Жетмекова Жаркынай Мухамбеткалиқызы 1967 жылы 5 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Сегізсай ауылында дүниеге келген. Білімі – арнаулы орта. 1986 – 1988 жылдары Орал мәдени – ағарту училищесінің «кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген, мамандығы –кітапханашы. Жалпы еңбек өтілі – 38 жыл, соның ішінде кітапханалық еңбек өтілі – 35 жыл.
Жарқынай Мухамбетқалиқызы 1988 жылы бітіріп, өз мамандығы бойынша туған ауылы Алмаз ауылдық кітапханасында кітапханашы қызметін аброймен атқарып келеді.
Күні бүгінге дейін өз мамандығының шебері ретінде танылып жүр. Барлық мерекелерге белсене араласып, өз үлесін қосуда. Кітапхана жұмысын мәдениет қызметкерлермен, мектеп педагогикалық ұжымымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аяасындағы іс-шараларды бірлесе өткізіп, оқырмандардың шығармашылық белсенділігін артыруға атсалысып келеді. Жергілікті баспасөз басылымдарына мақалалар жариялап тұрады. Жарқынай Мухамбетқалиқызы кітапханада өз өлкесін тану, оның тарихына шолу, оқырмандарына насихаттау бағытында көп жұмыстар жүргізе білді.
2004 жылы «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» байқауына қатысып, туған өлкеміздің тарихын тану, өлкетану қорын құнды дерекпен толықтыру жұмыстарын ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдері дамыту, бөлімінің басшысы Г.Жумагазиев, Шыңғырлау ОКЖ директоры Г.Ф.Қуанаеваның алғыс хатымен, 2011 жылы БҚО-ның мәдениет басқармасының Гайдар атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Өтешеваның алғыс хатымен, 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан обылыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Р.Исатаеваның алғыс хатымен, 2018 жылы мәдениет қызметкерлері күніне орай «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан обылыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлейменнің алғыс хатымен, 2018 жылы мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ауылдық кітапханалар арасында ұйымдастырылған аудандық «Рухани қазына» байқауының «Ізденімпаз кітапханашы» номинациясы бойынша Шыңғырлау ОКЖ директоры Г.Қуанаеваның дипломымен, 2018 жылы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткізілген «Қайран біздің әжелер, арды ойлаған» атты аудандық байқауында «Ұлағатты әже» номинациясымен Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыру дипломымен, 2019 жылы Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі күніне орай мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан үлесі үшін дипломмен, 2020 жылы Қазақстандық Кітапханалық Одақ атынан «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгілерімен сонымен қатар БҚО Мәдениет басқармасының, аудан әкімінің алғыс хаттары мен марапатталды.