Жобаның мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны насихаттау, цифрлы дәуірде қағазсыз технология басымдыққа ие болып отырғандықтан, оқырмандардың ақпарат көздеріне ашық әрі кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету, кітап оқуға деген ынтасын ояту.
Жобаның міндеті: «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тоғыз жолдың торабын қосатын Орал қаласындағы теміржол вокзалында, аэропортта, автобекетте көпшілік қызығып оқитын кітапты жаңа технологияны пайдалана отырып, QR – коды арқылы жүктеп, жол сапарында оқуға мүмкіндік беру.