Жергілікті жазушы, тарихшы Иосиф Игнатьевич Железнов 1824 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1836-41 жылдары Орал әскери училищесінде оқыған. 1844-46 жылдары Краснояр форпостында шекара шебін басқарды. 1852 жылы казак-орыс әскерінің офицері, кейін хорунжий. 19 ғасырдың 50-жылдары шығармалары жарық көріп, жазушы ретінде таныла бастайды. Оның «Оралдық қарт Василий Струняшев» повесі (1854-55), «Казактар өмірінің суреттемесі», А.С. Пушкиннің «Пугачев көтерілісі тарихы» туралы сын, «Пугачев жайында әңгіме-аңыздар», «Утва туралы» және т.б. очерктері кейіннен жазушының 3 томдық таңдамалы шығармаларына енді. 1858 жылы атаман А.Д. Столыпиннің тапсырмасы бойынша казак-орыстардың тарихын жазу үшін бірнеше рет Мәскеу архивтерінде зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 1863 жылы өзіне-өзі қол жұмсап, қайтыс болған.
Әдебиеттер:
Железнов И. Башкирцы: очерк // Москитянин. -1854. – №14.
Железнов И. Василий Струняшев: повесть// Москитянин. – 1854. – №18.
Железнов И. Сайгачники: очерк // Отечеств.записки. – 1856. – Т. 62.
Железнов И. Предания и песни уральских Казаков // Русский вестник. – 1859. – №3,4.
Железнов И. Сказания уральских Казаков // Библиотека для чтения. – 1861. – №2-3.
Железнов И. Отчего сайгаки покинули Урал. Аханное рыбаловство. Три Ивана. Харко: публикации // Простор. – 1994. – №1. – С. 197. – 216.
Железнов И. Уральцы. Очерки быта уральских казаков: полн.собр.соч. В 3 т. Репритное издание /под ред. Н. А. Бородина. – Уральск, 2006
*****
Железнов Иоасаф: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2002. – Б. 282.