Жұбанғалиева Нұрлы Рысбайқызы 1971ж Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы селосында дүниеге келген.
1992 жылы Орал мәдени ағарту училищесінің « Дирижер» мамандығы бойынша, 2007 жылы Құрманғазы атындағы саз колледжін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі – 33 жыл, саладағы еңбек өтілі – 33 жыл.
Еңбек жолын 1988-1989 жылдар аралығында Аққозы совхозының кітапханасында кітапханашы болып бастаған. 1992-2008 жылдары Қаратөбе аудандық балалар кітапханасында кітапханашы лауазымын, 2008-2016 жылдары балалар кітапханасының меңгерушісі лауазымын, 2016 – 2021 жылдары балалар бөлімінің әдіскері лауазымын, 2022 жылдан бастап кітапты өңдеу және толықтыру бөлімінің кітапханашысы қызметін атқаруда.
Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Балалар соғыс туралы кітап оқиды» акциясы аясында , «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы» фестивалінің өтуіне ат салысқан. Мұхит Мералыұлының 175 жылдық мерекесіне орай «Өнердегі Мұхит мұрасы мәңгілік» атты әдістемелік құрал, «Оқы да, биіктен көрін» атты кітапханалық жоба аясында Ш.Айтматовтың шығармаларын насихаттау мақсатында буктрейлер дайындап шығарған.
2011 жылы Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Құрмет грамотасы, 2016, 2017 жылдары Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының сертификаттары мен алғыс хаттары, 2018 жылы Қаратөбе аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Құрмет» грамотасы, 2019 жылы ауыл кітапханаларының бет-бедерін жаңарту, жаңғырту жолындағы кітапхана жүйесіндегі жұмыстары үшін аудан әкімінің алғыс хаты, 2020 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен наградталған.
Жұбанғалиева Нұрлы Рысбайқызы
просмотров: 31