«100 маман» жобасы Батыс Қазақстан облысы бойынша кітапхана жүйесінің дамып, өркендеп, кітапханалық қордың қалыптасуына, каталогтар мен картотекалардың құрылуына, кітапханалық қызметтің жаңаруына айтарлықтай үлес қосып келе жатырған мамандар туралы деректерді қамтиды. Облыс кітапханаларының мамандары қасиетті қазынамызды көздің қарашы¬ғындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратуда абыройлы еңбек етіп келеді. Мамандарымыз өздері тұратын өңірдің білім, ғылым, өнер мен мәдениетінің дамуы¬на өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда. Біздің мамандарымыз эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өздерінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, парасатты, әрқайсысының орны өзінше бір бөлек.
Кітапхана саласы ақпарат және білім орталығы болғандықтан, сол ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте, жоғары ақпаратты біліммен қаруланған, өз ісінің шебері, әмбебап маман болу керек. Өңірлерде қызмет атқарып отырған жаңалыққа құмар мамандарымыздың бойында осы аталған қасиеттердің барлығы да бар.
Жоба туралы
просмотров: 60