Жұмашева Миргул Максимқызы 1965 жылы 19 мамырда Казталовка ауданы, Әжібай ауылының Қызыл ту елді мекенінде дүниеге келген.
1985-1987жж Орал мәдени-ағарту училищесі «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша, 2001-2004 жж. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығын тәмәмдаған. 1984-1985жж-Казталов ауданы Қызыл ту елді мекенінде –кітапханашы қызметін атқарды. 1985- 1987 жж Орал мәдени-ағарту училищесінде кітапханашы мамандығын бітіріп шыққан.
1987-1989жж Казталов ауданы Қызыл ту елді мекенінде –кітапханашы қызметін атқарды. 1989-1993ж Шежін мәдениет үйінде –аккомпаниятор қызметін, 1996 жылдан бүгінгі күнге дейін Тасқала ОКЖ-нің Шежін ауылдық модельдік кітапхана меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Миргул Максимқызы аудандық және облыстық байқауларға қатысып, алғыс хат және дипломдармен марапатталды. «Ауыл энциклопедиясы –Шағын Отан» байқауына қатысып «Үздік өлкетанушы-кітапханашы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында өткізілген аудандық «Үздік Жұбантанушы» байқауында (2010 жыл) жүлделі ІІ орын, Тасқала ауданының 80 жылдығына арналған кітапханашылардың өлкетану бағыты бойынша шығармашылық байқауына қатысып, жүлделі ІІ орын, «Кітапханалық бастамалардың жұлдызды фестивалі» аудандық байқауына (2015 ж.)қатысып жүлделі ІІІ орын, «Мерейлі отбасы -2015» байқауына қатысып, аудандық жүлделі І орын, Облыстық «Мерейлі отбасы -2015» байқауында ІІІ орын, аудандық «Өнегелі ене мен ибалы келін» атты байқауында (2017 жыл) бас жүлде, Батыс Қазақстан облысытық мәдениет басқармасы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Бесік жыры – халық даналығы» тақырыбындағы облыстық сторителлингке белсене қатысқан үшін «Алғыс хат» 2021 жыл, және 2019 жылы «ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕР»төсбелгісімен марапатталды.