Жазушы-журналист Бауыржан Ғұбайдуллин 1965 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Шағатай ауылдық кеңесіне қарасты Қызылжар ауылында дүниеге келген.
Бауыржан Ғұбайдуллин Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарады. Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1993 жылы бітірген. «Зерде», «Ақ желкен»», «Қазақ әдебиеті», «Алтын Орда», «Айқын» сынды республикалық газет-журналдарда қызмет істеген.
Бауыржан Ғұбайдуллин «Күн бала», «Жиһанкез Ақкербез» атты кітаптары шыққан. Сондай-ақ кейбір шығармалары «Ақ желкен», «Балбөбекке бәсіре» ұжымдық жинақтарына енген.

Әдебиеттер:

Ғұбайдуллин Б. «Жиһанкез» Ақкербез. – Алматы: Экономика, 2009. – 64 б.
Ғұбайдуллин Б. Күн-бала: өлеңдер, жұмбақтар. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2001. – 36 б.
Ғұбайдуллин Б. Жаныма жақын жағалау: публицистикалық мақалалар. – Орал: Полиграфсервис, 2014. – 428 б.
Ғұбайдуллин Б. Ұлы далаға қазақтың саны сай болуы шарт: сұхбаттасқан Анар Лепесова // Түркістан. – 2017. – 13 сәуір. – Б. 9.

*****

Ғұбайдуллин Бауыржан: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2010. – Б.221.
Ғұбайдуллин Бауыржан: өмірдерек // Қос газеттің тарихы: меретойлық жинақ. – Орал, Жайық Пресс, 2013 . – Б.105.