Көрнекті Алаш қайраткері, діндар-ақын Ғұмар Қараш 1875 жылы Ішкі Бөкейліктің (қазір Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы) Қырқұдық деген жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін, Жалпақталдағы Ғұбайдолла Ғәлікейұлы ұстаған медреседе оқиды. 1902-1910 жылдары жиған білімімен ауылында, Тіленшісайда жәдитше бала оқытады. Сол шамада әйгілі Шәңгерей Бөкейұлының шақыруымен Көлборсыға мұғалім болып келеді. Жаңалыққа жаны құмар, имандылық пен дәстүрдің жібін үзбеген әдеби орта қалыптастыруға себепші болады. Қайраткер 1907 жылдан бастап татар және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды.

Толығырақ