Жиеналиева Ұрқия Кенжебайқызы 1978 жылы 1 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылында дүниеге келген. 1985-1995 жылдар аралығында Теректі ауданы, Ұзынкөл орта мектебінде оқыды. 1995 жылы Орал қаласының Дәулеткерей атындағы Мемлекеттік Өнер институтының «Кітапханатану және библиография» факультетіне оқуға түсіп, 1999 жылы тәмәмдаған. 2000-2004 жылдары Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде кітапханашы болып жұмысқа орналасты. 2004-2009 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінде кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2009 жылы облыстық кітапхананың кітап қорын толықтыру бөліміне кітапханашы болып жұмысқа қабылданып, 2016 жылдың ақпан айынан кітап қорын өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторының меңгерушісі, 2020 жылдан директордың жаңа технологияларды енгізу жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстарды атқара отырып, «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында өлке туралы әдебиеттердің сандық нұсқасын дайындау жұмыстарын ұйымдастырады.

Ұрқия Кенжебайқызы жаңа технологияларды енгізу, автоматтандырылған мәліметтер базасын жасақтау, ИРБИС автоматтандырылған бағдарламасымен жұмыс жүргізу, облыстық кітапхананың сайтында облыстық кітапхананың ақпараттық өнімдері мен ресурстарын оқырмандарға ұсынып отыру, кітапхана ісін алға дамытуға бағытталған әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу, кітапхананың ғылыми бағыттағы жұмыстарын ұйымдастыру, кітапхананың баспа өнімдерін дайындап, шығару жұмыстарымен жоғары деңгейде айналысып, ИРБИС автоматтандырылған бағдарламасы бойынша кітапхана мамандарына біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырып, машықтандырудан өткізді.

Ұ.Жиеналиева ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен (2018 ж.), ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасынан «Қазақстан кітапханалары альянсы» қоғамдық бірлестігінің «Халық құрметі» төсбелгісімен (2020 ж.) марапатталды. Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалімен (2021) марапатталған.