Жұмақаев Исатай Төлегенұлы 1963 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. 1980 жылы Тайпақ ауданы, Калмыков орта мектебін бітіреді. Мектепті бітіргеннен кейін 2 санатты слесарь-сборщик болып, Орал механикалық зауытына жұмысқа орналасады. 1981 жылы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық институтын, зооинженер факультетіне түсуіне байланысты өз өтініші бойынша қызметінен босатылады. 1986 жылы институтты бітірген соң, Қаратөбе ауданының Саралжын совхозында №1 фермасында зоотехник болып жұмыс жасайды. 1988 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының ғылыми-зерттеу кеңесіне кіші ғылыми қызметкер болып орналасады. 1992 жылы кадрлардың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылады. Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 1992 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Көшірме техникаларының операторы болып жұмысқа кіріскен Исатай Төлегенұлы 2003 жылдан бері жаңа технология және электронды ресурстар бөлімнің жетекшісі.
Кітапхана ісін автоматтандыруға қатысты «РАБИС» бағдарламасын жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүргізуші Ұлттық кітапхананың осы қызметпен айналысатын қызметкерлерімен байланыс жасап, бағдарламаның үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жабдықтар мен бағдарламалық құралдарды пайдалану көрсеткіштеріне талдау жасайды. Облыстық кітапхана мамандарына бағдарламалық қамту мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек береді.
Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың Алғыс хаттарымен марапатталды. ҚР Ұлттық кітапханасы «Кітапхана ісінің үздігі » төсбелгісі (2021) және «Еңбек даңқы» төсбелгісімен (2022) марапатталды.