Жолтаева Баян Ізбасарқызы 1974 жылы, 20-қаңтарда дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1992 – 1996 жылдары Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан Өнер институтының «Кітапханатану және библиография» бөлімін бітірген. 1996 жылдан бері Орал қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана филиалында еңбек етіп келеді. Жұмыс өтілі – 26 жыл. Баян Ізбасарқызы өз ісін жақсы меңгерген білікті маман. Осы жылдар ішінде ол балалармен, жастармен, зейнеткерлермен және мүмкіндігі шектеулі жандармен рухани-тәрбиелік маңызы бар шаралар ұйымдастырып келеді. Жастардың патриоттық сезімін ояту бағытында біраз еңбектеніп келеді. Баян Ізбасарқызы соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасауға көп көңіл бөліп келеді. «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, №15 мектеп – интернаты, № 12 А.Иманов атындағы жол – көлік колледжі, «Облыстық көру қабілеті бұзылған мектеп – интернаты», №2 Ж.Молдағалиев атындағы ЖОББМ, №32 №13 №33, №29 «Балауса» балабақшасы, № 33 «Орленок» балабақшасы, т.б. қоғамдық ұйымдармен белсене жұмыс жүргізіп келеді.
Баян Ізбасарқызы салмақты мінезімен, адалдығымен көзге түсіп жүр. Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен, тиянақты орындайды. Сондықтан да әріптестер арасында зор беделге ие.
«Ұлтымыз мақтанарлық ұлы мұра» мақаласы Жайық үні газетінде ағымдағы жылы жарық көрді. 2021 жыл, Нұр-Сұлтан қаласы министр А. Райымқұлова атынан еңбегі үшін құрмет грамотасы, 2020 жыл БҚО мәдениет басқармасының басшысы С. Дүйсенов атынан алғыс хатпен мен марапатталды.