтамсыз ету және қоғамдық мекемелермен байланыс жасап, бұқаралық хабарлама жасап отыру, « Қазақстан – 2030 » бағдармаласындағы міндеттемелерді іске асыру. Жас ұрпаққа мемлекеттік тілін, мәдениетін, туын, әнін қастерлеу.
Жаңажол ауылдық модельді кітапханасы 2020 жылы желтоқсан айының 30-ші жұлдызындан «Модельді кітапхана» статусы берілді
Аманғалиева Гүлжиян Есқаққызы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданының бұрынғы орталығы Жаңақазан ауылында 1947 жылы 11 сәуірде дүниеге келген. 1953 жылы Айдархан ауылдық Кенішіне қарасты «Новый путь» жетіжылдық мектебінде оқып оны 1961 жылы бітірді. 1961 жылы Маштексайдағы С.Меңдешов атындағы 11 жылдық мектебіне оқып оны 1964 жылы бітіріп орта білім алып шықты. 11 жылдық мектепті бітіргеннен кейін Айдархан ауылдық кенесіне қарасты байланыс бөлімшесінде қызмет етті. 1967 жылдың қыркүйек айынан бастап Айдархан ауылдық кітапханасының меңгерушісі қызметіне тұрып, онда 1977 жылға дейін қызмет етті. 1977 жылы денсаулығына байланысты уақытша зейнеткерлікке шығып, одан кейін еңбек жолын Айдархан кеңшарында жалғастырды. Кеншарда автопарк есепшісі, өмірінің соңына дейін мал тұқымын асылдандыру маманы болып қызмет етті. Кітапхана меңгерушісі болған кезінде бірнеше грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Сабиева – Сергалиева Нұргүл Жұмарыстанқызы 1960 жылы 15 маусымда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Орда ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген. 1967 жылы М.Горький атындағы Орда орта мектепке барып, 1977 жылы бітірген. 1977 жылы Орал облыстық клиникалық ауруханасының дәріханасына жұмысқа қабылданған, 1978-79 жылдар аралығында Орал бухгалтерлік мектебін бітірген. 1979-1982 жылдар аралығында Айдархан совхозында бухгалтер қызметін атқарған. 1982-1988 жылдары №2 бөлімше Кіші Айдарханда кітапханашы қызметін атқарған.
Зұлқашева Жұмағаным Төлегенқызы 1961 жылы 1 қарашада Жаңақала ауданы Жуантөбе ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Сакко орта мектебін тәмәмдап 1979 жылы Кармановка ауылында клуб меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1980 жылы Орал қаласындағы 1 жылдық кітапханашылар курсын бітірген. 1982 жылдан Айдархан ауылдық орталық кітапханасында кітапханашысы болып қызмет атқарып келді. Осы жылдар арасында аудандық, облыстық мақтау қағаздармен марапатталған. 32 жыл еңбек өтілімен 2018 жылы зейнеткерлікке шықты.
Байганина Сымбат Мағданқызы 1977 жылы мамыр айының 23-ші жұлдызында Жалпақтал ауданы, Қарасу ауылдық округінде дүниеге келді. 1983 жылы Қарасу орта мектебінде мектеп табалдырығын аттап, 1994 жылы бітірді. 1997 жылы № 12 кәсіптік техникалық училищесіне түсіп, секретар-машинаист мамандығын алып шықты. 2014-2016 ж.ж. Орал гуманитарлық колледжінде «кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алды.
2018 жылдың қазан айынан Жаңажол ауылдық кітапханасына кітапханашы болып жұмысқа тұрды Жүмыс өтілімім 2 жыл 10 ай.
2019 жылы – Аудандық орталықтандырырылған кітапхана жүйесінің ұлттық-мәдени кешінде «Рухшыл отбасы» номинациясымен Жаңажол ауылдық кітапханасы марапатталды.
2019 жылы – БҚО мәдениет басқармасы Х.Есенжанов атындағы балалар жіне жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушысы Одағының мүшесі Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның «Халық жазушысы», ақын Қадыр Мырза Әлінің туған күніне орай ұйымдастырылған облыстық «Қадір оқулары» онкүндігіне белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
2020 жылы – БҚО Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық кітапханасына Оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуде жаңа мүмкіндіктер беретін үлгілі қалыпта жабдықталған «Ауылдық модельді кітапхана» статусы берілді.
2020 жылы – БҚО мәдениет басқармасы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне алғыс хатымен марапатталды.
2020 жылы – БҚО мәдениет басқармасы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастыруымен «Қайрат Жұмағалиевті оқимыз» облыстық кітапханашылар арасында өткізілген челленджге қатысқаны үшін сертификат берілді.
2021-Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ поэзиясының мұзбалағы, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты облыстық онлайн мәнерлеп оқу байқауына қатысушыға қолдау көрсетіп жас ұрпақты тәрбиелеудегі шеберлігі үшін Алғыс хат берілді.
2021 жылы- Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшиннің Алғыс хатымен Мәдениет саласында атқарған игілікті істермен, мәдени шаралар жұмысын жақсартудағы еңбегі үшін Жаңажол ауылдық модельді кітапхананың кітапханашысы марапатталды.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Жаңақала аудандық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 1975
Аудан орталығынан арақашықтығы:
Облыс орталығынан арақашықтығы: 250 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы:423кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 2178
Кітап қоры: 32831
Қызмет көрсету түрі: Аудан орталығы тұрғындарын кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Жаңақала ауылы, 87114121-7-94, 21-7-75, 40-0-03
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Жардемова Зара Кайыргалиевна
Жаңақала аудандық кітапхана
Жаңақалада кітапхана 1960 -1970 жылдары мектеп жанындағы балалар жатақханасының бір бөлігінде орналасқан. Кітапханашы Мерғалиева Тұяқ апай жұмыс істеген. Аудан құрылғаннан кейін 1972-1975 жылдары кітапханада Габдушева Жұпар, Мерғалиева Тұяқ, Темирова Қадиша, Сұлтанова Айбарша апайлар жұмыс істеген. 1974-1980 жылдарда Байноғаева Альберта кітапхана меңгерушілігі қызметін атқарған.1981 жылы кітапхана аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып құрылды. Кітап қоры 177216 мың дана болды. 16 ауылдық кітапхана, 3 ауылдық балалар кітапханасы, 1орталық және балалар кітапханасы жұмыс істеді. Кітапханаға 16059 оқырман қамтылған. 1981-1987 жылдар аралығында кітапханада меңгерушілік қызметін Түсібалиева Нәсібия атқарса, кітапханашылар Султанова Айбарша, Байногаева Альберта, Избанова Ализа, Демеуова Света, Дуйсенгалиева Дамеш, Базекешова Клара, Аменова Аслима, Бакенова Алтынсара, Мұхамедрахимова Мүнира, Есенгалиева Ханымзия, Башанова Роза, Галиева Айгүл, Биляшева Нұржамал, Аманова Роза жұмыс істеген. 1987-1994 жылдар аралығында кітапханада Тәкеева Мәншүк кітапхана меңгерушісі болды. 1994-2010 жылдары кітапхана директоры қызметін Балдай Әліпқызы атқарса. 2010 жылдан кітапхана директоры қызметін А.Н. Еслямғалиева атқарды. 2011 жылдан Мұқашева Дина Даниярқызы кітапхана директоры қызметін атқарып келеді. Кітапхана ұжымы бүгінде халыққа рухани тілім-тәрбие беруде айтарлықтай жұмыстанып келеді.1994-1995 жылдардағы оңтайластыру кезеңін бастан кешіре отырып, ауданымыздың өсу, өркендеу жолымен астас болған кітапхананың халыққа қызмет көрсету жолында едәуір іркілістер мен табыстар да мол болды. Әсіресе, әрбір оқырманмен жұмыс істеудегі бағыт-бағдар кітапханашылардың іскерлігіне, өз ісіне деген жауапкершілігіне байланысты еді. Осыны түсінген кітапхана қызметкерлері әр жыл жүгіне орай қызмет көрсетуді мақсат етуде. Сол кезде жұмыс істеп тұрған 36 кітапханадан тек 12 кітапхана ғана қалды. Бірақ жабылған кітапханалардың кітап қоры ешқайда шашылған жоқ, түгел жұмыс істеп тұрған кітапханалардың қорына қосылды. Соның нәтижесінде соңғы екі-үш жылда ауданымыздағы бұрынғы жабылып қалған елді мекендегі кітапханаларды қайта ашып, кітап қорымен толықтыруда еш қиындыққа тірелген жоқпыз. Кітапхана кітап арқылы және адамның жан-жақты білім алып, саяси санасының қалыптасуына, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін әлеуметтік орын десек, кәзіргі заман талабына сай оқырмандар қажеттілігін, сұраныстарын орындап, жаңа кітаптарды, басылымдарды, жаңалықтарды кеңінен насихаттауда беделді қызмет көрсетіп жүрген кітапханашылар Аманова, Сұлтанова, Галиева, Бакенова, Қанатова, Маширова, Утеева, Еслямғалиева, Мукашевалар болса, кітапхананың сәні мен әрін келтіріп, бірнеше жылдан жұмыс жасап келе жатқан кітапхана безендірушісі Сәрсенғалиеваның да еңбегі зор.
Жаңақала орталықтандырылған кітапхана тарихынан фотошежірелер.
1990 жылғы аудандық кітапханашылардың зерделі кеңесі
1991жыл. «Көңілді тапқыштар» клубымен өткізілген әдеби-танымдық ойын.
Бүгінгі күні аудан бойынша 25 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Аудан кітапханаларының кітап қорын толықтыруға 2012 жылы аудандық бюджеттен 844698 теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде аудан кітапханаларында 1138 дана жаңа әдебиеттер келіп түсті. Кітапхана қорларын қалыптастыруда бүгінгі таңда мерзімдік басылымдар үлкен беделге ие болып отыр. Үстіміздегі жылы аудандағы барлық кітапханалар 1244825 теңге тұратын 309 дана газет- журналдармен камтылды. Күні бүгін аудан кітапханаларында 200248 дана кітап қоры, 18604 оқырманы бар. Кітапханашылар оқырмандардың сұранысымен санаса отырып, түрлі танымдық-ақпараттық шаралар өткізіп отырады. Соның ішінде кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге боларлық елдің өткен тарихи мұрасын насихаттау жолында да көптеген істер істелуде. Аудандық кітапхана жүйесінде бірнеше компьютер жұмыс істеп тұр. Аудандық кітапханада мерзімді басылым беттерінен «Кабис» бағдарламасына мақалалардың жүйелік картотекасы толықтырылып және кітаптар енгізілді.
Жаңақала орталықтандырылған кітапхана жанынан ашылған А. Ишанов атындағы жерлес ақынымыз Закария Сисенғалидің жетекшілік етуімен кітапхана жанынан «Жас қалам» жас ақындар клубы, «Шебер қолдар» қуыршақ театры ертегі кейіпкерлерінің киімдерін тігіп клуб өз жұмыстарын жалғастыруда.
Аудандық балалар кітапханасында кішкентай бөбектерге арналған «Балалар залы» жаңадан ашылды. Оған кітапханаға жас бүлдіршіндер «Жауқазын», «Бөбек», «Балбөбек» тәрбиеленушілері үнемі келіп ертегілерді бөлме ішіндегі техникалық жабдықтардан тамашалайды.
Әдістемелік қызмет жүйесіндегі басты бағыттар кітапхана ісін дамыту, кітапхана қызметін талдау, жоспарлау мен есеп беру, кітапханалық процестерді автоматтандыру мен компьтерлендіруге басшылық жасау, кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеруді жетілдіру, тәжірибелік және кеңестік көмектер ретінде әдістемелік құралдар даярлау т.б. болып табылады. «Кітапхана кеше және бүгін» атты кең көлемдегі зерделі кеңес, «Кітапхананың анықтама аппаратының қызметі мен ролі» атты кәсіби шеберлік кеңесі, «Кітап қорын каталогқа енгізу», «Библиографиялық ақпаратты оқырманға тиімді жолмен қамтамасыз ету», «Балалар оқуының қазіргі деңгейі және болашағы» тақырыптарында іс тәжірибе алмасты.
2022 жылға ОКЖ бойынша 74 қызметкер болса, 40 мамандар болып есептеледі. Оның 22-жоғары білімді, маман-20, 18-кәсіби арнаулы орта мамандар.
30 жасқа дейінгі – 8
30-40 жас аралығында-10
40-50 жас аралығында –10
50 жастан жоғары –12
Кітапхана имиджін қалыптастырудың бірден–бір жолы кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, уақыт талабына сай көркейту, жаңаша бағытта қалыптастыру қаржы мәселесіне тоқталары сөзсіз. Аудандық бюджеттен 501744 тг. қаражатқа 221 дана әдебиет алынып, сонын ішінде балаларға арналған әдебиеттін саны 191 дана.
Аудан әкімшілігі тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп отырады, нәтижесінде кітап қорын толықтыру, кітапханалардың материалдық техникалық базасын нығайту жұмыстары жақсы жолға қойылып келеді.
Мерғалиева Ақтұяқ Мерғалиқызы 1933 жылы Жаңақала ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1953-1955 жылдары Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің «Мәдени – ағарту жұмысының әдіскер ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. 1955-1956 жылдары Жымпиты ауданының мәдениет үйінде көркемдік жетекші, 1956-1957 жылдары Жаңақала ауданында аудандық комсомол комитетінде мектептер бөлімінің меңгерушісі, 1957-1964 жылдары Мәстексай орта мектебінде аға пионер тәлімгері, кітапханашы, 1964-1972 жылдары Бірлік ауылдық кітапханасында, аудандық газетте радио комментатор, газет тілшісі, 1972-1996 жылдары аудандық кітапханада меңгеруші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Бірнеше мақтау грамоталарымен, дипломдармен марапатталған. Ауылдық кеңес депутаты болып сайланған.
Габдушева Марфуға (Жұпар) Қабденқызы 1942 жылы 19 наурызда Жаңақала ауданы, Пятимар ауылында дүниеге келген.1959-1972 жылдары Фурманов аудандық кітапханасының кітапханашысы, балалар кітапханасының меңгерушісі, Фурманов аудандық Мәдениет үйінің директоры, аудандық кітапханасының меңгерушісі, 1976-1978 жылдары аудандық тұрмыстық қамту комбинатында қабылдау пунктінің меңгерушісі, 1978-1980 жылдары БҚО өлкетану музейі аудандық филиалының меңгерушісі, 1980-1981 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде инспектор, 1981-1997 жылдары АХАЖ бөлімінің меңгерушісі қызметінен зейнеткерлікке шығады. Бірнеше рет Фурманов, Жаңақала аудандарында ауылдық кеңестің депутаты болып сайланған.
Тусубалиева Насибия Искаковна 1954 жылы Пятимар ауылында дүниеге келген. 1961-1971 жылдары Жаңақазан ауылындағы С.М. Киров атындағы орта мектебін бітірген. 1972-1977 жылдары А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих факултетін бітіріп, 1977-1981 жылдары Пятимар орта мектебінде тарих пәнінің мұалімі қызметін атқарды. 1981-1987 жылдары Жаңақала орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры қызметін атқарған.
Такеева Маншук Ануаровна 1965 жылы 12 мамыр күні Орал облысы, Казталов ауданы, Новая-Казанка ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Жаңақала ауданы Новая-Казанка орта мектебіне барып, 1982 жылы Орал облысы Жаңақала орта мектебін бітірген. 1982 жылы Жаңақала орта мектебінің толық курсын бітіріп, орта білім туралы аттестат алғаннан кейін, 1982 жылдың тамыз айында Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы Педагогикалық Мәдениет институтына түсіп, 1986 жылы «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1986 жылы тамыз айында Н.К.Крупская атындағы Орал Облыстық Әмбебап-Ғылыми кітапханасына аға-әдіскер қызметіне орналасып, 1987 жылдың тамыз айынан бастап Облыстық Мәдениет басқармасының жолдамасымен Жаңақала орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметіне тағайындалды. Аталған орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін 1994 жылдың маусым айына дейін атқарды. 1994 жылдың маусым айынан бастап 1995 жылдың маусым айына дейін Батыс Қазақстан Ауылшаруашылық институтына қарасты ғылыми кітапханада кітапханашы қызметін атқарды. 1995 жылдан 1998 жылға дейін Орал қаласындағы «Әнхас» ЖШС-де «Іс-қағаздармен жұмыс жасау» қызметін атқарды. 1998 жылдан 2001 жылға дейін БҚМУ-нің «Юриспруденция» мамандығына түсіп, «Заңгер» мамандығын алып шыққан. 2001 жылда Батыс Қазақстан Облысы бойынша Соттар әкімшілігіне аға маман қызметіне, 2005 жылдан Ж.Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжінде кітапхана меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Әліпқызы Балдай 1951 жылы 17 сәуірде қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Азғыр ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1958 жылы жергілікті жердің бастауыш мектебінің 1 класына оқуға алынып, 1968 жылы Балқұдық орта мектебін бітірген. Мектеп бітіргеннен кейін 4 жыл ауылда қызмет істеген. 1972 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1976 жылы бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан. Жолдама бойынша осы Жаңақала ауданының Мәстексай ауылындағы орта мектепке өз мамандығы бойынша жұмысқа қабылданған. 1983 жылы отбасы жағдайымен Кармановка орта мектебіне жұмысқа ауысып, кейін 1986-1994 жылдары арасында осы аудан орталығындағы орта мектепте қызмет жасаған. 1994 жылдың тамыз айынан 2010 жылға дейін аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры қызметін атқарған. 1994 жылдан аудандық «Қазақ тілі қоғамының» төрайымы. 2010 жылдан зейнеткер. «Ай Зере» ақ әжелер клубының мүшесі.
Еслямғалиева Ақнұрлы Нұрғалиқызы 1979 жылы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында дүниеге келген. 1996-2000 жылдары Дәулеткерей атындағы Мәдениет және өнер институтының «Кітапханатану және библиография» факультетін бітірген. 2000-2001 жылдары Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебінде тәлімгер, 2001-2005 жылдары аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітапханашы, 2005-2006 жылдары оқырман қамту залының меңгерушісі, 2006-2010 жылдары аудандық кітапхананың әдіскері, 2010-2011жылы Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры қызметін атқарды. 2011 жылдан Аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы қызметін атқарып келеді. Атқарған қызметтері үшін мәдениет министрлігінің алғыс хатымен марапатталған. Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директорының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Мұқашева Дина Даниярқызы 1978 жылы 22 наурызда Жаңақала ауданында дүниеге келген. 1999-2002 жылдары Орал гуманитарлық колледжін 2006-2009 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «Педагогика және психология» факультетін бітірген. 1999-2006 жылдары кітапханада іс-жүргізуші, 2007-2008 жылдары аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы, 2008-2010 жылдары аудандық балалар кітапханасының әдіскері, 2010 жылы аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі, 2011 жылы аудандық орталық кітапхана меңгерушісі, 2011 жылдан аудандық кітапхана директоры қызметін атқарып келеді.
Дипломдар мен мақтау қағаздарымен марапатталған.
Мұхамедрахимова Мүнира 1937 жылы Фурманов ауданының Фурманов селосында дүниеге келген. 1945-жылдан 1955 жылдар арасында Фурманов орта мектебінде оқыған. 1956 жылы Орал қаласындағы облыстық кітапхана жанындағы I жылдық курсты бітіріп шыққан. 1957-1959 жылдары Фурманов ауданындағы Саломахин РТС – нің кітапханасының кітапханашысы, 1959-1963 жылдары Алматы қыздар институтына түсіп кітапхана, тіл әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 1963-1970 жылдары Фурманов аудандық кітапханасының меңгерушісі, 1970-1974 жылдары Қисыққамыс ППДС-не кадр бөлімінің инспекторы 1974-1977 жылдары Жаңақала аудандық кітапханасының меңгерушісі, 1977-1981 жылдары кітапхана директоры, 1981-1987 жылдары орталықтандырылған кітапхананың жабдықтау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарып зейнеткерлік демалысқа шыққан. Еңбегі еленіп бірнеше мақтау грамоталарымен марапатталған. 2004 жылы қайтыс болды.
Аменова Аслима Аменқызы 1946 жылы Жаңақала селосында дүниеге келген. 1965 жылы Жаңақазан балалар кітапханасында кітапханашы, 1981-1986 жылы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде әдіскер, 1986-1993 жылдары атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінде істеген. 1993-2005 жылдары аудандық кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарған. Атқарған қызметі үшін бірнеше мақтау грамоталармен марапатталған. 2005 жылдан құрметті зейнеткерлік демалыста. 2022 жылы сәуір айында қайтыс болды.
Аманова Роза Мүтаханқызы 1953 жылы Жалпақтал ауданы, Балықты ауылында дүниеге келген. 1970-1975 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. 1981-1986 жылдары Жалпақтал ауданының Қарасу ауылында кітапханашы, 1986 жылдан Жаңақала орталықтандырылған кітапхана жүйесінде аға әдіскер, аудандық орталықтандырылған кітапханада оқырмандарды қамту бөлімінде меңгеруші қызметін атқарды. Қазір зейнеткерлікте. Қазақстан Республикасы кітапханашылар Қауымдастығының «Құрмет грамотасымен», Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасының, аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған.
2020 жылы мамыр айында қайтыс болды.
Сұлтанова Айбарша Седенқызы 1956 жылы 14 ақпанда Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылында дүниеге келген. 1973-1975 жылдары Ақтөбе Мәдени-ағарту училищесін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 1975-1980 жылы аудандық кітапхана әдістемешісі, 1980-1993 жылы орталықтандырылған кітапхана әдістемешісі, 1993-1997 жылы оқырман қамту бөлімінде оқу залының кітапханашысы, 1997-2011 жылы абонемент бөлімінде кітапханашы, 2011 жылдан жабдықтау бөлімінің кітапханашысы, 2012 жылдан бастап кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Бірнеше рет алғыс хаттармен, мақтау қағаздармен марапатталған.
Қанатова Сара Меңдіханқызы 1958 жылы 2 мамырда Жаңақала ауданы, Қарасамар ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1975-1977 жылдары Кармановка бастауыш мектебінде мұғалім, 1977-1981 жылдары Балғын ауылдық кітапханасының кітапханашысы, 1981 жылы Орал қаласындағы И.К.Крупская атындағы кітапханалық курста оқып, кітапханада жұмысын жалғастырып, 1987 жылы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде библиограф, 1987-1990 жылдары Орал педагогикалық училищесін бітіреді. 1994-2006 жылдан бастап балалар кітапханасының меңгерушісі, 2009-2011 жылдары балалар кітапханасының әдіскері, 2011 жылдан жабдықтау бөлімінің кітапханашысы қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар зағип жандар кітапханашысы жұмысын қосымша атқарып келеді. 2003 жылдан мәдениет бөлімі жанындағы «Нұр Отан» ХДП филиалының төрайымы. Аудан әкімінің облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хаттарымен, «Нұр Отан» ХДП Жаңақала аудандық филиалының дипломдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Бакенова Алтынсара Рақымқызы 1959 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. 1977-1981 жылдары Атырау қаласындағы мәдени-ағарту училищесін бітірген. 1981-1982 жылдары «Жаңаталап» кеңшарының кітапханасында кітапханашы, 1982 жылдан аудандық орталықтандырылған кітапханасының библиографы, жабдықтау бөлімінің меңгерушісі, 2009 жылдан бастап жабдықтау бөлімінің редакторы, 2011 жылдан аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай Құрмет грамотасымен және де басшылық бөлімдерінен диплом, мақтау қағаздарымен марапатталған. 2018 жылы зейнеткерлікке шықты.
Галиева Айгүл Қуанқызы 1965 жылы 27 қыркүйекте Орал облысы, Чапаев ауданында дүниеге келген. 1972 жылы Ю.А.Гагарин атындағы бастауыш мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1982 жылы Жаңақала орта мектебін бітірген. 1982 жылы Орал мәдени ағарту училищесінің кітапханатану бөліміне оқуға түсіп, 1984 жылы арнаулы орта білім алып, Жаңақала орталықтандырылған кітапхана жүйесіне оқырмандарды қамту бөлімінің кітапханашысы болып жұмысқа алынған. 1988-1994 жылы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері, 1994-1998 жылдар аралығында ЛПУ қалашығында кітапханашы, 1998 жылы жабдықтау бөлімінің кітапханашысы. 1999 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Кітапханатану-библиография факультетіне сырттай оқуға түсіп, 2002 жылы жоғары білім алған. Алматы қаласында 1985 жылы ақпан айында жабдықтау бөлімінің жұмысы және 1987 жылы наурызда оқырмандарды қамту бөлімінің кітапханашысының пысықтау курстарында оқыған. 2001 жылы қазан айында «АНДАС» фирмасының компьютерді пайдалану курсын бітірген. 2004 жылы маусым айында Ж. Молдагалиев атындағы ОҒӘК ақылы «Кітапхана ісін автоматтандыру» курсының тыңдаушысы болған. 2005 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының бас кітапханасының бағдарламаларымен жұмыстану бағытында ақылы курстарының тыңдаушысы болған. 2009 жылдан Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапханасының жабдықтау бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылдан бастап аудандық кітапхананың әдіскері қызметін атқарып келеді. 2005, 2012, 2013 жылдары Жаңақала аудан әкімінің құрмет дипломымен марапатталған.
Маширова Жұмағаным Қабдығалиқызы 1969 жылы 9 қаңтарда Жаңақала ауданының Қисық-Қамыс ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Жаңақала орта мектебін бітіріп, Орал қаласындағы Мәдени ағарту училищесіне кітапхана мамандығы бойынша оқуға түсіп, училищені 1987 жылы ойдағыдай аяқтап, Жаңақала ауданындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №9 филиал ЛПУ қалашығындағы жатақхананың кітапханасында алғаш рет еңбек жолын бастаған. 1990 жылға дейін осы кітапханада жұмыс жасап, 1990 жылдан Жаңақала аудандық балалар кітапханасында кітапханашы, әдістемеші болып еңбек етіп келеді. Көп жылдар бойы аудандық балалар кітапханасында кітапханашы, бөлім меңгерушісі жұмыстарын атқарды. Осы жылдар арасында облыстық, республиаклық зерделі кеңестерге, семинарлараға, конференцияларға қатынасып іс-тәжірибе алмасты. 2002-2004 жылдары М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Мәдениет және өнер» институтының жанындағы «Кітапхана және библиография» факультетін сырттай оқып тәмәмдады. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың 135 жылдық облыстық кітапханашылардың форумына қатынасып алғыс хатпен марапатталды. Аудандық, облыстық кітапханаларының марапаттау қағазына ие болып, күні бүгін аудандық балалар кітапаханасының әдістемешісі жұмысын атқарып келеді.
Ихсанова Сәуле Төлеуғалиқызы 1970 жылы 25 қыркүйекте Жаңақала ауданы Көпжасар ауылында дүниеге келген. 1989-1990 жылдары Орал қаласындағы 1 жылдық кітапханашылар курсын бітіріп 1990 жылы мамандығы бойынша алғаш еңбек жолын Жаңақала ауданы ауыл шаруашылық (РАПО) мекемесінің кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істеді. 1992 жылы Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітапханашы, 2001-2003 жылдары М.Өтемісұлы атындағы Мәдениет және өнер институтының «Кітапханатану және библиография» факультетін бітірген. 2003-2010 жылдары аудандық кітапханада оқырмандарды қамту бөлімінде кітапханашы, 2011 жылы аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі, 2012 жылдан аудандық орталық кітапханасының оқу залы және оқырмандарды кітаппен қамту бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді. Көптеген ауданаралық, облыстық семинарларға, конференцияларға, зерделі кеңестерге қатынасып, аудандық басқармалардан алғыс хаттармен марапатталған.
Жардемова Зара Кайргалиевна 25 қаңтар 1971жылы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Орал қаласы С. Сейфуллин атындағы №11 мектебін тәмәмдады. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – кітапханатану және библиография
I санатты маман.
Аудандық маслихат депутаты, «Қисық – Қамыс» БПҰ ұйымының төрайымы, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы.
2011-2017 жылдар арасында Жаңақала аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы, 2017 жылдан Жаңақала аудандық орталықтандырылған оқырман қамту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Зара Қайырғалиқызы кәсіби жұмысымен бірге қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Соның ішінде партиялық жобаларды жүзеге асыруда бірненше республикалық байқауларға қатынасып, аудандық, облыстық жүлделі орындар иеленіп, облыс аралық өткізілген форумдарға, конференцияларға қатынасып отырады.
«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» және халықтың әл – ауқатын жақсартуға арналған бағдарламаларды насихаттауда елеулі іс – шаралар атқарды. ҚР Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауын үнемі талқыланып, белсенді жастар арасында дөңгелек үстелдер, зиялы қауым өкілдерімен ұйымдастырылған кітап тұсаукесерлерінің өтуіне үнемі атсалысып отырады. Көптің көңілінен шыққан, облыстық, ауданаралық деңгейлерде қорғалған «БИБЛИОТАКСИ» кітапханалық жобаның авторы. Барлық өткізілген іс – шараларды баспасөз беттеріне үнемі жариялап отырады.
Қазіргі таңда Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде оқырмандарды кітаппен қамту бөлімінде меңгеруші қызметін атқарады.
Бисенбиева Райгүл Дәуімқызы 1988 жылы Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Мұқыр ауылдық Жангелдин орта мектебінің бірінші сыныбына барған. 2003 жылы Маштексай ауылдық С.Меңдешов орта мектебін бітірген. 2004 жылы Құрманғазы атындағы саз колледжіне «Кітапханатану және библиография факультетіне түсіп, 2008 жылы бітіріп шыққан. 2009 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2010 жылы аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы, 2011 жылы оқырманды кітаппен қамту бөлімінің кітапханашысы, 2012 жылдан кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөлімінің кітапханашысы қызметін атқарып келді. 2016 жылдан аудандық кітапхананың оқырмандарды кітаппен қамту бөлімінің кітапханашысы.
Мұқанғалиева Гүлайым Қуанышқалиқызы 1980 жылы 2 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылдық округіне қарасты Мұқыр ауылында дүниеге кеген. 1987-1995 жылдары Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін негізгі мектебін, 1995-1997 жылдары С.Меңдешев жалпы білім беретін орта мектебін бітірген.
2002-2007 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Тарих, құқық негіздері мен экономика», 2014-2016 жылдары осы оқу ордасында «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алған.
2007-2014 жылдар аралығында Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Мұқыр ауылдық кітапханасында, 2014-2016 жылдары Жаңақала аудандық кітапханасының оқу залында, 2018 жылы кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімінде кітапханашы, 2018 жылдың қазанынан библиограф қызметін атқарып келеді. Облыс, аудан деңгейінде өткізілген әртүрлі семинарларға қатысып, тәжірибе алмасып отырады.
Кошетова Айнур Кадешовна 1977 жылы 13 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылында дүниеге келді.
1984-1994 жж. Ө. Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебін бітірді.
1996-2000жж. Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Кітапханатану және Библиография» факультетінде оқыды.
Еңбек өтілін 2003 жылы Жаңақала орта мектебінің кітапханашысы болып бастадым, 2007 жылы №3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің кітапхана меңгерушісі, 2017 жылы Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне ауысып оқу залына кітапханашы, 2018 жылы кітаппен қамту және жабдықтау бөлімінде кітапханашы, 2021 жылдан бері балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызмет атқаруда.
Мулдагалиева Гульбаршын Серікқызы 1965 жылы 4 қазанда Жаңақазан ауылында дүниеге келді. 1973 жылы С.М. Киров атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сыныбына қабылданып, 1983 жылы осы мектепті бітірді. 1983 жылы Орал қаласындағы Мәдени ағарту училищесіне оқуға түсіп, оны кітапхана ісі мамандығы бойынша 1985 жылы бітіріп шықты. 1985 жылы Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне библиограф мамандығы бойынша қызметке алынды. 1986 жылы Жаңақазан ауылындағы №10 филиалына кітапханашы болып жұмысқа ауыстырылды. 2007 жылы отбасы жағдайымен Орал қаласына қоныс аударып, қаладағы №44 мектеп гимназиясының кітапханасына кітапханашы болып жұмысқа орналасты.
2017 жылы отбасы жағдайымен Жаңақала ауданына қоныс аударып, Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне библиограф болып жұмысқа орналасып, күні бүгінге дейін осы салада қызмет атқарып келеді.
Серікова Салтанат Тұрарбекқызы 1996 жылдың сәуір айының 28-ші жұлдызы күні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылында дүниеге келді. Жаңақала жалпы орта білім беретін қазақ мектебін 2014 жылы мектеп бітірген. Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжіне «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2016 жылы атаулы колледжді «үздік» дипломмен бітірді. Кейін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Кітапханашы» мамандығын тәмандады. Еңбек жолын Пятимар ауылдық модельді кітапханасынан бастау алып, кейін Мұқыр ауылдық кітапханасында кітапханашы қызметін атқарды. Қазіргі таңда Аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы.
Нургалиева Айнур Сансызбаевна 1978 жылы 12 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Маштексай ауылында дүниеге келген. 1984 жылы С.Меңдешев атындағы мектепке барып, 1995 жылы бітіріп шықты. 2014-2016 жылдары Батыс Қазақстан Орал гуманитарлық коллледжінің кітапхана ісі мамандығын, 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан Технологиялық университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығын бітірді.
2015 жылы Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне уақытша шаруашылық меңгерушісі қызметіне қабылданды. 2017-2018 жылдары Жаңақала аудандық балалар кітапханасында оқырман қамту бөлімінде, 2018-2019 жылдары Жаңақала аудандық кітапханасында және 2019 жылдан бері Жаңақала аудандық кітапхана жанынан ашылған коворкинг орталығында кітапханашы міндетін атқарып, күні бүгінге дейін зағип және көзі нашар көретін мүмкіндігі шектеулі оқырмандармен жұмыс жасап келеді. Осы жылдар арасында аудандық кітапхана жанынан құрылған «1001 МАРЖАН» жобасымен және «Мәдени тынығу» клуб жұмысының жетекшісі қызметін атқарып келеді.
Қуанғалиева Айбарша Мұсақызы 1964 жылы қазан айының 10 жұлдызында Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мұқыр ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. 1972 жылы 1 қыркүйекте Мәстексай ауылдық С.Меңдешев атындағы орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1982 жылы 10 жылдықты тәмәмдап шықты. 1982-1985 жылдары Алматы қаласындағы байланыс техникумының көпканалды механигі мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1985-1992 жылдар аралығында мамандығым бойынша қызмет атқарды. 1992-жылдан отбасы жағдайына байланысты 1999 жылға дейін жұмыссыз отырды. 2001 жылы Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне кіші қызметкерлік жұмысқа қабылданды. Осы қызметпен қоса хатшылық қызметті атқара жүріп, компьютерлік сауаттылықты арттыру мақсатында толық курс бітіргені үшін сертификат, «Орал-Андас» оқу орталығынан «Дербес компьютерді пайдаланушы» курсын оқығаны үшін сертификат алды. Қызмет атқара жүріп, облыстық Құрманғазы атындағы колледждің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітіріп, 2016 жылдың желтоқсан айында кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөліміне ауысып, кітапханашылық қызмет атқаруда.
Карабасова Нуржиян Саташевна 1975 жылы қаңтар айының 3 жұлдызында Саратов облысы , Александров – Гай ауданы, Александров – Гай ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Сол жерде бірінші сыныпқа аяқ басып, 1992 жылы АСШ №2 мектепті тәмәмдап шықты.
1992 -93 жылы ПТУ №14 секретарь-машинистка мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1993 жылы Ресейден БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылына көшіп келді. 1993 жылы 20 қыркүйектен бастап Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылы, Факей елді мекенінде Абай атындағы негізгі мектепте орыс тілі және орыс әдебиет пәнінің мүғалімі болып жұмыс атқарып 1998 жылы аяқтады. 1995 жылы тұрмыс құрдым. 2007 жылы Жаңақала аудандық пошта байланыс торабының байланыс операторы қызметіне қабылданып, 2011 жылы жұмыстан жанұя жағдайына байланысты босатылды. 2016 жылы Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне кіші қызметкер қызметіне жұмысқа кірді. 2017 жылы хатшы-референт қызметіне ауыстырылды. Уақытша кітапханашы қызмет атқара жүріп, облыстық Құрманғазы атындағы колледждің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша 2019 жылы бітіріп шықты.
2019 жылы шаруашылық меңгеруші қызметін атқарды. 2021 жылдың қараша айынан бастап кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөлімінде кітапханашылық қызмет атқаруда.
Садырова Лунара Асылбекқызы 1999 жылы қараша айының 9-шы жұлдызында Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Маштексай ауылында дүниеге келді. 2006 жылы С.Меңдешев атындағы орта жалпы білім беретін мектебіне қабылданып, 2017 жылы мектепті аяқтады. 2017 жылы Құрманғазы атындағы саз колледжіне оқуға түсіп, 2019 жылы «Үздік дипломмен» бітірді. 2019 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін Маштексай ауылдық кітапханасында жастар тәжірибесінен өтті. 2020-2022 Жаңақала аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы қызметін атқаруда.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Жаңақазан ауылдық модельді кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1965
Аудан орталығынан арақашықтығы: 70км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 320 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 150кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 696
Кітап қоры: 16759
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Жаңақазан ауылы, 87114150-3-28
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Тулеугалиева Рауана Александровна
Жаңақазан ауылдық кітапханасы

Кітапхана тарихын бастамас бұрын аудан тарихы Жаңақазаннан басталғандықтан Жаңақазан кітапханасы тарихынан бастауды жөн көрдік.
Новая-Казанка, Жаңақала, Жаңақазан……. кішкентай ғана ауыл…..Бірақ мұнда тұнған тарихта, шежіре де мол.
Бұл шағын аппаратта жұмыс істейтін кадрлар болмай Н.Залиевке жүктелген. Сөйтіп 1919-1920 жылдары үгіт-насихат бөлімінен кішкентай бұрыш «Қызыл отау» құрылған. Мұнда газеттер, журналдар, листовкалар, плакаттар т.б. сауат ашуға арналған құралдар қойылған. Ауыл тұрғындары келіп сауаттанған. Кеңес үкіметі кезінде бұл пайда болған «Қызыл отау» кітапхананың ең алғашқы баспалдағы еді.
Тарихы тереңде жатқан кітапхана шежіресі осы «Қызыл отаудан» бастама алған. Жайлап көбейе түскен ауыл тұрғындарына «Қызыл отау» кішірек болып Жаңақазан аудан орталығынан арнайы кітапхана салынады. Бір жағы кітапхана, бір жағы парткабинет болады. Бұл ғимраттар 1930 жылы аудан құрылған кездерде мәдениет бөлімі, мәдениет үйі, аудандық кітапхана сияқты мәдени мекемелер бой түзей бастаған. Аудан кезінде көнекөз қариялардың айтуы бойынша мәдениет бөліміне Қойшекенов Бақыт аға басшы болған, ал кітапхана меңгерушісі Досалиева Уазипа, кітапханашылар Мағзомова Меңдеш, Талкеева Бибиғайша апайлар істеген.
Кітапхана шежіресінде ауылымызда ең үздік кітапхана атағын алып жұмыс істеген Хамзина Әмина апай еске түседі.
Хамзина Әмина Хамзақызы 1947 жылдың 1 қаңтарынан бастап кітапханаға кітапханашы болып, соңынан меңгеруші болып тағайындалған. Кітапхана қорын 900 кітаппен қабылдап алған апай зейнеткерлікке кітапханада жұмыс істеп шыққан. 1982 жылы Әмина апай зейнеткерлікке шыққаннан кейін Рафиха апай меңгеруші болып тағайындалған. Кітапханашы болып Молдағалиева Гүлбаршын апай келген.
1990 жылы комсомол жұмысынан ауысып осы селолық кітапханаға кітапханашы болып Құсайынова Бақыт орналасты.
Күні бүгін кітапханада 696 оқырманды кітаппен қамтамсыз етіп отырмыз. Кітап қоры 16759 соның ішінде қазақ тілінде 12412 дана.
2003 жылдан бастап балалар кітапханасы ашылды. Кітапханашы болып Айтқалиева Мейрамгүл қызмет атқарды.
Қазіргі таңда Жаңақазан ауылдық кітапханасында Тулеугалиева Рауана Александрқызы еңбек етіп келеді.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Жаңақазан ауылдық модельді балалар кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 2003
Аудан орталығынан арақашықтығы: 70км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 320 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 36кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 310
Кітап қоры: 5089
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Жаңақазан ауылы, 87114150-3-26
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Жумагалиева Акумит Адилгалиевна
Жаңақазан балалар кітапханасы
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Жангелді ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 2007
Аудан орталығынан арақашықтығы: 74км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 176 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы:16кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 96
Кітап қоры: 3590
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Жангелді ауылы, Қызылоба округі
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Нигметова Гулжамал Кенесовна
Жангелді ауылдық кітапханасы
Қайтадан ашылған жылы 2007
Аудан орталығынан арақашықтығы: 74км.
Аумағы:16кв/м
Тұрғын саны: 240
Оқырман саны: 219
Кітап қоры: 2802
Кітапханамыздың алға қойған мақсаттарының бірі кітап оқуды насихаттай отырып,адамзат бойындағы рухани жұтаңдыққа жол бермеу болып табылады.
Жангелді ауылдық кітапханасында қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау барысында «Атаның сөзі-ақылдың көзі»атты әдеби кеш оздырылды. Қазақ халқының төл мейрамы Наурызда «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізіңліп,Құда түсу,тұсау кесу, бесік той сахналық көрініспен насихаттадық. «Атамекен» бұрышы, «Ата салты-ардақты мирас» атты тұрақты көрме жасақталды.
Кітапханаға балаларды тарту мақсатында «Балаларға базарлық», «Бала тілі-бал» «Ойнайық та ойлайық», «Ұлттық ойын ұлағаты», «Әдеби күнтізбе», «Ертегілер елінде» атты тақырыптармен ашық көрме, қойылымдар, қызықты клубтар ұйымдастырылады. Кітапхананы насихаттау барысында «Өзін-өзі тану үшін кітап керек» атты кітап көрмесі ашылып, балалармен кітапханаға саяхат жүргізілді.

Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Жуалыой ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1982
Аудан орталығынан арақашықтығы: 95км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 345 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 36кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 200
Кітап қоры: 4249
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Жуалыой ауылы, Жаңақазан округі
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Махметова Асылай Сатыбалдықызы
Жуалыой ауылдық кітапханасы
Қазіргі таңда 5550 кітап қоры мен 200 оқырманға қызмет көрсетіп келеді. Кітапханашы Махметова Асылай Сатыбалдықызы қызмет етіп келеді.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Көпжасар ауылдық моельді кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 1975
Аудан орталығынан арақашықтығы: 12км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 262 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы: 150кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 686
Кітап қоры: 12552
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Көпжасар ауылы, 87114131-8-07
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Габдрахова Нургуль Оспановна
Кітапханашы:Даулетиярова Карима Дарханқызы
Көпжасар ауылдық кітапханасы
Көпжасар ауылдық кітапханасы 1965 жылы Жұбантөбе ауылында «Қызыл отау» болып ашылды. 1965 жылы Тілеккабулов Шапих, 1966 жылы Батырқайырова Бақыт, 1967 жылы Рахматуллина Қарпалар жұмыс жасаған ал 1968-1971 жыл аралығында кітапхана болып құрылып Даулетова Звайда, 1971-1980 жылдары Көшкенбаева Злиха, 1980-1982 жылы Бакенова Алтынсара ал 1982 жылдан бері Сүйіншқалиева Алма кітапханашы болып жұмысын атқарып келеді.Аудан орталығынан арақашықтығы- 12км. Аумағы- 150кв/м, тұрғын саны- 1646, оқырман саны- 1200, кітап қоры- 10410 дана.
2003 жылы ауыл жылына орай «Ауылым алтын қазынам» атты кеңес өтті. Кітапхананы жарнамалау мақсатында кітапханада «Жаңа кітаптар» атты тоқсан сайын көрме ұсыныс, жыл бойына тұрақты, сондай-ақ «Мерзімді басылым – ел айнасы» атты ашық көрме, жасөспірімдерді кітапханаға тарту мақсатында «Кітапхана еліне» кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
Ауданның 40 жылдығына байланысты «Туған жерім – тұнған шежіре» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кеште ауыл әкімі С.Боранбаев, ауыл ардагері С.Қойшығалиев, К.Есжанов, Ә.Ниязғалиев,С Рысқалиевтер қатысты. Жаңақала ауданы туралы ой пікірлерін ортаға салды.
Сүйінішқалиева Алма Сатқалиқызы 1961 жылы Жаңақала ауданы, Жуантөбе ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1980-1983 жылдары Жамбыл облысындағы мәдени-ағарту училищесіне түсіп, «Мәдени-ағарту қызметкері» мамандығын алып шығады. 1983 жылдан Көпжасар ауылындағы орталық кітапхананың меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша сырттай оқып бітірген. «Үздік еңбегі» үшін көптеген дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталған.
2020 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Қызылоба ауылдық модельді балалар кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 2001
Аудан орталығынан арақашықтығы: 70км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 180 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы: 12кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 290
Кітап қоры: 5466
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Қызылоба ауылы, 87114150-3-26
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Мурзагалиева Алтынай Гилимбековна
Қызылоба ауылдық балалар кітапханасы
Қайта құрылған жылы 2000,
Аудан орталығынан арақашықтығы: 70км.
Аумағы: 12кв/м
Тұрғын саны:501
Оқырман саны: 620
Кітап қоры: 4904
Кітапханашының басты мақсат міндеті елдің ұрпағын білім дариясына бағыттау үшін қызмет ету. Оқырман сұранысын қанағаттандырып, кітапханаға тарта білу. Кітап насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Кітапхананың жаңа келбетін қалыптастыру бағытты бойынша, экскурсия, көпшілік ақпарат жолдарымен оқырмандарды тарту. Мектеп кітапханасымен тығыз байланыс, көпшілік шаралар, кештерді бірігіп ұйымдастыруда.
Жазғы демалыс орталығына ертегілерден қойылым сайыс, байқау т.б танымдық ойындар өткізіліп, «Ертегілер әлемі сыр шертеді» атты қойылым көшпелі кітапханалар ұйымдастырылып тұрады. «Жаз да дос бол кітаппен», «Оқырман-2012» байқауы, «Жаз кітап оқу кезеңі» атты көрме жасақталып жаңа кітаптар насихатталды. Сондай-ақ балаларды халық ауыз әдебиеті арқылыкітап оқуға тарту мақсатында ойын-сұрақтар өткізілді.Сонымен қатар жазғы демалыс лагерьінде үш аусым бойынша, әр түрлі шаралар ұйымдастырылды. Әрбір кезекте мерекелік шаралар, танымдық ойында, сурет салу жарысы, және т.б. «Кім жүйрік», «Жұлдызды сәт», табиғат аясында, паркке саяхат жасап, «Орман патшалығына саяхат» ертегі бойынша көрініс ұйымдастырылды. Кітапханада мүгедек балаларға арнап, «Келіңіз бірге оқиық» атты бұрыш жасақталып, жаңа кітаптардан, ертегілерден, суретті кітаптарды апарып, таныстырамын.
Ауылымыздың мақтанышы Е.Ш.Орақбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші және ұрпақтармен кездесу кеші ұйымдастырлыды. Мектеп мұражайына саяхат жасалынып, «Ел бақытын өз бақытым деген ер» атты ашық тақырыпты көрме құрылды. Кездесу кешінің басты тақырыбы: «Отан деп соққан Ұлы жүрек» атты шарамен басталды. Шарада батырдың өмір жолы, ерлігі еңбектегі жемісі жылдары, батырға арналған арнау мен әндер айтылып, А.Бақтыгеереваның «Батырмен жүздесу», М.Ысмағұлұлының «Ардагердің алдын кесіп өтпеңдер» атты өлеңдерін кітапхана оқырманы З.Сейтқалиева нақышына келтіре орындады. Кеш барысында батыр атаның ұрпақтары, әкелері туралы өз ойларын әкелернің жақсы қасиеттерін, ерліктерін еске ала отырып кейінгі ұрпаққа ерлігін насихаттап айтып берді. Жиырма үш жасында батыр атағын алған атамыз, кең шарда табжылмастан 18 жыл қызмет атқарған батыр ағаның бір топ қызметтес жолдастары, яғни ардагерлер, оқырмандарға, жастарға, болашақұрпаққа еңбек жолындағы есте қалған әңгімелерін айтып өтті. Слайдпен батыр атаның естелік суреттері кино ретінде көрсетілді. Шара соңында кітап көрмеге шолу жасақталып, оқырмандарға насихатталды.
Мурзагалиева Алтынай Ғилымбекқызы 1971 жылы 13 желтоқсан айында дүниеге келген. 1988 жылы Қызылоба орта мектебін тәмәмдаған. Орал Мәдени ағарту училищесіне оқуға түсіп «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1991 жылы Жаңақала орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жабдықтау бөліміне кітапханашы болып алғашқы қызметін бастады. 1992 жылы Қызылоба балалар кітапханасы ашылып сонда жіберілді. 1999-2002 жылдар аралығында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетіндегі «Кітапханатану және библиография» факультетін 2002 жылы бітірген. Батыс Қазақстан облыстық Х.Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы директорының атынан «Қазіргі кезде ауыл кітапханасының жаңа бейнесін қалыптастыру» атты облыстық семинар тренингті табысты аяқтағаны үшін сертификат беріліп, Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мақтау қағазымен марапатталған. Міне күні бүгінге дейін Қызылоба балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарып келеді.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Қызылоба ауылдық модельді кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 1975
Аудан орталығынан арақашықтығы: 70км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 180 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы:150кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 550
Кітап қоры: 13496
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Қызыоба ауылы, 87114123-7-53
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Камиева Бакыт Умбетовна
Қызылоба кітапханасының тарихы.
1963 жылы үлкен поселкеге айналып, «Красногор» асыл тұқымды жылқы зуытына айналған. Еліміз тәуелсіздік алып, қазақшалағанда «Қызыл оба» атауын кері алды. Қызылоба ауылдық кітапханасы 1971 жылы ашылды. 1981 жылы аудандық орталықтандырылған кітапханга жүйесі болып құрылғаннан кейін, Қызылоба орталық кітапханасына қарасты Айтпай, Төртқұлақ, Қарақұдық атты кішігірім кітапханалары ашылды. Меңгерушісі болып 1971 жылдан 1991 жылға дейін Берлина Меңсұлу жұмыс жасаған.

1988 жылы Қызылоба ауылдық кітапханасы жаңа жобамен салынған мәдениет үйінің екінші қабатына көшірілді.
Берлина Менсұлу өзінің саналы ғұмырын кітапхана ісімен байланыстырып, ұйымдастырушылық қабілетімен ауыл мәдениетіне біраз үлес қосты. Мәдениет үйімен бірлесіп, жылжымалы кітапханасымен малшы ауылдарды аралап, оқырман қызығушылығын арттырумен қатар өзінің бойындағы актерлік қабілетімен ауылдың сүйіспеншілігіне бөленген жан. Өмірлік, іскерлік тәжірибесі мол осы жанды ауылдастары ерекше бағалайды. Өйткені ол ауылда атқарылып жатқан жақсы істердің жанашыры, ұйтқысы бола білді.
1991 жылы Берлина Меңсұлудың зейнеткерлікке шығуына байланысты, бұл кітапхананы қоры 7728 дана, 432 оқырманымен Кенжеғалиева Күләш қабылдап алды. 1992 жылы ауылдық кітапхана жанынан балалар кітапханасы ашылды. Оған кітапханашы болып 1991 жылы Орал мәдени ағарту училищесін бітіріп келген маман Мырзағалиева Алтын Ғилымқызы орналасты. Ол 2001 жылы Дәулеткерей атындағы өнер институтының «кітапханатану және библиография» факультетін сырттай оқып бітіріп шықты.

Камиева Бақыт Үмбетқызы 1972 жылы Қызылоба ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Жаңақала орта мектебін тәмәмдап, сол жылы Орал мәдени ағарту училищесіне оқуға түсіп, оны 1990 жылы «кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген. 1990 жылдың тамыз айынан бастап Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жабдықтау бөліміне редактор болып орналасты. 1992 жылға дейін сонда қызмет жасап осы жылы отбасы жағдайына байланысты Қызылоба мектеп кітапханасының кітапханашысы болып ауысты.1997 жылы қысқартылып, 2000 жылы «Мәдениетті қолдау» жылында берілген штаттан кейін 2001 жылдың қаңтар айынан бастап Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапханасының бірыңғай кітап қорын ұйымдастыру бөлімінің кітапханашысы болып жұмысқа орналасты. Одан кейін оқырман залының кітапханашысы, балалар кітапханасының кітапханашысы болып 2006 жылға дейін жұмыс жасаған.2004-2006 жылдар аралығында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі «кітапханатану және библиография»мамандығын сырттай оқып бітірген. 2006 жылдан күні бүгінге дейін Қызылоба ауылдық кітапханасының кітапханашысы. Ол өз жұмысында өлкетану бағытына көп көңіл бөліп «Туған өлке –тұнған шежіре» атты көрме жабдықтап, сол ауылдың директоры болған Е.Ш.Орақбаевтық 85 жылдығына «Ел бақытын өз бақытым деген ер» атты оның ұрпақтарымен кездесу кешін өткізіп, аты әлемге танымал болған «Сәуле» қыз-келіншектер бригадасының ұстазы, жетекшісі болған К.Темірғазиеваның 80 жасқа толуына орай мәдениет үйімен бірлесе отырып үлкен шара өткізуге дайындық үстінде. Оқырмандарға өз өлкесінің тарихын, болашақ ұрпақ мүддесіне қажетті деректерді насихаттау, өлкетану қорының құндылығын арттыруда жұмыстануда. Өз кітапханасынық кітап қорын сан қырынан танытып, оқырмандарға насихаттай отырып,кітапхананы үлгілі кітапханаға айналдыру үшін тырысып еңбек етіп келеді
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Қырқопа ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 1975
Аудан орталығынан арақашықтығы: 18км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 232 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы:50кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 473
Кітап қоры: 15171
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Қырқопа ауылы, 87114124-6-54
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Темиргазиева Анаргуль Сатыбалдиевна
Қырқопа ауылдық кітапханасы
2001 жылдан бастап Қырқопа ауылдық кітапханасында Темірғазиева Анаргүл қызмет атқарып келеді.

Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Маштексай ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 1975
Аудан орталығынан арақашықтығы: 35км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 185 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы:60кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 523
Кітап қоры: 11675
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Маштексай ауылы, 87114123-5-51
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Бактыгереева Актоты Насипкалиевна
Маштексай ауылдық кітапханасы.
1950-1965 жылға дейін Нарымбетов Қуан.
1965 жылдан 1980 жылға дейін З.Сатқанова.
Осы ауыл кітапханасында ұзақ жылдар кітапхана меңгерушісі болып Қаменова Жаңылсын Сапиоллақызы істеп келеді. Ж.Қаменова 1956 жылы Мұқыр ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Ақтөбе қаласындағы Мәдени ағарту училищесінің «Кітапханатану» бөлімін бітірген. Еңбек жолын 1975 жылы аудан орталығында бастаған. 1978 жылдарда Мұқыр ауылдық кітапханасында, 1980 жылдан бастап, күні бүгінге дейін Маштексай ауылдық кітапханасының балалар кітапханасының кітапханашысы болып қызмет атқарып келеді. Кәзіргі маштексай ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып 1986 жылы Орал қаласының мәдени-ағарту училещесін бітітіріп келген Бақтыгерева Ақтоты жұмыс істеуде. Ол 1986-1987 жылдары Красногор ауылының Айтпай бөлімшесіндегі жастар бригадасының кітапханасында кітапхана қызметін атқарған. 1988 жылы Маштексай балалар кітапхангасында істеген, 1989 жылдан күні бүгінге дейін Маштексай ауылдық кітапханасында жұмыс атқаруда. Кітапханада 9005 дана кітап қоры, 1050 оқырман бар. Кітапханада тұрақты кітап көрмелері, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып оқырмандарға насихатталып отырады. «Қазақстанның жаңа ғасырдағы қадамы» «Елбасы жолдауы – ертеңіміздің қамы», «Туы көкке шалқыған туған елім» т. б. Кітапханада оқушылардың тәлім-тәрбие беруде, салт-дәстүрге, тіл білімін дамытуда, кәзіргі жаңаша түрдегі шараларды өткізуде «Жас қыран» клубының мүшелерімен ұйымдастырған кештер оқырман көңілінен шығуда. Кітапхана тарихында сол кездердегі кітапханада қызмет еткендердің көбі бұл дүниде болмау себебінен, сол ауылдың көнекөз қариясы Дарғалиев Мұқас атайдан алынды.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Маштексай ауылдық балалар кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 2001
Аудан орталығынан арақашықтығы: 35км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 185 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы:50кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны:523
Кітап қоры: 5466
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Маштексай ауылы, 87114123-5-51
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Салимова Гульдана Темирхановна
Маштексай ауылдық балалар кітапханасының тарихы
Маштексай ауылдық балалар кітапханасы болып 2000 жылы қайтадан ашылды. Кітапханашы Каменова Жаңылсын Сапиоллақызының кітапханада еңбек еткеніне 38 жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдары Жаңылсын апай рухани қазынаның ақыл- ой әлеміндегі жол сілтеушісі бола білді. Кішкентай оқырмандарға қызмет көрсетуде ұйымдастыру шаралары және насихаттау жұмыстарында кітапхананың негізгі оқырмандары оқушылар мен мұғалімдерді, тәрбиешілермен тығыз байланыста бола білді. Кітапханаға келген әр оқырмандарды кітапханаға тартып «Сізге қандай кітап ұнайды?», «Ертегілер әлемі», «Кітапханамен танысу» әңгімелері өткізіліп тұрады.Әр оқырманның бойында Отансүйгіштік қасиеті дарытып, ел тарихын, ұлтжандылық пен адамгершілікке баулитын әдебиеттерді насихаттау жұмыстары жүргізілді. Балалар кітапханасында 2001 жылы «Тәуелсіз Қазақстан жайлы әдебиеттерді насихаттауда «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыпта әдеби сазды ертеңгілік, «Тәуелсіздік киелі халқым мәңгі сүйеді» әдеби сазды кеш, «Тәуелсіздік тамыры- тарих қойнауында» деген атпен әңгіме библиографиялық шолулар, 3-4 сынып оқушылары үшін әңгіме өтті. Таным сөздерді насихаттауда «Жүзден жүйрік» әдеби лото өткізілді. Маштексай ауылына қарасты «Көккөз» елді мекенінде «Достық» демалыс лагерінің демалушыларымен жылжымалы кітап көрмелері шығарылып, көптеген мәдени шаралар өткізілді. Ж. Каменова еліміздің мәдени игілігінің мол бөлігі болып табылатын кітап қорының сақталуына үлкен жауапкершілікпен қарап жыртылған кітаптарды өңдеп қатарға қосып оқырмандарға таратты. Ертегі, жұмбақ пен жаңылтпаштар, ойындарды оқытып насихаттауда «Ертегі әлеміне саяхат», « Мен оқыған ертегі, осылай сыр шертеді» кітап көрмелері, сурет көрмелері, «Кел, оқиық ертегі» дауыстап оқулар ұйымдастырылды. Жаңа басылым жайында «Ұланым, ақылшым, сырласым, сен» сұхбат кеші, «Балдырған оқып берейін» дауыстап оқулар өтті. «Кітап ауруханасы» үйірмесі жұмыс жасап кітаптарды өңдеуден өтуде. Балалар кітапханасы үнемі ауылдағы мектеп кітапханасы мен балабақшамен тығыз байланыста. Балабақшаға «Кел балақан оқимыз» жылжымалы кітап көрмелері апарылып таныстырылады. Балалар кітапханасындағы түрлі бағдарламалар «Жазғы оқу», «Мұхтар Әуезовті оқимыз» «Балаларға соғыс туралы кітап оқимыз» «Жаңақала өңірінің отбасылық оқырманы» «Жаз. Демалыс. Балалар» «Бір ел- бір кітап» акциясы, «Кітапхана мүгедек балаларға» бағытында көптеген түрлі шаралар өткізіліп оқырмандарды кітапханаға тарта білуде.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Мұқыр ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 1975
Аудан орталығынан арақашықтығы: 52км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 302 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы:30кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 214
Кітап қоры: 7294
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Мұқыр ауылы, Маштексай округі
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Шабакова Куралай Губайдоллаевна
Мұқыр ауылдық кітапханасының шежіресі.
Өлкетану табиғи және қоғамдық зерттеулер комплексі. Ол туған өлкенің табиғатын, халқын шаруашылығын, тарихы мен мәдениетін зерттейді. Өлкетанудың негізгі міндеті өлке жөнінде оның шаруашылығы мен мәдениетінің даму жөнінде білімнің артуына ықпал ететін түрлі ақпараттар жинақтау.
Кітапханалық өлкетану ғылыми жүргізілетін библиографиялық орталық болып табылады. Өлкетану жұмысының түрлі салаларын үйлестіре жүргізетін бірден-бір орын кітапхана. Ауылымыздағы осы кітапхананың алғашқы ірге тасын қалаған колхоз кезінде 1952-1954 жылдар аралығында Сариев Есболсын деген азамат кітапханашылық қызмет атқарған. Ол кездердегі кітап қоры 1500-дей кітап қорымен ашылған. Ол кезде кітапхананы «Қызыл отау» деп атаған. «Қызыл отау» бұқаралық мәдени-ағарту мекемесі деп есептелген. Ұлы Октябрь социалистік революциясы жеңгеннен кейін, 1921 жылы «Қызыл отау» мекемелері құрыла бастаған. «Қызыл отау» сауатсыздықты жою, малшылар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізу концерттер қою, сауық кештері мен мерекелік мейрамдар өткізу, қабырға газеттерін шығару, әңгіме өткізу, діннің реакциялық мәнін түсіндіру, түрлі мәселелерден анықтама түсінік беру. «Қызыл отау» жұмысына мұғалімдер, зоотехниктер, заң қызметкерлері, дәрігерлер қатыстырылды. Ол кездегі қоғамдық барлық жергілікті партия, комсомол кәсіподақ ұйымдары мен басқада басшылық етті. Бұл Мұқыр ауылында да «Қызыл отау» Ұлы Отан соғысынан кейін 1950 -1954 жылдары құрылған. Ол кездерде «Қызыл шайхана», «Қызыл отау», «Қызыл бұрыш» мәдени ағарту мекемесі ретінде оларды қоғам өміріне, еңбекке қатысуға тірбиелеу мақсатымен ауылдағы үгіт-насихат жұмыстарының ұйытқысы Сариев Есболсын болған.
1955 жылдан бастап осы ауыл азаматы Сатқанов Серікқали істеген, ол кезде кітап қоры 2500 дана болған. Серікқали ағай 1975 жылдың күзіне дейін қызмет істеген. 1976 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту техникумын бітірген Каменова Жаңылсын кітапханашы болып орналасқан. Сол кезде кітапхана қорында 3500 дана кітап болды. 1979 жылға дейін жұмыс жасады.1979-1982 жылға дейін Иманғалиева Роза сол кезде 4300 мың дана кітап қоры болған.1983-1988 жылдары Сейтқалиева Оңай істеген. 1989 жылы 5090 кітап қорымен Бекмуханова Аққатша 2007 жылдың қыркүйек айына дейін кітапханашылық қызмет атқарды. Ауыл жылына орай ұйымдастырылған «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» байқауына қатынасып облыстық III дәрежелі дипломымен марапатталды. Жаңақала аудан әкімінің «Тәуелсіздіктің 10 жылдығына» орай мақтау грамотасымен, сайлау жұмыстарында белсендңлік танытқаны үшін Қазақстан Респубикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Плантация ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 2008
Аудан орталығынан арақашықтығы: 52км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 290 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы:80кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 70
Кітап қоры: 3214
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Плантация ауылы,Пятимар округі
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Хамидуллина Жазира Данияровна
Плантация ауылдық кітапханасы
Плантация ауылдық кітапханасы 1980 жылы ашылған. 1981 жылы кітапханашы болып Абдулова Зәуреш қызмет атқарған. 1982 жылдан 1990 жылға дейін кітапханашы Қайыржанова Қымбат, 1990 жылдан 1993 жылға дейін Мұқамбетқалиева Қама, 1993 жылдан 1994 жылға дейін Айтқалиева Рима кітапханашы жұмысын атқарып, кітапхана 1994 жылы жаппай қысқарту кезінде жабылып қалды. 2008 жылдың қараша айында кітапхана қайтадан ашылып күні бүгін кітапханада Кубашева Марзия кітапханашы болып еңбек етті. 2020 жылы басқа жұмысқа кетуіне байланысты жұмыстан шықты. Осы уақыттан кітапханашы болып Хамидуллина Жазира Даниярқызы жұмыс жасап келеді.
Кубашева Марзия Мейрамгалиевна 1976 жылы 10 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Пятимар ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Пятимар орта мектебін бітіріп, 2008 жылы Орал гуманитарлық колледжіне түсіп, 2010 жылы аталған оқу орнының «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2008 жылдың қараша айынан бастап Плантация ауылдық кітапханасында кітапханашы қызметін атқарып келеді. Облыстық және аудан аралық зерделі кеңестерге қатысып, іс-тәжірибе алмасып, «Жаңа ақпараттық қоғамдағы ауыл кітапханаларының жаңа келбетін қалыптастыру» мақсатында өткен «Үздік кітапханашы» байқауына қатысып «Үздік ауылдық кітапханасы-2013» жүлдесімен марапатталған.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Пятимар ауылдық модельді кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 1975
Аудан орталығынан арақашықтығы: 45км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 210 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы:150кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 493
Кітап қоры: 16596
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Пятимар ауылы, 87114124-1-77
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Жулкашева Дария Кайыргалиевна
Пятимар ауылдық кітапханасы
Пятимар Жаңақала ауданындағы село, аудан орталығынан солтүстік шығысқа қарай 35 км жерде, Көшімнің оң жағалауында шөлейт белдемде орналасқан.
Пятимар ауылдық кітапханасы 1931 қызыл бұрыш болып құрылған, онан кейін қызыл отау, 1965 жылдан бастап Пятимар селолық кітапханасы болып жылы құрылған. Мәдениет үйі ғимаратының 150 кв.м көлеміне орналасқан.
1984 жыл 2 наурызда №20 филиалы Пятимар ауылына кітапханашы жұмысына Дүйсегалиева Зарима жұмысқа орналасып, кітапханада 22 жыл еңбек етіп 2006 жылы зейнеткерлікке шықты. Дүйсегалиева Зарима еңбек еткен жылдары кітапханада кітап қоры молайып, бөлімше орталықтарында да кітапханалар ашылды. Пятимар ауылдық кітапханасында Дүйсенғалиева Зарима 1984-2006 жылдар аралығында жұмыс жасады.
Пятимар ауылдық кітапханасында 2007 жылдан 2012 жылға дейін Мауытова Жанбике еңбек атқарды. 2012 жылдан бері қазіргі уақытта кітапханада Оборина Елена кітапханашы жұмысын жалғастыруда.

Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Салтанат ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 2006
Аудан орталығынан арақашықтығы: 32км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 282 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы: 12кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 161
Кітап қоры: 12510
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Салтанат ауылы, Көпжасар округі
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Габдрахова Нургул Оспановна
2019 жылы жабылды
Салтанат ауылдық кітапханасы
Аудан орталығынан арақашықтығы: 32км.
Аумағы: 12кв/м
Тұрғын саны:163
Оқырман саны: 161
Кітап қоры: 12510
2006-2011 жылдары Жолдыбаева Гүлжиян кітапханашы болып жұмыс жасады.Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі-кітапхана. Кітапхана барлық жаңалықты білуге ұмтылатын оқырмандардың табылар жері.
Бүгінгі ауылдың кітапханасы кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді, сонымен қатар қоғамдық мәдени орталық.
Салтанат ауылдық кітапханасында көптеген әдеби-сазды кештер, кітап көрмелері шығарылды.атап айтатын болсақ, «Ана тілі-жүрек үні», «Жыр шебері», «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі», «Әдебиет әлеміне саяхат» тағы басқа әдеби–сазды кештер өткізілді. Сонымен қатар «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте», «Өлеңі өмірінің сырласындай», «Халықтың ұлы,ұлт рухын оятқан қаламгер», «Туған жерім қазығың»,«Ата-заң айбынымыз», «Ұлы Абайды танытушы» сияқты кітап көрмелері шығарылды.
Кітапханашы болу оңай емес, оқырмандардың сұраулары әр түрлі, сан тақырыпта, солардың бәріне сұраған тақырыптарын тауып беруің керек.

Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Сарыкөл ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы: 1982
Аудан орталығынан арақашықтығы: 55км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 305 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 22 кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 250
Кітап қоры: 5327
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Сарыкөл ауылы, Жаңажол округі
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Казиева Марал Саржановна
Саркөл кітапханасының тарихы
1981 – 1984 жылдары Сариева Роза, 1986 – 2003 жылдары Оразғалиева Ділдә, 2003 – 2008 жылдары Даулетова Құралай ауылдық кітапханада халыққа қызмет көрсетсе, 2008 жылдан бастап Қожақова Бибигүл Темірғалиқызы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Кітапханатану – библиография» бөлімін 2004 – 2008 жылдары қызыл дипломмен бітіріп, еңбек жолын Саркөл ауылдық кітапханасында 2008 жылдан бастап атқарып келеді. Бүгінгі таңда кітапхананың 4379 кітап қоры, 380 оқырманы бар. Қазіргі таңда Саркөл ауылдық кітапханасында Қазиева Марал Сержанқызы жұмыс жасайды.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Үшкемпір ауылдық кітапханасы
Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы: 2001
Аудан орталығынан арақашықтығы: 50км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 300 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 22 кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 200
Кітап қоры: 4376
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына ақпараттық қызмет көрсету
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Үшкемпір ауылы, Бірлік округі
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Молдагалиева Жазира Ермековна
2019 жылы жабылды
Үшкемпір ауылдық кітапханасы
1962-1965 жылдары Үшкемпір ауылында «Қызыл бұрыш» ашылып, бұл жылдары Даулетова Роза кітапханашы болған. 1967 жылдары Темілова Хадиша, 1969-1972 жылдары Сабитова Мадина апайлардың еңбектерін елеусіз қалдыруға болмайды. 1972-1974 жылдары Ситқалиева Оңай еңбек етті. 1975 жылы Арыстанова Айман қызмет атқарды. 1995 жылы кітапхана жабылып, 2001 жылы Үшкемпір кітапханасы 2000 кітап қорымен қайта ашылып қазіргі таңда Молдағалиева Жазира қызмет атқарды.
2019 жылы халық санының азаюына байланысты кітапхана жабылып кітап қоры Бірлік ауылдық модельді кітапханасына қосылды.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Саралжын ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы: Мәдениет және спорт министірлігі
Құрылған жылы 2003
Аудан орталығынан арақашықтығы: 35км.
Облыс орталығынан арақашықтығы: 285 км.
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): биімді
Аумағы:50кв/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 70
Кітап қоры: 4179
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітаппен қызмет көрсету
Мекен- жайы және байланыс телефоны: Саралжын ауылы,Көпжасар округі
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Темирболатова Жанаргуль Сапаргалиевна
Саралжын ауылдық кітапханасы
1964 жылы құрылды. Кітап қоры 10 000 дана болған.
1964-1971 жылдар аралығында Сабыров Мұрат
1971-1977 жылдар аралығында Абуталиева Қалует
1977-1983 жылдар аралығында Абжанова Қайнекен
1983-1993 жылдар аралығында Көшалиева Үміт
1993-2011 жылдар Нұрмұқанова Галя осы қызметкерлер кітапханада жұмыс істеген.
1977 жылы қысқарту кезеніңде кітапхана жабылып, 2004 жылдың 26 мамыр айында мәдени мекемелердің қайта ашылуына байланысты қайтадан ашылды. 3450 кітап қорымен қамтылды.
Кітапханада содан бері жұмыс істеп келеді.
2004 жылдан бері Нұрмұқанова Галя осы кітапханада жұмыс істейді. 2005-2007 жылдары Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде «Кітапхана ісі» мамандығын алып, 2008-2010 жылдары «Кітапхана ісі» жоғары мамандығын бітірген.
Қазіргі заман талабына сай кітапханада жаңа әдебиеттер аудандық орталықтандырылған кітапханасынан әкелініп есепке тіркелуде. Оқырмандар сұранысын қанағаттандырып, көптеген іс шаралар ұйымдастырылып, ақпараттар насихатталуда. Кітапхана жаңа заман талабына сай жұмысын жалғастыра береді.
Сабыров Мұрат 1932 жылы 5 ақпанда Жуантөбе ауылдық округінде дүниеге келген. 1949 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Орал қаласына А.С.Пушкин атындағы қазақ мемлекеттік оқытушылар институтына оқуға кіріп математика – физика мамандығы бойынша 1951 жылы бітірді. 1952 жылы Саралжын елді мекенінде ауылдық кітапхана меңгерушісі болып жұмысқа тұрды. 1972 жылы Жаңаталап совхоз орталығына орта мектепке мұғалім болуына байланысты жұмысын алмастырды.
Балмулдин Мұхамбетжан Әлімұлы (1931-2001) 1931 жылы 14 сәуірде Жаңақала ауданы, Жуантөбе ауылдық кеңесіне қарасты «Қаншағыл» деген жерде дүниеге келген. 1951-1952 жылдары Жаңақала ауданына қарасты бөлімде хатшы, 1953-1956 жылдары Жуантөбе ауылдық кеңесіне қарасты Саралжын елді мекенінің бірінші бөлімшесінде (Қызыл отау) кітапхана меңгерушісі, 1956-1972 жылдары Көпжасар ауылдық кеңесінде хатшы, ауылдық кеңес төрағасы, 1971-1972 жылдары Көпжасар ауылдық кеңесінде хатшы, 1972-1973 жылдары Д.Нұрпейісова атындағы сегізжылдық мектеп жанындағы жатақхана меңгерушісі, 1973-1975 жылдары «Жаңаталап» қой кеңшарының №4 фермасында меңгерушісі, «Жаңаталап» қой кеңшары жұмысшылар комитетінің төрағасы, 1975-1986 жылдары Көпжасар ауылдық кеңесінде хатшы, 1986-1991 жылдары аудандық мемлекеттік қамсыздандыру бөлімінде агент, аудандық қаржы бөлімінің Көпжасар ауылдық филиалында жинақ банкінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне орай» мерекелік медалімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарімен марапатталған.
Абуталиева Халует Сапарқызы 1951 жылы 27 мамырда Жуантөбе ауыл советінде дүниеге келген. 1968 жылы Жаңақаладан Сакко орта мектебін бітіріп, еңбек жолына араласқан. 1968 жылдың қазан айынан бастап Көктау бөлімшесінде қызыл отау меңгерушісі болып жұмыс жасады. Содан кейін Саралжын кітапханасына жұмысқа ауысты. Жұмыс істеген жылдар ішінде Аудандық мәдениет бөлімінің бастығы, Н.Құрманалиева, Қ.Галиевтердің қолы қойылған грамоталар, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Баймағанбетов Кеңес Тастілеуұлы. 1957 жылы Жаңаталап совхозы Саралжын бөлімшесінде дүниеге келген. 1974 жылы орта мектеп бітірген. 1975-1977 жылдары Совет Армиясы қатарында, 1978 жылы автоклуб жүргізушісі мамандығын алдым. Саралжында кітапханашы қызметін атқарған. Маштексай, Жаңаталап, совхоздарында мәдениет үйінде методика бөлім меңгерушісі, 1991-2000 жылдар аралығында Көпжасар ауылында Жинақ Банкісінде, Халықтық Банкіде бас маман болып қызмет атқарған. Сурет салу, өлең жазу, мереке той, думан басқару жұмыстарымен шұғылданады. Жазған мақала, өлеңдері аудандық «Жаңарған өңір» газетіне жарияланған. Он жыл аудандық баспаханада фото кореспондент, автокөлік жүргізушісі, баспа машинасының маманы болған. 40 шақты өлеңдері бар.
Нұрмұқанова Галя Есқаққызы 1971 жылы 17 қаңтарда Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылында дүниеге келген. 1987-88 жылдары Орал қаласындағы «Киномеханик» курсын бітіреді. 1988-1993 жылдары Көпжасар ауылына қарасты Саралжын елді мекенінде мамандығы бойынша кино саласында қызмет атақарады. 1993-1997 жылдан бастап Саралжын ауылдық кітапханасында қызмет атқарады. 2005-2007 жылдары Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығын бітіріп шығады. 2007-2010 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша сырттай оқып бітіреді. Қазіргі таңда Саралжын ауылдық кітапханасында кітапханашы қызметін атқарып келеді. 2011 жылы Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты «Белсенді кітапханашы» грамотасымен марапатталған.