1967 жылдан бері Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша еске алынатын және аталып өтілетін күндер» тізбегін шығарып келеді.
Библиографиялық құрал екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – «2022 жылы аталып өтетін және еске алынатын күндер» және «Күні мен айы белгісіз атаулы күндер»; екінші бөлімде – «Атаулы күндерге қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі» берілген, олар (*) белгісімен белгіленеді.
Бұл көрсеткіш өлкенің саяси, тарихи және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларды қамтиды.
Көрсеткіштің мақсаты – өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне, мәдениет, білім мекемелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына өлкетану әдебиетін насихаттауға көмек беру.
Көрсеткіште негізгі атаулы күндер мен оқиғаға қатысты адамдардың өмір жолдары мен шығармашылығына арналған шығармалардың, жұмыстардың библиографиялық тізімі қоса берілген анықтамалар бар. Бірқатар атаулы күндер бойынша өткен жылдарда шығарылған құралдарға сілтеме жасалынды.
Атаулы күндерді анықтау және нақтылау Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның анықтамалық-библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді.
Басылымның соңына есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген. Атаулы көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының шығаратын «Айтулы және атаулы күндерінің тізбесіне» өлкетанулық қосымша болып табылады.
Облыстық кітапхана өлкетанушылар, облыс жұртшылығы, мекемелер мен ұйымдардан келесі ұсынылатын құралдарды шығаруға материалдар жолдап, көмек беруіңізді өтінеді.
Басылымның мазмұнын жақсарту жөніндегі ой-пікірлеріңізді, ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауыңыз сұралады:
090000 Орал қаласы, Карев көшесі, 47 үй,
Ж. Молдағалиев атындағы БҚОӘҒК
Телефон: +7(7172)50-35-09; 50-75-49
E-mail: uralsk_library@mail.ru
ҚАҢТАР
1 қаңтар Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Оразғалиев Қайырдың туғанына 60 жыл, Теректі ауданының тумасы (1962)
1 қаңтар Орал қалалық апталық «Жайық үні» газетінің қазақ тілінде шыға бастағанына 30 жыл (1992)
1 қаңтар «Уральские войсковые ведомости» газетінің Орал баспасында шыққанына 155 жыл (1867)
4 қаңтар* Театр ардагері, 1996-2014 жылдары облыстық қазақ драма театрының директоры болған, аудармашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, медалінің иегері Төлеуішев Құжырғали Төлеуішұлының туғанына 75 жыл (1947)
4 қаңтар Өлкетанушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Щербанов Николай Михайловичтің туғанына 80 жыл (1942-2011). (Қараңыз: БҚО бойынша 2012 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі)
6 қаңтар Азамат соғысының батыры Кутяков Иван Семеновичтің туғанына 125 жыл (1897-1942)
7 қаңтар Құрылыс-монтаж жабдықтары зауытының іске қосылғанына 75 жыл (1942)
8 қаңтар* Күйші, Қазақстанның Халық артисі Жантілеуов Қалидың туғанына 120 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1902-1993)
10 қаңтар Күйші Жұмашев Өтегеннің туғанына 90 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1932)
10 қаңтар Кеңес Одағының Батыры Темір Масиннің туғанына 115 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1907-1947).(Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы аталып….күндер
тізбегі)
14 қаңтар Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Жаратылыстану ҒА-ның корреспондент мүшесі Әзербаев Есет Роватұлының туғанына 80 жыл (1942-2017). (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы аталып …. күндер тізбегі)
15 қаңтар* Ақын, журналист Ырзабаев Боранғалидің туғанына 90 жыл (1932-1995)
17 қаңтар Жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Ғаббасов Энгельстің туғанына 85 жыл, Казталов ауданының тумасы (1937-2014). (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы ….. күндер тізбегі)
19 қаңтар Ғалым, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Чекаев Ахметриза Ғисметұлының туғанына 85 жыл, Казталов ауданының тумасы (1937-2011)
28 қаңтар Орал қалалық №17 орта мектебінің ашылғанына 55 жыл (1967)
30 қаңтар Кеңес Одағының Батыры Тарасенко Василий Федоровичтың туғанына 110 жыл, Бөрлі ауданының тумасы (1912-1972)
31 қаңтар Орал қаласындағы қаржы-экономика колледжінің құрылғанына 65 жыл (1957)
АҚПАН
1 ақпан Еңбек ардагері, Ақжайық ауданының құрметті азаматы Кереев Әленғалидың туғанына 80 жыл (1942)
1 ақпан Қазақстан Жастар одағының облыстық ұйымының құрылғанына 30 жыл (1992)
2 ақпан Орыс жазушысы Правдухин Валериан Павловичтың туғанына 130 жыл, Орынбор губерниясы (1892-1939)
2 ақпан* Белгілі қаламгер Латиева Сараның туғанына 75 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1947)
3 ақпан Суретші, театр қайраткері, журналист Ғұмаров Сәкен Нәжімеддинұлының туғанына 85 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1937-1995). (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы …. күндер тізбегі)
5 ақпан Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Маданов Хамиттің туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1927-1997). (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы……күндер тізбегі)
7 ақпан Ғалым-терапевт, медицина ғылымдарының докторы Ахметов Қайырғали Жәлелұлының туғанына 80 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1942)
8 ақпан Кеңес Одағының Батыры, Орал қаласындағы аэроклуб механигі болған Шагалеев Фарит Сұлтанұлының туғанына 75 жыл (1947-2014)
9 ақпан Азамат соғысының батыры Чапаев Василий Ивановичтың туғанына 135 жыл (1887-1919)
10 ақпан Әнші, музыкатанушы, композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Молдағайынов Әшірбай Самиғоллаұлының туғанына 85 жыл (1937-2006)
11 ақпан Қоғам қайраткері, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ БҚОФ-ның төрағасы, Жаңақала ауданының құрметті азаматы болған Мерғалиев Төлеген Тастайұлының туғанына 75 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1947-2017)
19 ақпан Ауыл шаруашылығы саласының маманы Скобычкин Федор Федоровичтің туғанына 95 жыл (1927-2013). (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы ….күндер тізбегі)
21 ақпан Соғыс және еңбек ардагерлерінің Орал қалалық кеңесінің құрылғанына 35 жыл (1987)
22 ақпан* Батыс Қазақстан өңірінің білім беру ісіне үлес қосқан ардагер ұстаз Құрманғалиева Күләш Құрманғалиқызының туғанына 80 жыл (1942-2015)
22 ақпан Орал қалалық «Надежда» қоғамдық-саяси апталық газетінің шыққанына 30 жыл (1992)
25 ақпан Ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері Әбуханов Ғабдірахимнің туғанына 110 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1912-1995)
26 ақпан Мемлекет қайраткері Бекмұхамедов Шафхат Мұхамеджанұлының туғанына 130 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1892-1958)
29 ақпан* Айтыс ақыны, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бердіғалиев Қатимолла Жәңгірұлының туғанына 70 жыл, Казталов ауданының тумасы (1952)
НАУРЫЗ
5 наурыз Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, педагог Бектұрғанов Қайыр Құрақұлының туғанына 85 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1937-2015) (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы …. күндер тізбегі)
9 наурыз Ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты Тайыров Мұхтардың туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1927)
10 наурыз* Батыс Қазақстан облысының құрылғанына 90 жыл (1932)
15 наурыз* Скрипкашы, Қазақстанның халық артисі Бисенғалиев Марат Сәметұлының туғанына 60 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1962)
25 наурыз Орыс жазушысы, демократ Плещеев Алексей Николаевичтың Орал қаласында болғанына 170 жыл (1852)
26 наурыз* ҚР Денсаулық саласының үздігі, Қазақстанның Білім беру саласының құрметті қызметкері, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Орал қаласының құрметті азаматы Берген Мақсот Қабышұлының туғанына 75 жыл, Сырым ауданының тумасы(1947)
29 наурыз Ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Социалистік Еңбек Ері Черекаев Алексей Васильевичтің туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1932-2010). (Қараңыз: БҚО бойынша 2012 жылы ….күндер тізбегі)
СӘУІР
10 сәуір* Облысымызға белгілі журналист, Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің бас редакторы болған Өтебалиев Едіге Әбетұлының туғанына 70 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1952-2013)
11 сәуір Орал қаласында «Еділ-Жайық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл (1997)
12 сәуір* Еңбек және соғыс ардагері, Қазақстанның Еңбек сіңірген зоотехнигі Исатаев Жақияның туғанына100 жыл (1922-2007)
12 сәуір* Өлкетанушы-ұстаз, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, педагогика ғылымының кандидаты, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры болған Фомин Виктор Павловичтің туғанына 65 жыл, Орал қаласының тумасы (1957-2019)
15 сәуір Ғалым, ветеринария ғылымдарының докторы Ашетов Исатай Қуанұлының туғанына 70 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1952)
21 сәуір Суырып салма ақын Ауан Ақжүрекұлының туғанына 120 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1902-1933)
23 сәуір Айтыс ақыны Бисенғалиев Сағынтайдың туғанына 65 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1957). (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы…күндер тізбегі)
25 сәуір ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Орал қаласының құрметті азаматы Бисембаева Светлана Ерғалиқызының туғанына 70 жыл (1952)
МАМЫР
1 мамыр* Еңбек және соғыс ардагері Рахметова Ғарифа Мәжитқызының туғанына 100 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1922-2001)
1 мамыр* Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 1993 жылы БҚО қазақ драма театрының директоры болған, актер Сұлтанғалиев Амантайдың туғанына 75 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1947-2002)
3 мамыр Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Дүйсенов Сайран Темірғалиұлының туғанына 60 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1962)
5 мамыр Күйші, белгілі халық композиторы Құспан Нысанбаевтың шәкірті, Жәнібек аудандық ұлт аспаптары оркестрінің құрамында домбырашы болған Айбатов Қайыржанның туғанына 90 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1932-1993)
5 мамыр Белгілі журналист, баспагер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Дінішев Мұса Бөкенбайұлының туғанына 110 жыл, Казталов ауданының тумасы (1912-2002)
9 мамыр* Өлкетанушы Ақбай Жайсаң Досболатұлының туғанына 95 жыл, Сырым ауданының тумасы (1927)
9 мамыр* Өңірімізге танымал ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, тыл ардагері Қарасаев Әмірхан Әтенұлының туғанына 95 жыл (1927-2019)
10 мамыр Ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор Әбділдина Лаура Есенгелдіқызының туғанына 85 жыл, Казталов ауданының тумасы (1937)
15 мамыр* Әскери ұшқыш, Халық қаһарманы Доспанова Хиуаз Қайырлықызының туғанына 100 жыл (1922-2008)
20 мамыр Ғалым, фармаколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қабиев Одақтың туғанына 90 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1932-1987)
20 мамыр* Ғалым-эколог, техника ғылымдарының докторы, профессор Киянский Виктор Владимировичтің туғанына 75 жыл, Бөрлі ауданының тумасы (1947)
25 мамыр Батыс Қазақстан облыстық суретшілер бөлімшесінің құрылғанына 30 жыл (1992)
МАУСЫМ
1 маусым Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бірімжаров Бақтығұл Қабдырұлының туғанына 75 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1947-2009).(Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы…күндер тізбегі)
10 маусым Ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Кенжалиев Исатай Нәсекенұлының туғанына 95 жыл, Казталов ауданының тумасы (1927-2011). (Қараңыз: БҚО бойынша 2012 жылы…күндер тізбегі)
15 маусым* Ұлы Отан соғысы жылдарында құпия тапсырма орындап, ерекше ерлік көрсеткен барлаушы, полковник Мәмбетов Зәкидің туғанына 100 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1922-1983)
15 маусым Дирижер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, профессор Қажығалиев Шамғонның туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1927-2015). (Қараңыз: БҚО бойынша 2012 жылы..күндер тізбегі)
15 маусым Әскери қайраткер, генерал-майор Еламанов Уәли Бисақанұлының туғанына 70 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1952)
15-17 маусым Орыс ақыны Жуковский Василий Андреевичтің Орал қаласында болғанына 185 жыл (1837)
16 маусым* Ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абузяров Разақ Абдрахманұлының туғанына 90 жыл (1932)
16 маусым Қоғам және мемлекет қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Меңдешев Сейітқалидің
туғанына 140 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1882-1937)
18 маусым Жазушы, аудармашы Ипмағамбетов Әнуар Нұрғалиұлының туғанына 110 жыл, Теректі ауданының тумысы (1912-1996). (Қараңыз: БҚО бойынша 2012 жылы…күндер тізбегі)
19 маусым Ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Елешева Розалия Ғалиқызының туғанына 95 жыл, Орал қаласының тумасы (1927)
19 маусым Журналист, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі болған Құсайын Темірдің туғанына 65 жыл, Казталов ауданының тумасы (1957).(Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы…күндер тізбегі)
25 маусым* Қоғам қайраткері Балдин Виктор Ивановичтың туғанына 75 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1947-1998)
29 маусым «Конденсат» ААҚ – мұнай және газ өндіру объектілерін салумен және көмірсутекті шикізатты өңдеумен, мұнай және т.б. өнім түрлерін сатумен айналысатын кәсіпорынның құрылғанына 30 жыл (1992)
Маусым Орыс жазушысы Толстой Лев Николаевичтің Орал өңірінде болғанына 160 жыл (1862)
ШІЛДЕ
3 шілде* Кеңес Одағының Батыры Орақбаев Есен Шегірейұлының туғанына 100 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1922-2002).
4 шілде Жазушы Генке Виктор Александровичтің туғанына 115 жыл (1907-1963)
6 шілде Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында кафедра меңгерушісі, декан, проректор болған Ковель Павел Васильевичтің туғанына 85 жыл (1937-2014)
7 шілде Орал қаласында М. Мәметованың мемориалдық музей-үйінің ашылғанына 40 жыл (1982). (Қараңыз: БҚО бойынша 2007 жылы…күндер тізбегі)
12 шілде Ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор Әзірбаев Ерден Нығметұлының туғанына 110 жыл, Бөкейордасы ауданының тумысы (1912-1975) (Қараңыз: БҚО бойынша 2012 жылы…күндер тізбегі)
20 шілде Еңбек ардагері Бөлеев Тілекқабыл Тайшыбайұлының туғанына 85 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1937-2004)
23 шілде Ақын, журналист Сисенғалиев Зәкәрия Жүсіпқалиұлының туғанына 65 жыл, Жаңақала
ауданының тумасы (1957). (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы…күндер тізбегі)
24 шілде Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Әмірханов Мұрат
Әмірханұлының туғанына 65 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1957)
25 шілде* Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Рысбеков Тұяқбай Зейітұлының туғанына 75 жыл (1947)
26 шілде Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Святынин Алексей Михайловичтің туғанына 90 жыл (1932-2011). (Қараңыз: БҚО бойынша 2012 жылы… күндер тізбегі)
27 шілде Айтыс ақыны, термеші Бисенғалиев Сәрсенғалидың туғанына 70 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1952)
31 шілде Ғалым, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты Белый Александр Иосифовичтің туғанына 95 жыл (1927-2006)
2 тамыз – Атақты әнші, композитор, ақын Мұхит Мерәліұлының туғанына 180 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1841-1918). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
*4 тамыз – Ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Маргарита Хамитқызы Маданованың туғанына 60 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1961)
22 тамыз – Ғалым, медицина ғылымының докторы Саламат Ғұмарұлы Ахметқалиевтың туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1936-2005)
*4 қыркүйек – Ұлы Отан соғысының ардагері, экономист Әзекен Кәрімұлы Бірімжановтың туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1921-2017)
*5 қыркүйек – Журналист Тілекқабыл Боранғалиұлының туғанына 70 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1951)
*5 қыркүйек – Мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиевтың туғанына 80 жыл (1941)
6 қыркүйек – Күйші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмеловтың туғанына 70 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1951-2012). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
*7 қыркүйек – Еңбек ардагері, КСРО халықтық бақылау комитетінің еңбек сіңірген қызметкері, ядролық-ракеталық сынаққа қарсы «Нарын» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Кәкен Көбейсіновтің туғанына 90 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1931- 2019)
*12 қыркүйек – Белгілі журналист Сергей Павлович Кульпиннің туғанына 70 жыл (1951)
15 қыркүйек – Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Иса Таумышұлы Қашқынбаевтың туғанына 130 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1891-ө.ж.б)
15 қыркүйек – Ғалым, Қазақстан ҒА-ның академигі, биология ғылымының докторы, профессор Фазыл Мұқамбетқалиевтың туғанына 110 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1911-1989)
20 қыркүйек – Журналист, қоғам қайраткері Максим Темірболатұлы Сәрсеновтің туғанына 85 жыл, Орал қаласының тумасы (1936)
22 қыркүйек – Зерттеуші Петр Симон Палластың туғанына 280 жыл (1741-1811)
29 қыркүйек – Ғалым, философия ғылымының докторы Марат Шамұратұлы Хасановтың туғанына 80 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1941). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
Қыркүйек – Кеңес Одағының Батыры Александр Евстафьевич Борисюктің туғанына 100 жыл (1921-1945) (Қараңыз:«2001 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
2 қазан – Айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ботагөз Баймұқанованың туғанына 65 жыл (1956-2006). (Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
10 қазан – Ғалым, ауыл-шаруашылық ғылымдарының докторы Ғақаш Зәкиұлы Бияшевтің туғанына 115 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1906-1987)
12 қазан – Мемлекет және қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Хамит Дәулетұлы Чуринның туғанына 120 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1901-1979)
13 қазан – Суретші Мұратбек Тауфикұлы Жоламановтың туғанына 55 жыл, Жымпиты ауданының тумасы (1966-2000). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
*13 қазан – Еңбек ардагері Ғазез Усағалиұлы Хаймолдиннің туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1936)
15 қазан – Шаруашылық басшысы, Социалистік Еңбек Ері Ерғали Дауымовтың туғанына 110 жыл, Сырым ауданының тумасы (1911-1997). (Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
*15 қазан – Суретші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Ахмет Ерғалиевтың туғанына 70 жыл (1951)
*24 қазан – Облыстық Жұбан Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ашылғанына 150 жыл (1871)
1 қараша – Көрнекті композитор Базарбай Сағадиұлы Жұманиязовтың туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1936). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
2 қараша – Ғалым, медицина ғылымының докторы Аманкелді Ғалымжанұлы Құрашевтың туғанына 75 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1946)
5 қараша – Актер, театр қызметкері Владимир Яковлевич Поповтың туғанына 85 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1936-2012). (Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
5 қараша – Өнертанушы ғалым, профессор Айтжан Есенұлы Тоқтағановтың туғанына 75 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1946)
7 қараша – Жазушы, Азамат соғысы жылдары В.И. Чапаев дивизиясының саяси комиссары болған Дмитрий Андреевич Фурмановтың туғанына 130 жыл (1891-1926)
9 қараша – 1968-1978 жылдары Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының вокалист-артисі болған, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, әнші, актер Бекболат Ыдырысұлы Машкановтың туғанына 80 жыл (1941)
10 қараша – Орыс жазушысы, этнограф Владимир Иванович Дальдің туғанына 220 жыл (1801-1872).
14 қараша – Педагог-музыкант, КСРО ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қазақстандағы виолончель мектебінің негізін салушы Сапиолла Молдағалиұлы Жәкеевтың туғанына 90 жыл, Теректі ауданының тумасы (1931-2005)
22 қараша – Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Вячеслав Вячеславович Рушковскийдің туғанына 80 жыл, Орал қаласының тумасы (1941)
*23 қараша – Саяси қайраткер, өлкетанушы ихтиолог-профессор Николай Андреевич Бородиннің туғанына 160 жыл (1861-1937)
*23 қараша – Жазушы Жәрдем Тілековтің туғанына 110 жыл, Сырым ауданының тумасы (1911-1980)
*26 қараша – Суретші, Қазақстанн суретшілер одағының мүшесі Валерий Иванович Шапошниковтің туғанына 60 жыл (1961).
Қараша – Орал қаласында табиғатты қорғау қоғамының құрылғанына 55 жыл (1966)
ЖЕЛТОҚСАН
2 желтоқсан Өлкетанушы, ақын, журналист Хасанов Қайыржанның туғанына 80 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1942-2018). (Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы…күндер тізбегі)
3 желтоқсан* Күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қазиев Ермектің туғанына 75 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1947) 12 желтоқсан Актриса, Қазақстанның Халық артисі Жақыпова Гүлнәр Хабиқызының туғанына 65 жыл, Орал қаласының тумасы (1957). (Қараңыз: «БҚО бойынша 2007 жылы….күндер тізбегі)
12 желтоқсан Кеңес Одағының Батыры Тихоненко Андрей Яковлевичтің туғанына 110 жыл (1912-1944) (Қараңыз: «БҚО бойынша 2002 жылы…күндер тізбегі)
15 желтоқсан Мемлекет және қоғам қайраткері, БҚО партия комитетінің 1-хатшысы болған Ниязбеков Сабыр Біләлұлының туғанына 110 жыл (1912-1987)
15 желтоқсан Мемлекет және қоғам қайраткері Нығметов Кенжебай Әлжанұлының туғанына 75 жыл (1947)
15 желтоқсан Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тілеужанов Мәтжан Мақсымұлының туғанына 95 жыл (1927-1995). (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы….күндер тізбегі)
15 желтоқсан Орда тарихи музейінің ашылғанына 60 жыл (1962)
16 желтоқсан Еңбек ардагері, Казталов ауданының құрметті азаматы Өтеғұлов Кәрім Тәжмағанбетұлының туғанына 85 жыл (1937)
17 желтоқсан Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан облысы аумағындағы халықтық архитектура және мемориалды эпиграфика ескерткіштерін зерттеу ісінде маңызды нәтижелерге қол жеткізген Әжіғалиев Серік Ескендірұлының туғанына 70 жыл (1952)
18 желтоқсан Еңбек ардагері Нұрғалиев Әділғазы Нұрғазыұлының туғанына 85 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1937)
20 желтоқсан Жазушы, журналист Корсунов Николай Федоровичтің туғанына 95 жыл, Бәйтерек ауданының тумасы (1927-2009). (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы …күндер тізбегі)
20 желтоқсан Айтыскер ақын Қауенов Александрдың туғанына 70 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1952-2003)
22 желтоқсан* Қоғам қайраткері, белгілі журналист, еңбек және соғыс ардагері Жұмағалиев Бисеннің туғанына 100 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1922-2015)
22 желтоқсан Алғашқы шығыстанушы, І, ІІ мемлекеттік Дума мүшесі, Алашорда үкіметінің мүшесі Құлманов Бақтыгерей Ахметұлының туғанына 165 жыл (1857-1919)
22 желтоқсан Қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының, Батыс Алашорданың белсенді мүшелерінің бірі Кенжин Аспандиярдың туғанына 135 жыл (1887-1938)
24 желтоқсан Орал облысы атқару комитетінің 1-ші төрағасы, Қазан төңкерісінің мүшесі Колостов Даниил Богдановичтің туғанына 140 жыл (1882-1918)
25 желтоқсан Ғалым, химия ғылымдарының докторы Нығметова Роза Шүкірғалиқызының туғанына 90 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1932)
27 желтоқсан Күйші, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы Қазиев Еселдің туғанына 95 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1927-1985). (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы…күндер тізбегі)
28 желтоқсан Мемлекет және қоғам қайраткері Байғалиев Рақымның туғанына 110 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1912-2001)
28 желтоқсан Жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмалиев Қажымның туғанына 115 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1907-1968). (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы…күндер тізбегі)
АЙЫ МЕН КҮНІ БЕЛГІСІЗ 2022 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТЕТІН ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН КҮНДЕР
- Батыр, XVII-XVIII ғ.ғ. Батыс Қазақстан аймағын сырт жаулардан азат етуге қатысқан қолбасшылардың бірі Есет Көкіұлының туғанына 355 жыл (1667-1757)
- Тәуке ханның кеңесшісі, Кіші жүздің биі Әйтеке бидің туғанына 340 жыл (1682-1766)
- Батыр, қолбасшы Құттыбай Сатыпалдыұлының туғанына 320 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1702-1773)
- *Ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, қолбасшы, батыр Сырым Датұлының туғанына 280 жыл, Сырым ауданының тумасы (1742-1802)
- Ресейдегі 1773-75 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшысы Пугачев Емельян Ивановичтың туғанына 280 жыл (1742-1775)
- Батыр әрі шешен, әнші, домбырашы, сыбызғышы, Сырым бастаған халық көтерілістеріне, И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысушы Асанбек Нұрқожаұлының туғанына 270 жыл (1752-1845) Орынбор облысы
- Орыс жазушысы Иван Андреевич Крыловтың балалық шағын Оралда өткізгеніне 250 жыл (1772)
- Әбілқайырдың немересі, Нұралы ханның баласы, Кіші жүздің Батыс бөлігінің алғашқы сұлтан-әкімі, 12 ата Байұлы тайпа бірлестігінің билеушісі Қаратай Нұралыұлының туғанына 250 жыл (1772-1826) Сырым ауданы
- Суырып салма ақын Жұмырбай Мәмбетұлының туғанына 215 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1807-1897)
- Этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы Бабажанов Мұхамед-Салықтың туғанына 190 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1832-1871)
- Қазақ композиторы, күйші Түркеш Қалқаұлының туғанына 190 жыл (1832-1872)
- Әбілқайыр хан әулетінен шыққан сұлтан, Нұралы ханның немересі Нұралыханов Зұлқарнай Шөкіұлының туғанына190 жыл (1832-1892)
- Оқымысты, зерттеуші Базинердің Орал өңіріне келгеніне 180 жыл (1842)
- Ақын Бөкеев Шәңгерей Сейіткерейұлының туғанына 175 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1847-1920)
- (Қараңыз: БҚО бойынша 2017 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі)
- Генерал-майор Айшуақов Баймағамбеттің Кіші Жүздің батыс бөлігіне сұлтан болғанына 175 жыл (1847)
- Бөкей хандығында – Ордада алғашқы аурухананың ашылғанына 170 жыл (1852)
- Белгілі жазушы-очеркші, этнограф, саяхатшы Максимов Сергей Васильевичтің Орал қаласында болғанына 160 жыл (1862)
- Жырау, ақын Мұқан Қонажанұлының туғанына 160 жыл (1862-1937)
- Орал қаласында тұңғыш типография ашылғанына 160 жыл (қазіргі «Дастан» баспа-полиграфия өнімдерін шығаратын корпорация) (1862). (Қараңыз: БҚО бойынша 2012 жылы…күндер тізбегі)
- Суретші Бөкеева Зәуреш Мұхамедкерейқызының туғанына 155 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1867-1956)
- Алғашқы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі Генке Александр Васильевичтің туғанына 155 жыл (1867-1943)
- Орал қаласында облыстық аурухана ашылғанына 155 жыл (1867). (Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы…күндер тізбегі)
- Оралдағы ауа-райы бақылау станциясының құрылғанына 155 жыл (1867)
- Мемлекет қайраткері Әлібеков Ғұбайдолланың туғанына 150 жыл, Сырым ауданының тумасы (1872-1923)
- Социалистік Еңбек Ері Лұқпанов Саламаттың туғанына 150 жыл, Казталов ауданының тумасы (1872-1958)
- Алғашқы қазақ драматургы, мемлекет және қоғам қайраткері Меңдіханов Ишанғалидің туғанына 150 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1872-1919)
- Орыс жазушысы, лексикограф, этнограф Владимир Иванович Дальдің Оралда болғанына 150 жыл (1872)
- Дарынды әнші, композитор Арыстанов Өтеғалидың туғанына 140 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1882-1964)
- Ағартушы-педагог, өлкетанушы, Бөкей орда музейін ұйымдастырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Тажетдинов Ахметфайыздың туғанына 140 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1882-1984)
- Ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Бегалиев Ғалидің туғанына 135 жыл, Казталов ауданының тумасы (1887-1966)
- Көрнекті мемлекет, ұлт қайраткері, жоғары білімді алғашқы қазақ заңгерлерінің бірі, саясаткер Жаһанша Досмұхамедовтің туғанына 135 жыл, Сырым ауданының тумасы (1887-1938)
- Социалистік Еңбек Ері Есболаев Әубәкірдің туғанына 135 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1887-1962)
- Алаш қозғалысына қатысушы, оқу-ағарту қайраткері, педагог-әдістемеші, қаламгер-журналист Жолдыбаев Молдағалидың туғанына 135 жыл, Батыс Қазақстан облысының тумасы (1887-1938)
- Алаш партиясының, Батыс Алашорданың белсенді мүшесі, арнаулы білімді алғашқы қазақ агрономдарының бірі Қаратілеуов Сәлімгерейдің туғанына 135 жыл, Батыс Қазақстан облысының тумасы (1887-1938)
- Ғалым, этнограф, география қоғамы Батыс Қазақстан бөлімінің негізін салушы Малеча Нестор Михайловичтың туғанына 135 жыл (1887-1979)
- Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, А.Н. Островский атындағы орыс драма театрында еңбек еткен Протасов Леонид Николаевичтің туғанына 135 жыл (1887-1977)
- Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, заңгер Танашев Уәлитхан Шарафиддинұлының туғанына 135 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1887-1968)
- Орыс зерттеушісі, этнограф Харузин Алексей Николаевичтің Бөкей Ордасында болып, зерттеу жұмыстарын жүргізгеніне 135 жыл (1887)
- Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы жоғары білімді экономистерінің бірі Асанов Қалдыбайдың туғанына 130 жыл, Сырым ауданының тумасы (1892-1937)
- Жайық өңірінде баспасөз ісін ұйымдастырушылардың бірі, Азамат соғысына қатысушы Әлжанов Батырбектің туғанына 130 жыл, Батыс Қазақстан облысының тумасы (1892-ө.ж.б)
- Саяси қайраткер, ағартушы, журналист Есенбаев Халел Мұхаметжанұлының туғанына 130 жыл, Казталов ауданының тумасы (1892-1938)
- Қоғам қайраткері, Бөкей губерниясындағы революциялық қозғалысқа араласқан Жақыпов Серікқалидің туғанына 130 жыл (1892-1939)
- Саяси қайраткер, ақын, Жайық өңірінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысушы және оның алғашқы құрамының мүшесі Неусыпов Филипп Марковичтің туғанына 130 жыл (1892-1918)
- Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың жоғары білімді тұңғыш мұнай барлаушы геологы Атшыбаев Беркінғали Мұқашұлының туғанына 125 жыл (1897-1937)
- Батыс Алашорда офицері, Жайық өңірін кеңестендіру ісіне қатысушы Жалпақов Тәжмұхамбет Темірұлының туғанына 125 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1897-ө.ж.б)
- Қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкінің командирі Қарменов Баймырзаның туғанына 125 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1897-1935)
- «Уралец» газетінің Оралда жарық көргеніне 125 жыл (1897)
- Сыбызғышы, Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің негізін салушылардың бірі Уәлиев Ысқақтың туғанына 120 жыл, Казталов ауданының тумасы (1902-1944)
- Қоғам қайраткері Нығметов Ермекқалидың туғанына 120 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1902-1992)
- Социалистік Еңбек Ері Омаров Ғабдолланың туғанына 120 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1902-1954)
- Әнші, күйші Мұқатов Сабырдың туғанына 115 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1907-1978)
- Социалистік Еңбек Ері Сариев Қарасайдың туғанына 115 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1907-1982)
- Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі Шоланов Ғабдолланың туғанына 115 жыл, Казталов ауданының тумасы (1907-1966)
- Дәрігер, Қазақстанның еңбек сіңірген медицина қызметкері, Орал қалалық 2-аурухананың бас дәрігері болған Әлібаев Насихат Төреғазыұлының туғанына 110 жыл (1912-1970). (Қараңыз: БҚО бойынша 2012 жылы … күндер тізбегі)
- Қоғам қайраткері, соғыс ардагері Хаби Халиуллиннің туғанына 110 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1912-1942). (Қараңыз: БҚО бойынша 2012 жылы … күндер тізбегі)
- Күйші, өлкеге белгілі домбырашы Битенов Мұхиттың туғанына 110 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1912-1983).
- (Қараңыз: БҚО бойынша 2012 жылы аталып … күндер тізбегі)
- Данқ орденінің толық иегері Шамов Михаил Михайловичтің туғанына 110 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1912-1972)
- (Қараңыз: БҚО бойынша 2012 жылы… күндер тізбегі)
- Орал қаласында электрлендіру ісінің басталғанына 110 жыл (1912)
- Орал арматура зауытының іргетасы қаланғанына 110 жыл (1912). (Қараңыз: «БҚО бойынша 2012 жылы аталып … күндер тізбегі)
- *Социалистік Еңбек Ері Мұқанақов Құбайдың туғанына 100 жыл, Бөкейордасы ауданының тумасы (1922-1973)
- Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Берқалиев Базылбек Түменұлының туғанына 95 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1927)
- Ақын, журналист Қыдыров Хамидолланың туғанына 95 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1927-1989)
- Күйші Шәуалиев Кәрімнің туғанына 95 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1927)
- Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің ашылғанына 95 жыл (1927)
- Кеңес Одағының Батыры Ахмиров Қасым Шабанұлының туғанына 90 жыл (1932-1951)
- Ғалым, геология-минералдар ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА корреспондент мүшесі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ерғалиев Ғаппар Хасенұлының туғанына 90 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1932)
- Қазақстандағы ауыл шаруашылығын өндіруді ұйымдастырушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сәбденов Қалдыбектің туғанына 90 жыл (1932)
- «Аңқаты» асыл тұқымды мал шаруашылығының құрылғанына 90 жыл (1932)
- *Батыс Қазақстан облыстық архивінің «Орал облысының мемлекеттік архиві» деп атала бастағанына 90 жыл (1932)
- Қаратөбе ауданының құрылғанына 90 жыл (1932)
- Тігін бұйымдарын, арнаулы жұмыс киімдерін шығаратын «АИСТ» ЖШС құрылғанына 90 жыл (1932)
- Депо – темір жол вагондарын, локомотивтерін жөндеп, техникалық күтім жасайтын кәсіпорнының құрылғанына 85 жыл (1937)
- Батыс Қазақстан облысында бірінші халық санағының жүргізілгеніне 85 жыл (1937)
- Орал-Илецк теміржол желісі құрылысына 85 жыл (1937)
- «Қайрат» – спорт қоғамының құрылғанына 85 жыл (1937)
- Орал қаласындағы жалпы білім беретін №6 мектептің құрылғанына 85 жыл (1937)
- Шыңғырлау астық қабылдау кәсіпорнының іргетасы қаланғанына 85 жыл (1937)
- Ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, БҚМУ оқытушысы болған Рүстенов Амангелдінің туғанына 80 жыл (1942) Оңтүстік Қазақстан облысы
- Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Темірғалиев Нұрланның туғанына 75 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1947)
- Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық ұйымының құрылғанына 75 жыл (1947)
- Әнші, термеші Ғұбайдуллин Амангелдінің туғанына 70 жыл, Сырым ауданының тумасы (1952-1996)
- Ардақты ұстаз, ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жазықбай Тілестің туғанына 70 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1952)
- Орал қаласының №8 орта мектебінің ашылғанына 70 жыл (1952)
- «Достық» – облыстық балалар-сауықтыру лагерінің ашылғанына 65 жыл (1957)
- Жас натуралистер станциясының ұйымдастырылғанына 65 жыл (1957)
- «Зеленстрой» бірлестігінің құрылғанына 60 жыл (1962)
- Облыста табиғатты қорғау қоғамының құрылғанына 60 жыл (1962)
- Облыстық санитарлық – эпидемиологиялық стансасының құрылғанына 60 жыл (1962)
- Кирсанов мемлекеттік қорықшасының құрылғанына 55 жыл (1967)
- Орал қаласындағы «Зенит» зауытының мәдениет сарайының ашылғанына 50 жыл (1972)
- «Альтаир» ЖШС – құрылыс фирмасының құрылғанына 30 жыл (1992)
- «Аққұм» облыстағы ландшафты қорықшасының құрылғанына 30 жыл (1992)
- Ақсай сүт зауытының іске қосылғанына 30 жыл (1992)
- Орал қаласында «Талап» АҚ-ның құрылғанына 30 жыл (1992)
- Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін қоғамдық «Арыс» қоры – қоғамдық бірлестігінің ресми тіркелгеніне 30 жыл (1992)
- «Садовское озеро» облыстық туристік базасының құрылғанына 30 жыл (1992)
- «Шалқар» биогидрологиялық қорықшасының құрылғанына 30 жыл (1992)
- Қалааралық және облысаралық маршрут бойынша жолаушылар тасымалдайтын «Автобус паркі №2» ААҚ ретінде құрылғанына 25 жыл (1997)
- Орал қаласында «АИК» ЖШС – пластмасса құбырлар жасайтын кәсіпорынның құрылғанына 25 жыл (1997)
- «Алтим» құрылыс фирмасының құрылғанына 25 жыл (1997)
- «Батысгаз» ААҚ-ның құрылғанына 25 жыл (1997)
- «Ковчег-тапан» облыстағы армян диаспорасының мәдени-ағарту қоғамы құрылғанына 25 жыл (1997)