Абай күні құтты болсын!
Абай күні құтты болсын!
Құрметті оқырмандар!
Биылғы жылы Үкімет қаулысына сәйкес 10 тамыз Мерекелік даталарға енгізіліп Абай күні болып бекітілді. Абай күні құтты болсын! Абайдың дүниеге келген күнін әр жыл сайын ерекше еске алып, кемеңгер ұлы ақынның қасиетті аруағына тағзым етіп, құрмет көрсету – қадірлі дәстүріміз. Жыл сайынғы дәстүрге сәйкес Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Абай алаңында «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты поэзиялық сағат өткізді. Тағылымды шарада облыс әкімі Ғали Есқалиев, ақын Ақұштап Бақтыгереева, өлкетанушы Жайсаң Ақбай және ақын Айтқали Нәріков Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мерекелік шарада БҚО әкімі Ғали Нәжимеденұлы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева сөз сөйлеп, жиналғандарды Абай күнімен құттықтады. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі А.Қайырханов Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындаса, №32 орта мектептің 8 сынып оқушысы Т.Костина ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Шара барысында А.Құнанбайұлының қара сөздері жазылған ескерткіш тастармен қала әкімі Абат Абайұлы таныстырды. Шарада сақтық шараларын сақтап, зиялы қауым өкілдері мен «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары қатысты.
Шара аяқталғаннан кейін облыстық кітапханада облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев «Абай оқулары» байқауының жүлдегерлерін облыс әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Әлеуметтік желіде кітапханамен бірге болайық!
https://www.facebook.com/zkolibr/
https://www.instagram.com/oblystyqkitaphanasy/
https://www.zkolib.kz/
Добавить комментарий