Жармұқанов Манас Қайырұлы 1967 жылы 22 қаңтарда Орда ауданы, Бисен ауылына қарасты Жиекқұм елді мекенінде дүниеге келген. Б.Жәнекешев атындағы орта мектепті 1984 жылы бітіргеннен кейін, Алматыдағы С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түскен. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1988 жылы Орда аудандық «Орда жұлдызы», 1989жылы Жәнібек аудандық «Октябрь туы» газеттерінде тілші болып жұмыс істеді.
Аудандық «Бақыт сыйла еліме, жаңа ғасыр» ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері, ғұлама ғалым Ғұмар Қараштың 125 жылдығына орай ақынның туған жері Борсыда өткен ақындар мүшәйрасының жеңімпазы..
Манас Қайырұлының «Ғасыр аяғында», «Күрең құм, сенде арай күн», «Күз сағыныш», «Әйелдерде біз ұқпайтын бір сыр бар» т.б. өлеңдері жыр құмар қауымның іздеп жүріп оқитын жан азығына айналғанын байқаймыз.
Басылым беттерінде өлеңдерімен бірге әңгімелері де жарық көріп тұрады.
Құдіретті күй өнерін шебер меңгерген, алқалы ортада айтарын поэзия тілімен еркін өрнектейтін ақын Дәулеткерей Атауұлы Манасты: «Академик Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айтсақ, «аз жазса да саз жазады»» – деп бағалап, өлеңдегі сапары ұзақ болғай деп тілейді.
Қазіргі кезде Манас Қайырұлы кәсіпкерлікпен айналыса жүріп, қолынан қаламын тастаған емес.

Әдебиеттер:

Жармұқанов М. Жыр арқауы – желтоқсан: өлең // Октябрь туы. – 1991. – 20 желтоқсан. – Б.2 .
Жармұқанов М. Демалыс минутында: жыр шумақтар // Октябрь туы. – 1992. – 20 наурыз.
Жармұқанов М. Досқа наз: өлеңдер // Октябрь туы. – 1992. – 1 қаңтар. – Б. 3.
Жармұқанов М. Жырым бойдан өшкенде өшер соңғы тынысым: ақын Жаңғали Мырзалиев туралы сыр // Октябрь туы. – 1992. – 6 қараша. – Б. 2.
Жармұханов М. Сәрсенғали: Жалпақталдық ақын С. Бисеңғалиевтің күлкілі айтқандары // Октябрь туы. – 1996. – 22 маусым. – Б. 4.
Жармұханов М. Ақын зиратына барғанда: өлең ақын Ғ. Қараштың -125 жылдығына // Шұғыла. – 2000. – 30 қыркүйек. – Б. 4.
Жармұқанов М. Өлең өлкесінде: өмір дерек, өлең // Шұғыла. – 2000. – 19 ақпан.
Жармұқанов М. Әйелдерде біз ұқпайтын бір сыр бар: өлеңдер // Шұғыла – 2010. – 8 наурыз. – Б. 8.
Жармұқанов М. Комбат: жәнібектік жауынгер Дүйсенов Ажықан туралы // Шұғыла.- 2010. – 9 мамыр. – Б. 2.