Жардемова Зара Кайргалиқызы 1971 жылы 25 қаңтарда Жаңақала ауданы Көпжасар ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Орал қаласы С.Сейфуллин атындағы №11 мектебін тәмәмдады. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – кітапханатану және библиография. I санатты маман. Аудандық маслихат депутаты, «Қисық – Қамыс» БПҰ ұйымының төрайымы, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы.
2011-2017 жылдар арасында Жаңақала аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы қызметін атқарған. 2017 жылдан Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқырман қамту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Зара Қайырғалиқызы кәсіби жұмысымен бірге қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.
Қазіргі таңда Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде оқырмандарды кітаппен қамту бөлімінде меңгеруші қызметін атқарады. Зара Қайырғалиқызы оқу мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін облыс, аудан әкімдігінің алғыс хаттарымен, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық, аудандық кітапханалардың алғыс хаттарымен марапатталды.
2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Жаңақала ауданы әкімі Д.Закариннің атынан «Үздік ұйымдастырушы» номинациясын иеленген.