Жұмақаева Алия Бақытқызы 1963 жылы 11 тамызда Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылында дүниеге келген. 1970-1980 жылдары Тайпақ ауданына қарасты Краснояр орта мектебінде оқиды. 1983-1985 жылдары Орал мәдени-ағарту училищесінің «Кітапхана және библиография» бөлімінде оқып, бітіреді. 1985-1997 жылдар аралығында Тайпақ аудандық кітапхана жүйесінде әдіскер қызметін атқарады. 1995-1999 жылдары Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын «Кітапхана және библиография» факультетін бітіреді. 1999 жылы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың оқу залына кітапханашы қызметіне алынады. 2006-2018 жылдар аралығында осы сектордың жетекшісі қызметін атқарды. 2018 жылдан бастап кітап қорын сақтау бөлімінің жетекшісі.
Кітапхана қорының сақталуын, қордың пайдаланылуын, жұмыс сапасының жақсаруына, жаңа ақпараттық технология жетістіктерін енгізуге атсалысады. Жаңа кітаптарға сұраныс толтыру, жаңа келіп түскен әдебиеттерді қорға қабылдау, есепке алу, картотекаға тіркеу, талонға белгілеу, бөлімдерге тарату жұмыстарымен айналысады. Келіп түскен оқырман сұранысын жедел қанағаттандыру, өндірістік көрсеткіштерге талдау жасау, жұмыс жоспарларын, мәтіндік, статистикалық сараптама жасап, көрсеткіштерге талдау жұмыстарды және кітап қорын сақтау бөлімінің саласына қарай ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүргізеді.
Кітапхана саласының дамуына қосқан үлесі үшін Алия Бақытқызы ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен (2021) марапатталды. 2022 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.