1967 жылдан бері Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша еске алынатын және аталып өтілетін күндер» тізбегін шығарып келеді.
Библиографиялық құрал екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – «2026 жылы аталып өтетін және еске алынатын күндер» және «Күні мен айы белгісіз атаулы күндер»; екінші бөлімде – «Атаулы күндерге қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі» берілген, олар (*) белгісімен белгіленеді.

Бұл көрсеткіш өлкенің саяси, тарихи және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларды қамтиды.
Көрсеткіштің мақсаты – өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне, мәдениет, білім мекемелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына өлкетану әдебиетін насихаттауға көмек беру.

Көрсеткіште негізгі атаулы күндер мен оқиғаға қатысты адамдардың өмір жолдары мен шығармашылығына арналған шығармалардың, жұмыстардың библиографиялық тізімі қоса берілген анықтамалар бар. Бірқатар атаулы күндер бойынша өткен жылдарда шығарылған құралдарға сілтеме жасалынды.

Атаулы күндерді анықтау және нақтылау Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның анықтамалық-библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді.
Басылымның соңына есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген. Атаулы көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының шығаратын «Айтулы және атаулы күндерінің тізбесіне» өлкетанулық қосымша болып табылады.
Облыстық кітапхана өлкетанушылар, облыс жұртшылығы, мекемелер мен ұйымдардан келесі ұсынылатын құралдарды шығаруға материалдар жолдап, көмек беруіңізді өтінеді.

Басылымның мазмұнын жақсарту жөніндегі ой-пікірлеріңізді, ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауыңыз сұралады:

090000 Орал қаласы, Карев көшесі, 47 үй,
Ж. Молдағалиев атындағы БҚОӘҒК
Телефон: +7(7172)50-35-09; 50-75-49
E-mail: uralsk_library@mail.ru
info@zkolib.kz

Қаңтар
  • 1 қаңтар – Нұрпейісова Дина, күйші-композитор, қазақ музыка  мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық артисі, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 165 жыл (1861-1955) / Қараңыз: «2021 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі».
  •  *1 қаңтар – Иргалиев Сағынғали Мағзомұлы, тыл ардагері, елдің дамуына үлкен үлес қосып, ерен еңбек еткен, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1926-1990).
  •  *5 қаңтарСыдықов Мұрат Наурызғалиұлы, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Орал қаласының тумасы, туғанына 70 жыл (1956).
  •  7 қаңтар – Майданов Қайырболат Сайынұлы, Кеңес-Ауған соғысына қатысқан, Кеңес Одағының Батыры атағын алған Сырым ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1956-2000) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…..».
  •  7 қаңтар – Плясунков Иван Михайлович, Азамат соғысының батыры, облыста Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрескер, туғанына 130 жыл (1896-1921).
  •  8 қаңтар – Дегитаева Людмила Дәулетқызы, Мәдениет қайраткері, 1963-1968 ж.ж. Жәнібек ауданының кітапхана меңгерушісі, тоқсаныншы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің архивінің директоры болған, туғанына 80 жыл (1946).
  •  *10 қаңтар – Шынтемір Гүлжиян Хафизқызы, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1951).
  •  *14 қаңтар – Есімов Сұпығали, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1926-2021).
  •  *14 қаңтар – Сүлеймен Серік Кенжебекұлы, ғалым-агроном, қоғам қайраткері, Батыс Қазақстан облыстық маслихат
  • депутаты, Сырым ауданының тумасы, туғанына 70 жыл  (1956).
  •  15 қаңтар – Артығалиев Шолақ,  қоғам қайраткері, 1937-1938 ж.ж. Батыс Қазақстан облысының  партия комитетінің І-хатшысы болған, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1911-1990).
  •  15 қаңтар – Жапақов Ерсайын Қайырлыұлы, журналист, суретші, әуесқой композитор, Бөкейорда ауданының Байқұтты ауылдық орта мектебінің түлегі, туғанына 65 жыл  (1961) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…..».
  •  15 қаңтар – Жиганов Назиб, татар композиторы, СССР халық артисі, СССР Мемлекеттік сыйлығың ІІІ мәрте лауреаты, Социалистік Еңбек Ері, Орал қаласының тумасы, туғанына 115 жыл (1911-1988) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…..».
  •  15 қаңтар – Танабаева Сара Есқайырқызы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, өлкетанушы, музей саласының ардагері, Сырым ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1941) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…..».
  •  *18 қаңтар – Ғұбашев Шайсат (Шайдулла), әнші, термеші, Казталов ауданының тумасы, туғанына  100  жыл (1926-2007).
  • *23 қаңтар – Иманғалиев Абай Сәтиұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, білікті басшы, Тасқала ауданының тумасы, туғанына  75 жыл (1951-2013).
  •  25 қаңтар – Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының ашылғанына 60 жыл (1966), Батыс Қазақстан облыстық филармонияға Ғ.Құрманғалиев есімі берілгеніне 30 жыл  (1996) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…..».
  • Қаңтар Карелин Григорий Силыч, орыс саяхатшысы, зерттеуші, 1827-1828 ж.ж. Батыс Қазақстанға саяхат жасап, Бөкей ордасының картасын жасаған,  туғанына 225 жыл (1801-1872).
Ақпан
<

  • *2 ақпан – Әжіғұлов Қуандық Мұхтарұлы, инженер-механик, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1951-2012).
  •  2 ақпан – Қарпыкова Ғалия Әбділқадырқызы, Қазақстан Республикасының Президенті архивінің тұнғыш директоры, Казталов ауданының тумасы,  туғанына 85 жыл (1941).
  •  *9 ақпан – Байболатов Айғали Балиұлы, Еңбек және Ұлы Отан соғыс ардагері, Байтерек ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1926-2003).
  •  11 ақпанҚұрманғалиев  Роберт Мұсанұлы, ғалым-маман, геолог – минерология ғылымының докторы, Орал қаласының тумасы, туғанына 90 жыл (1936-2010) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…..».
  • *16 ақпан – Ізбасаров Борис Ізбасарұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ардагері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1951-2021).
  • 18 ақпан – Есламғалиұлы Мұқадес, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Сырым ауданының тумасы,  туғанына 80 жыл (1946-2004) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…..».
  • 22 ақпан – Төлеуғалиев Тайман  Мұсағалиұлы, ғалым, биология ғылымының докторы, профессор, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1931-2019).
  • 22 ақпан – Жаңақала аудан орталығында Дина Нұрпейісова атындағы өнертану мұражайының ашылғанына 35 жыл (1991).
  • 25 ақпан – Өтекешева Меруерт Қаратайқызы, кино және театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1951) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…..».
  •  27 ақпан – Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы жанынан Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің құрылғанына 25 жыл (2001).
  • 28 ақпан – Жексенбаев Шәкір, әскери қайраткер, генерал-майор, Бөкейорда ауданының тумасы,  туғанына 125 жыл (1901-1988) /Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…..»).
  • 28 ақпан – Сейтақ Айбатыр Самиғоллаұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Бөкейорда ауданының тумасы,  туғанына 60 жыл (1966).
Наурыз
  • 1 наурыз – Жұбанышәлиев Айташ, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 120 жыл (1906-1991).
  •  5 наурыз  – Әлесов Хабиболла Мақсотұлы, ақын, әнші-сазгер, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1951-2010) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…..».
  • 4 наурыз – Стрижаченко Алексей Аврамович, Кеңес Одағының Батыры, Теректі аудандық тұтынушылар қоғамының төрағасы болған, туғанына 115 жыл (1911-1989) / Қараңыз:«2016 жылғы БҚО бойынша…..».
  • *5 наурыз – Садықов Сағит Бөкеұлы,  әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,  Казталов ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1926-1994)
  •  7 наурыз – Ақжайық аудандағы №10 Тайпақ кәсіптік мектебінің ашылғанына  65 жыл (1961)
  • 14 наурыз – Акопян Константин Арутюнович,  ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор, Батыс Қазақстан облысында қазақтың ақбас сиырын жетілдіру жұмысын басқарған, туғанына 125 жыл (1901-1974).
  • *19 наурыз – Қажымов Қырымгерей Қажымұлы, дирижер, композитор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері, Теректі ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1946-2021).
  • 20 наурыз – Молдағалиев Қалиолла, домбырашы, Күйшілер одағының мүшесі, Еңбек ардагері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1946).
  • 21 наурыз – Әйтиев Әбдірахман, мемлекет қайраткері Теректі ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1886-1936) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…..».
  • 26 наурызҒұсманов Болат Ғұсманұлы, агроном, қоғам қайраткері, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1941-2021).
  • *26 наурызКоротин Евгений Иванович, өлкетанушы, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Орал қаласының тумасы, туғанына 100 жыл (1926-2012).      
  • *30 наурыз – Ықсанов Мұстахым Біләлұлы, мемлекет және қоғам қайраткері,  1975-1986 жылдары Орал облысы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) партия комитетінің бірінші хатшысы болған, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1926-1991).
  • 31 наурыз – Почиталин Ефим Петрович, Азамат соғысының батыры, Орал қаласы қорғанысының қатысушысы, туғанына 145 жыл (1881-1921).
Сәуір
  • 1 сәуірДосаханов  Әлихан Хамзаұлы, ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Казталов ауданының тумасы,  туғанына 80 жыл (1946).
  •  1 сәуір – Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының құрылғанына 65 жыл (1961) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша….
  • 9 сәуірАхметов Сатыбалды Ыбырайұлы, еңбек ардагері, қоғам қайраткері, Қаратөбе және Шыңғырлау ауданының Құрметті азаматы, Казталов ауданының тумасы,  (1936-2019).
  • *10 сәуір Рахметов Қанатқали, әуесқой композитор, актер, Сырым ауданының тумасы,  туғанына 100 жыл (1926-1991).
  • 10 сәуір – Хасанов Құбайдолла Хамзаұлы, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Байтерек ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1946) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…..».
  • 12 сәуір – Жұмағалиев Задан Тасқалиұлы, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 90 жыл  (1936-2024).
  • 12 сәуір – Орал политехникалық колледжінің (№4 кәсіптік техникалық училищесі) ашылғанына 70 жыл (1956).
  • *14 сәуір – Өтешева Звайда Бисенқызы, Қазақстан Республикасы «Мәдениет қайраткері», ұзақ жылдар бойы Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасын басқарған, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 65 жыл (1961).
  • 15 сәуір – Бөкейханов Ғабдол-Хакім Нұрмұхамедұлы, күйші, мемлекет қайраткері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1896-1938 / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша….».
  • 16 сәуір – Ниязов Мирахмет (Ахмет) Жүсіпұлы, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, 1935-1943 жылдары республикалық оба ауруына қарсы күресу стансасының дәрігері болған, Казталов ауданының тумасы,  туғанына 135 жыл (1891-1943).
  • 18 сәуір – Кәрімов Мұрат Әбілқайұлы, ғалым-онколог, медицина ғылымының докторы, профессор, Сырым ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1931-2023).
  • 23 сәуір – Бядуля  Змитрок, Орал қаласында жерленген беларус ақыны, туғанына 140 жыл (1886-1941) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…..».
  • 24 сәуір – «Хаймат» Орал неміс мәдени-ағарту» қоғамы қоғамдық бірлестігі, құрылғанына 35 жыл (1991).
  • 26 сәуір – Тоқай Ғабдолла, татар ақыны, публицист, әдебиет сыншысы, 1895-1907 ж.ж. Орал қаласында тұрған, туғанына 140  жыл (1886-1913) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…..».
Мамыр
  • 1 мамыр – Дүйсенғалиев Рысқали, қазақтың алғашқы фото-кино журналистерінің бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1916-2006).
  •  1 мамыр – Жиенбаев Сейіл Сарықұлы, қазақ тілін оқыту әдістемесін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан ғалым, филология ғылымының кандидаты, Бөрлі ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1896-1945).
  •  5 мамыр – Жаданов Сәбит Қайырұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 95 жыл  (1931-2021) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…..».
  • 6 мамыр – Бекмұхамедова Хадиша Жарасқызы, жергілікті ісмер, ұлттық өнер шебері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1896-1978).
  • *6 мамыр – Шалабаев Болат Ыбырайұлы, әуесқой композитор Шыңғырлау ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1936-1996).
  • 13 мамыр – Сейтімов Айбар Ғалымұлы, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 65 жыл (1961) / Қараңыз:«2021 жылғы БҚО бойынша…..».
  • 15 мамыр – Есенғұлов Ғұмар Қожахметұлы,  Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың жоғары білімді алғашқы дәрігерлерінің бірі, Орал қаласының тумасы,  туғанына 140 жыл (1886-1930) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…..».      
  • *20 мамыр – Ғұбайдуллин Амангелді, әнші, термеші, Сырым ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1951-1996).
  • 20 мамыр Құспанова Роза, қобызшы, ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері, ҚР Мәдениет қайраткері,  Казталов ауданының тумасы, туғанына 90  жыл (1936)
  • 25 мамыр – Оразалыұлы Сейтек,   күйші, қазақ халқының композиторы, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 165 жыл (1861-1933) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…..».
Маусым
  • *4 маусым – Шәкімов Болат Әдиетұлы, қоғам қайраткері, Тасқала және Бөрлі аудандарының «Құрметті азаматы», Ресей Жазушылар одағының мүшесі, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1956).
  •  14 маусым – Макеев Леонид Владимирович,  жазушы, аудармашы, журналист, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 1987 жылдан өмірінің сонына дейін Орал қаласында тұрған, туғанына 115 жыл (1911-1993).
  •  14 маусымШомбалов Тайыр Көкешұлы, ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Казталов ауданының тумасы,  туғанына 120 жыл (1906-1980).
  •  20 маусым – Қожанбаев Табиғат Төлемісұлы, суретші-қолөнерші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 60 жыл (1966).
  •  20 маусым  –  Сүндетов Жасқайрат Сүндетұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1941) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…..».
  •  *22 маусым – Ағелеуов Есенбай,  ғалым, педагог, биология ғылымының докторы, профессор,  1979-1985ж.ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры болып қызмет атқарған, туғанына 90 жыл (1936-1996).
Шілде
  • 5 шілде  – Балабасов Кенжеғали, әнші, айтыскер ақын, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1941-2018) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…».
  •  *12 шілдеҚалмурзин Меңдіғали Қамешұлы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Тасқала ауданының тумасы (1926-2019)
  •  *15 шілдеЛұқпанов Сұлтанғали Қадырғалиұлы, күйші, композитор, отбасылық ансамбльдің ұйымдастырушысы, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1926-2005).
  • 18 шілде – Лилекова Валентина Григорьевна, мұғалім, Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, 1987-2013 жылдары облыстық № 69 орта мектебінің (қазіргі Ақсай қаласындағы № 5 орта мектеп) директоры, Бөрлі ауданының құрметті азаматы, туғанына 70 жыл (1956-2013).
  • 19 шілдеБлинский Анатолий Данилович, жазушы, журналист, Орал қаласының тумасы, туғанына 90 жыл (1936).
  • 22 шілде – Баймұқашев Юрий Дүйсенғалиұлы, мүсінші,  Байтерек  ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1941-2012) / Қараңыз: «2001 жылғы БҚО бойынша…».
  • *24 шілде – Сапаров Ерсайын Қадырұлы, ардагер ұстаз,  1989-2016 жылдары С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры болған, Орал қаласының «Құрметті азаматы», Казталов ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1946).
Тамыз
  • 2 тамыз – Мерәліұлы Мұхит, атақты әнші, композитор, ақын Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 185 жыл (1841-1918) /Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…».
  • 4 тамыз – Маданова Маргарита Хамитқызы, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 65  жыл (1961) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…..».
  • *4 тамыз – Шарабасов Серікқали Ғабдешұлы, әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1946-2016).
  • *10 тамыз – Батырханов Айдар Тапашұлы, мәдениет саласының ардагері, қоғам қайраткері, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ БҚО филиалы төрағасы, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1951).
  •  22 тамыз – Ахметқалиев Саламат Ғұмарұлы, ғалым, медицина ғылымының докторы,  Бөкейорда ауданының тумасы,  туғанына 90 жыл (1936-2005).
  • *24 тамыз – Сердалиев Мағаз Қабдешұлы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қазталов ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1926-2007).
  • *28 тамызЖұмағалиев Ерболат Мұхтарұлы, облысқа танымал экономист, қоғам қайраткері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1946-2011).
  • 29 тамыз – Орал қаласындағы №7 жалпы білім беретін орта мектептің құрылғанына 90 жыл (1936).
Қыркүйек
  • 5 қыркүйек – Боранғалиұлы Тілекқабыл, журналист, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1951) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…..».
  •  *5 қыркүйек – Есқалиев  Нәжімеден Ықсанұлы, мемлекет және қоғам  қайраткері, дипломат,  1992–1993 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болған, туғанына 85 жыл (1941-2023).
  •  *6 қыркүйекШәмелов Тұяқберді Қажыгерейұлы, күйші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі, Бөкейорда ауданының  тумасы, туғанына 75 жыл (1951-2012).
  •  7 қыркүйекКөбейсінов Кәкен, қоғам қайраткері, еңбек ардагері, КСРО халықтық бақылау комитетінің еңбек сіңірген қызметкері, ядролық-ракеталық сынаққа қарсы «Нарын» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына  95 жыл  (1931- 2019) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…..».
  •  12 қыркүйек – Кульпин Сергей Павлович, журналист, Орал қаласындағы аймақтық ірі жарнамалық-ақпараттық «Информбиржа» газетінің бас редакторы, туғанына 75 жыл  (1951) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…..».
  • *13 қыркүйек – Тарасенко Елена Ивановна, мемлекет және қоғам қайраткері, педагог, 1994-2004 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары болған, туғанына 70 жыл (1956).
  •  15 қыркүйек – Қашқынбаев Иса Таумышұлы, Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1891-ө.ж.б).
  •  15 қыркүйек – Мұқамбетқалиев Фазыл, ғалым, Қазақстан ҒА-ның академигі, биология ғылымының докторы, профессор, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1911-1989).
  •  20 қыркүйек – Сәрсенов Максим Темірболатұлы, журналист, қоғам қайраткері, Орал қаласының тумасы, туғанына 90 жыл (1936-2012).
  •  22 қыркүйек – Паллас Петр Симон, орыс саяхатшысы, зертеуші, географ, Батыс Қазақстан облысының табиғатын зерттеген, туғанына  285 жыл (1741-1811).
  •  *28 қыркүйек – Дәрішева Түймеш Малбағарқызы,  педагогикалық ғылымының кандидаты, доцент, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, туғанына 65 жыл (1961).
  •  30 қыркүйек – Шарафутдинов Зұлқожа Ғайнеденұлы – тарихшы, өлкетанушы, ұстаз, 1994 жылдан Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы тарихын зерттеумен айналасып келеді, туғанына 65 жыл (1961).
Қазан
  • *2 қазан – Баймұқанова Ботагөз,  айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, туғанына 70 жыл (1956-2006).
  •  6 қазан – Дүйсен Орынбай Кәріғұлұлы, композитор, күйші, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, балалық шағы Шынғырлау ауданында өткен, туғанына 75 жыл (1951-2024).
  •  *6 қазан – Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы, қоғам қайраткері, білім саласының ардагері, профессор, Қазақстанның  педагогика ғылымдары Академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қызметкері, Орал қаласының құрметті азаматы, туғанына 80 жыл (1946).
  • 10 қазан – Аманжолов Қасым Рахымжанұлы, ақын, қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, 1931-1941 жылдары Орал қаласында тұрған, туғанына 115 жыл  (1911- 1955).
  • 10 қазан – Бияшев Ғақаш Зәкиұлы, ғалым, ауыл-шаруашылық ғылымдарының докторы, Бөкейорда  ауданының тумасы, туғанына  120 жыл (1906-1987).
  •  12 қазан – Чурин Хамит Дәулетұлы, мемлекет және қоғам  қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына  125 жыл  (1901-1979)
  •  13 қазан – Жоламанов Мұратбек Тауфикұлы,  суретші, Сырым ауданының тумасы, туғанына 60 жыл (1966-2000) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…».
  •  13 қазан – Хаймолдин Ғазез Усағалиұлы, қоғам қайраткері,  еңбек ардагері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1936) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…».
  •  15 қазан – Дауымов Ерғали, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Социалистік Еңбек Ері, Сырым ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1911-1997) / Қараңыз:«2011 жылғы БҚО бойынша…».
  •  *17 қазан – Кәдешева Гүлсім Кәмілқызы, мәдениет саласының ардагері, «Мәдениет қайраткері» атағының иегері, Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығын ұзақ жылдар бойы басқарған, туғанына 80 жыл (1946).
  •  19  қазан – Ерғалиев Ахмет, суретші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, 1985 жылдан Орал қаласынданда суретші, бірнеше монументалды-декоративтік жұмыстардың авторы, туғанына 75 жыл (1951) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…».
  •  *24 қазан – Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының ашылғанына 155 жыл (1871).
  •  29 қазан – Хасанов Марат Шамұратұлы, ғалым, философия ғылымының докторы, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 85 жыл, (1941) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…».
Қараша
  • 1 қараша – Жұманиязов Базарбай Сағадиұлы, көрнекті композитор, профессор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1936-2015) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…».
  •  1 қараша – Чамчиян Вардан Шноркович, қазақстандық ғалым-агроном, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР еңбек сіңірген аграномы, 1957-1979 жылдары аралығында Байтерек ауданы, «Пермь» кеңшарында директоры болған, туғанына 110 жыл (1916-2005).
  •  2 қараша – Құрашев Аманкелді Ғалымжанұлы, ғалым, медицина ғылымының докторы, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1946).
  •  *5 қараша – Попов Владимир Яковлевич, А.Н.Островский атындағы Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрының актері, сахна шебері, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1936-2012).
  •  *5 қараша – Тоқтаған Айтжан Есенұлы, күйші-домбырашы, ұстаз, өнертанушы, ғалым, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1946).
  • 7 қарашаФурманов Дмитрий Андреевич, жазушы, Азамат соғысы жылдары В. И. Чапаев дивизиясының саяси комиссары болған, туғанына 135 жыл (1891-1926).
  • 9 қараша – Машканов Бекболат Ыдырысұлы, әнші, актер, 1968-1978 жылдары Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының вокалист-артисі болған, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, туғанына 85 жыл  (1941).
  • 10 қараша – Даль Владимир Иванович, орыс жазушысы, лексикограф, этнограф, Жайық өңіріндегі қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігі туралы «Бикей мен Мәулен» повесін жазған,  туғанына 225 жыл (1801-1872).
  • 14 қараша – Жәкеев Сапиолла Молдағалиұлы, педагог-музыкант, КСРО ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қазақстандағы виолончель мектебінің негізін салушы, Теректі ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1931-2005).
  • 22 қараша –  Рушковский Вячеслав Вячеславович, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Орал қаласының тумасы, туғанына 85 жыл (1941-2021).
  • 23 қараша – Бородин Николай Андреевич, саяси қайраткер, өлкетанушы ихтиолог-профессор, Орал қаласының тумасы, туғанына 165 жыл (1861-1937) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…».
  • 23 қараша – Тілеков Жәрдем, жазушы, Сырым ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1911-1980) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…».
  • *26 қараша – Ержанова Ұлдай Рысқалиқызы, ғалым, филология ғылымының кандидаты, доцент, зерттеуші, ұстаз, Батыс Қазақстан облыстық, қалалық ономастикалық  комиссия мүшесі, туғанына 70 жыл (1956).
  • 26 қараша – Шапошников Валерий Иванович, суретші, Қазақстанн суретшілер одағының мүшесі, 1993 жылдан Орал қаласында шығармашылық жұмыспен айналысады, туғанына 65 жыл,   (1961) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…».
  • Қараша – Орал қаласында табиғатты қорғау қоғамының құрылғанына 60 жыл (1966).
Желтоқсан
  • 7 желтоқсан – Басымов Қажым Аманғалиұлы, ғалым, қазақ тілінің тұңғыш профессоры, Казталов ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1896-1939).
  • *13 желтоқсанНәбиуллин Жанғали, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Орал қаласының, Жаңақала, Бөкейорда аудандарының «Құрметті азаматы», Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 90 жыл  (1936-2015).
  •  15 желтоқсан – Ибрашев Хамит, ғалым-математик, профессор, Казталов ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1916-1978).
  • *16 желтоқсан  – Браун Эдуард Эдуардович, ғалым, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, оқытушы, 1978-1989 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі болып жұмыс жасаған, туғанына 90 жыл (1936-2019).
  • *16 желтоқсан  – Иманғалиев Мақсот Бижанұлы,  дәрігер, денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген қызметкері, Батыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры болған, Сырым ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1956-2022).
  • 22 желтоқсан – Айталиев Ермек Сәтбайұлы, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1951) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…».
  • 27 желтоқсан – Жұмағалиева Фатиха, ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1916-1993).
  • Желтоқсан – Суров Пантелеймон Алексеевич, Чапаев дивизиясының атты әскер полкінің командирі, туғанына 135 жыл (1891-1931).
АЙЫ МЕН ТУҒАН КҮНІ БЕЛГІСІЗ 2025 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕР
  • Михайло-Архангел соборы салынғанына 285 жыл (1741).
  •  Рычков Николай Петрович, орыс саяхатшысы және географ, этнограф, тарихшы, зерттеуші, Жайық бойымен Батыс Қазақстанға саяхат жасап, зерттеу жұмыстарымен айналысқан, туғанына 280 жыл (1746-1784).
  •  Шоңғарұлы Сары би, кіші жүзден шыққан би, шешен, туғанына 265 жыл (1761-1838).
  •  Тайманұлы Исатай, батыр, 1836-1838 жылдарында Батыс Қазақстан аймағында өрбіген ірі ұлт азаттық көтерілістің басшысы, туғанына 235 жыл (1791-1838) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…».
  •  *Бөкей хандығының орнағанына 225 жыл (1801).
  •  Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгірдің туғанына 225 жыл (1801-1845) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…».
  •  Сағырбайұлы Құрманғазы, қазақ халқының ұлы күйшісі, композитор, дүлдүл домбырашы, қазақтың аспаптық музыкасының классигі, туғанына 220 жыл (1806-1879) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…».
  •  Бөкейорда ауданы Орда ауылының қаланғанына 200 жыл (1826) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…».
  •  Бесәліұлы Әлікей, қазақ халқының күйші-композиторы, Дәулеткерей Шығайұлының шәкірті, туғанына 195 жыл (1831-1915).
  • Максимов Сергей Васильевич, 1862-1863 жж. Орал қаласында болған орыс жазушысы, публицист, этнограф, туғанына 195 жыл (1831-1901).
  •  Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына 190 жыл (1836) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…».
  •  Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің басталғанына 190 жыл (1836-1838) / Қараңыз: «2016 жылғы БҚО бойынша…».
  •  Құлжабайұлы Марабай, жыршы ақын, Теректі ауданының тумасы, туғанына 185 жыл (1841-1898) / Қараңыз: «2001 жылғы БҚО бойынша…».
  • Алекторов Александр Ефимович, Батыс Қазақстан өңірінің тарихын, мәдениетін, этнографиясын зерттеген этнограф, фольклортанушы, туғанына 165 жыл (1861-1918).
  •  Карпов Ахилл Бонифантьевич, тарихшы, өлкетанушы, публицист, ақын, туғанына 160 жыл (1866-1911) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…».
  •  Алипов Сұңғат, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, Казталов ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1886-1953).
  •  Берғалиев Ыдырыс, мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға қатысқандардың бірі, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1886-1927).
  •  Шаляпин Федор Иванович, белгілі орыс әншісі, әртіс, Орал қаласында болып, өнер көрсеткеніне 135 жыл (1891)  / Қараңыз:«2021 жылғы БҚО бойынша…».
  • Әбдірахманов Хамза, Социалистік Еңбек Ері,  Казталов  ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1896-1980).
  • Ермишов Орынғали, Социалистік Еңбек Ері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1896-1962).
  • Жұмағазиев Иманбай, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Казталов ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1896-1969).
  • Құрамысов Ізмұқан, ҚК(б)П Батыс Қазақстан облысы комитетінің І-хатшысы (1934), мемлекет қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны, туғанына 130 жыл (1896-1938).
  • Волков Филипп Григорьевич, Кеңес Одағының батыры, Бөрлі ауданының тумасы, туғанына 125 жыл (1901-1949) / Қараңыз: «2001 жылғы БҚО бойынша…».
  • Ишанов Хұсайын, Азамат соғысының батыры, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 125 жыл (1901-1952) / Қараңыз: «2001 жылғы БҚО бойынша…».
  •  Скоробогатов Анатолий Маркович, екі мәрте Кеңес Одағының батыры, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 120 жыл (1906-1944).
  •  Бейісов Темір, ғалым, филология ғылымының кандидаты, Жаңақала ауылының тумасы, туғанына 115 жыл (1911-1955) /  Қараңыз: «2011 жылғы БҚО бойынша…».
  •  Уәлиев Бақтығали, қоғам қайраткері, Сырым, Жаңақала, Шынғырлау аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары болған, туғанына 115 жыл (1911-1989).
  •  Байғалиев Қайырғали, қоғам қайраткері, Қазақстанның алғашқы мәдениет министрі болған, Шыңғырлау ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1916-1962).
  •  Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің ашылғанына 110 жыл (1916).
  • Ғазизов Сафа, әскери қызметші, генерал-майор, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Сырым ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1916-1996).
  •  Крутков Иван Сергеевич, Социалистік Еңбек Ері, Байтерек ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1931-2005).
  • Қаратөбе ауданы Ақтай ауылының іргетасы қаланғанына 95 жыл (1931).
  • Теректі ауданы Аңқаты ауылының іргетасы қаланғанына 95 жыл (1931).
  • Сырым ауданы Аралтөбе ауданының іргетасы қаланғанына 95 жыл (1931).
  • Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылының іргетасы қаланғанына 95 жыл (1931).
  • Сырым ауданы Бұлдырты ауылының іргетасы қаланғанына 95 жыл (1931).
  • Тасқала ауданы Мереке ауылының іргетасы қаланғанына 95 жыл (1931).
  • Ақжайық ауданы Первомай ауылының іргетасы қаланғанына 95 жыл (1931).
  • Жаңақала ауданы Пятимар ауылының іргетасы қаланғанына 95 жыл (1931).
  • Жәнібек ауданы Таловка ауылының іргетасы қаланғанына 95 жыл (1931).
  • Ақсай қаласының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936)
  • Теректі ауданы Ақсуат ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936)
  •  Сырым ауданы, Алғабас ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  •  Теректі ауданы Богдановка ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  •  Казталов ауданы Болашақ (Богатырев) ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  •  Ақжайық ауданы Бударин ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  • Бөрлі ауданы Бумакөл ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  • Байтерек ауданы Володарское ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  • Байтерек ауданы Егіндібұлақ (Цыганово) ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  •  Жәнібек аудандық орталықтырылған кітапхана жүйесі, ашылғанына 90 жыл (1936).
  •  «Ивушка» туберкулез кеселіне шалдыққан балаларды емдеуге арналған санаторий, ашылғанына 90 жыл (1936).
  • Бөрлі ауданы Кеңтүбек (Григорьевка) ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  • Бөрлі ауданы Қарақұдық (Тихоновка) ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  • Байтерек ауданы Құрманғазы (Чеботарев) ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  • Бөрлі ауданы Орал (Приурал) ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  • Орал авиаспорт клубының құрылғанына 90 жыл (1936).
  • Орал-Илецк теміржол құрылысының іске қосылғанына 90 жыл (1936).
  • Теректі ауданы Покатиловка ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  • Байтерек ауданы Раздольное ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  • Теректі ауданы Сарыөмір ауылының іргетасы қаланғанына 90 жыл (1936).
  • Мұхамбетов Дамир Дәулетқалиұлы туғанына 85 жыл, ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор, Жәнібек ауданының тумасы (1941) / Қараңыз: «2011 жылғы БҚО бойынша…».
  • Сосновских Светлана Алексеевна, еңбек ардагері, Құрметті ардагер, «Зенит» Орал АҚ зауыты ардагерлер кеңесінің төрағасы, туғанына 85 жыл (1941-2021).
  • Хожамұратова Людмила Шарафеддиновна, ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор Тасқала ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1941).
  • Ақжайық ауданы Чапаев ауылында мемориалдық мұражай, Азамат соғысының батыры В. И. Чапаевтың құрметіне ашылғанына 85 жыл (1941).
  • ААҚ «Орал автожөндеу» зауытының құрылғанына 85 жыл (1941).
  • ААҚ Орал «Зенит» зауытының құрылғанына 85 жыл (1941)
  • Қайырғалиев Сейітқали, композитор, әнші, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1946-1992) / Қараңыз: «2011 жылғы БҚО бойынша…».
  • *Аблаев Сергей Маркович, журналист, жазушы, журналистика ардагері, Орал қаласының тумасы, 75 жыл (1951-2019).
  • Макаров Көшерғали, халық шығармашылығының белгілі өкілі, әнші, жырау, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, 2006 жылдан бастап зейнет жасына дейін Ақжайық ауданы мәдени-демалыс орталығында музыкалық жетекші болып жұмыс атқарған, туғанына 75 жыл (1951-2017) / Қараңыз: «2021 жылғы БҚО бойынша…».
  • Орал қаласында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, республикадағы алғашқы спорт мектептерінің бірі, ашылғанына 70 жыл (1956).
  • Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығының   ашылғанына 70 жыл (1956).
  • Шыңғырлау ауданы Ақтау (Белогор) ауылының іргетасы қаланғанына 65 жыл (1961).
  • Шыңғырлау ауданы Алмас ауылының іргетасы қаланғанына 65 жыл (1961).
  • Казталов ауданы Бостандық ауылының іргетасы қаланғанына 65 жыл (1961).
  • Шыңғырлау ауданы Қызылкөл ауылының іргетасы қаланғанына 65 жыл (1961).
  • Қаратөбе ауданы Саралжын ауылының іргетасы қаланғанына 65 жыл (1961).
  • Тайпақ магистралды каналы іске қосылғанына 65 жыл (1961).
  • Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылының іргетасы қаланғанына 60 жыл (1966).
  •  Батыс Қазақстан облысының А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі (бұрынғы А.Иманов атындағы №12 кәсіптік лицейі) ашылғанына 55 жыл (1971).
  •  Орал қаласындағы ғылыми-техникалық кітапханасының құрылғанына 50 жыл (1976).
  •  Орал қаласындағы қалалық туристер клубының ашылғанына 45 жыл (1981).
  •  «Вайнах» шешен-ингуш мәдени ағарту қоғамының құрылғанына 35 жыл (1991).
  •  Чинарев мұнай-газ конденсат кен орнының ашылғанына 35 жыл (1991).

Ескерту: * белгісімен белгіленген күндерге қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі берілген.