1967 жылдан бері Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша еске алынатын және аталып өтілетін күндер» тізбегін шығарып келеді.
Библиографиялық құрал екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – «2025 жылы аталып өтетін және еске алынатын күндер» және «Күні мен айы белгісіз атаулы күндер»; екінші бөлімде – «Атаулы күндерге қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі» берілген, олар (*) белгісімен белгіленеді.
Бұл көрсеткіш өлкенің саяси, тарихи және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларды қамтиды.
Көрсеткіштің мақсаты – өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне, мәдениет, білім мекемелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына өлкетану әдебиетін насихаттауға көмек беру.
Көрсеткіште негізгі атаулы күндер мен оқиғаға қатысты адамдардың өмір жолдары мен шығармашылығына арналған шығармалардың, жұмыстардың библиографиялық тізімі қоса берілген анықтамалар бар. Бірқатар атаулы күндер бойынша өткен жылдарда шығарылған құралдарға сілтеме жасалынды.
Атаулы күндерді анықтау және нақтылау Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның анықтамалық-библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді.
Басылымның соңына есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген. Атаулы көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының шығаратын «Айтулы және атаулы күндерінің тізбесіне» өлкетанулық қосымша болып табылады.
Облыстық кітапхана өлкетанушылар, облыс жұртшылығы, мекемелер мен ұйымдардан келесі ұсынылатын құралдарды шығаруға материалдар жолдап, көмек беруіңізді өтінеді.
Басылымның мазмұнын жақсарту жөніндегі ой-пікірлеріңізді, ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауыңыз сұралады:
090000 Орал қаласы, Карев көшесі, 47 үй,
Ж. Молдағалиев атындағы БҚОӘҒК
Телефон: +7(7172)50-35-09; 50-75-49
E-mail: uralsk_library@mail.ru
info@zkolib.kz
Қаңтар
- 1 қаңтар – Жамалов Аманжол Мәкәрімұлы, ғалым, экономика ғылымының кандидаты, профессоры, Сырым ауданының тумасы, туғанына 65 жыл (1960)
- 2 қаңтар – Науқиев Қадырхан, журналист, 1976-1999 жылдары «Орал өңірі» газетінің редакциясында корректор, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бөлімінің тілшісі, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1955)
- 5 қаңтар* – Мырза Әлі Қадыр, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, Сырым ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935-2011)
- 10 қаңтар – Әйтиев Қайырхан, Қазақстанның тұңғыш физигі, Шыңғырлау ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1910).
- 15 қаңтар – Дауымов Сатыбалды, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935-2004). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 16 қаңтар* – Гудошникова Инна Алексеевна, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, туғанына 90 жыл (1935)
- 16 қаңтар – Сәрсенов Серікқали Бердығалиұлы – белгілі журналист, «Жайық Пресс» ЖШС-ның алғашқы құрушыларының бірі, директоры, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1940-2006). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 17 қаңтар – Боев Сергей Николаевич, ғалым, малдәрігерлік ғылымының докторы, профессоры, академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Орал қаласының тумасы, туғанына 120 жыл (1905 – 1987)
- 17 қаңтар – Бутин Мәжекен Есенұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1910-1974)
- 19 қантар – Букреева Мария Ивановна, ұзақ жылдар бойы «Приуралье» газетінің корректоры болып жұмыс істеген, туғанына 100 жыл (1925-1998)
- 20 қаңтар – Рашев Серік Жұмабайұлы, облыстың агроөндірістік комплексінің дамуына үлкен үлес қосқан белгілі қоғам қайраткері, туғанына 85 жыл (1940-2002). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 21 қаңтар* – Сүйіншәлиев Қалам, белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, туғанына 100 жыл (1925-2022)
- 23 қаңтар* – Негметов Мендақ, өңіріміздің экономикасы мен мәдениетінің өркендеуге үлес қосқан ауыл шаруашылығы саласындағы белгілі ардагер, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1950-2021)
- 25 қаңтар – Әжімұратов Қуаныш, күйші-қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Сырым ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1945-2000)
- 28 қаңтар – Айталиев Шмидт Мұсаұлы, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Орал қаласының тумасы, туғанына 90 жыл (1935-2007). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 31 қаңтар – Ақмамбетов Ғалихан Ғаламғалиұлы, ғалым, философия ғылымының докторы, профессор, Сырым ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935)
Ақпан
- 1 ақпан – Мырзағалиев Тауасих, Еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1930)
- 2 ақпан – Фрунзе Михаил Васильевич, көрнекті кеңестік мемлекеттік қайраткері, туғанына 140 жыл (1885-1925)
- 5 ақпан – Ойшыбаев Бақтығұл, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1940-1997). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 16 ақпан – Телеғұсов Махмұт Өтегенұлы, Қазақстан Республикасының мемлекет және әскери қайраткері, генерал-майор, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы, балалық шағы Шыңғырлау ауданының Амангелді ауылында өткен, туғанына 70 жыл (1955)
- 20 ақпан – Мусин Чапай Ғабдығалиұлы, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сырым ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935-2009). (Қараңыз: 2015 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 23 ақпан* – Атушев Фазыл, кинорежиссер, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, КСРО-ның киномотография үздігі, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1925-1988)
- 23 ақпан* – Мұқатаев Құспан Қадырұлы, полковник, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, корреспондент-мүшесі, Қауіпсіздік, қорғаныс және құқық тәртібі проблемалары академиясының академигі, ғылыми зерттеулер мен тарихи кітаптардың авторы, 1991-2008 жылдардан бастап Батыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, туған күніне 75 жыл (1950-2022)
Наурыз
- 1 наурыз* – Қуаныш Талап Таймасұлы, ұстаз, ақын, «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 60 жыл (1965)
- 3 наурыз – Амирханян Аветик Рубенович, қазақстандық саяси және қоғам қайраткері, Батыс Қазақстан облысының құрметті энергетигі, БҚО «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, туғанына 70 жыл (1955)
- 7 наурыз* – Кушаев Ғаяз Абдувалиев, археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1925-1992)
- 7 наурыз – Нұртасов Жүсіпкерей, Қазақстанның құрметті журналисі, облыстық «Орал өңірі» газетінде ұзақ жыл еңбек еткен белгілі қаламгер, тыл және еңбек ардагері, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1930-2011)
- 8 наурыз* – Культюшнов Николай Николаевич, композитор, хор дирижері, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1925-1993)
- 10 наурыз – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орда ауданы Бөкейорда ауданы деп атала бастағанына 25 жыл (2000)
- 12 наурыз – Мағжанов Идият, фотосуретші, 1964-1970 жж. облыстық «Орал өңірі» газетінде фототілші қызметін атқарды, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935-1970).
- 12 наурыз – Мусина Жансая Ғалымжанқызы, айтыс ақыны, М.Өтемісов Батыс Қазақстан университетінің қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 40 жыл (1985)
- 13 наурыз – Оспанов Қабаш Распайұлы, мемлекет қайраткері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1915-1970)
- 14 наурыз* – Жантикин Мифтах Қуанышқалиұлы, журналист, аудармашы, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1925-1992).
- 14 наурыз* – Өтегенов Наурыз Әлжанұлы, генерал-майор, Қазақстан Ішкі істер қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1925-2005)
- 19 наурыз – Қажымұратов Сердеш, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері, режиссер, Казталов ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1950). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 24 наурыз* – Балашов Александр Георгович, журналист, жазушы, Үшінші дәрежелі солдат даңқы ордендерінің иегері, Орал қаласының тумасы, туғанына 100 жыл (1925-1999)
- 24 наурыз* – Шақу Рәшид Есетұлы, сатирик, ақын, Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 60 жыл (1965-2013)
Сәуір
- 3 сәуір – Жұмағалиев Абдолла, қазақ ақыны, Сырым ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1915-1942) (Қараңыз: 2015 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 4 сәуір – Текебаева Шолпан Меңжанқызы, әдебиетші-ұстаз, ақын, журналист, туғанына 95 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1930-2015). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 8 сәуір* – Әбуов Самал, актер, Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының режиссері, Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі, Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі, Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы, туғанына 50 жыл (1975)
- 26 сәуір – Манкеева Жамал Айтқалиқызы, тілші-ғалым, филология ғылымының докторы, Шыңғырлау ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1950)
- 28 сәуір – Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының құрылғанына 65 жыл (1960). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- Сәуір – Ибалиева Мейіз Қарашайқызы, қолөнер шебері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 125 жыл (1900-1988)
- Сәуір – Северцев Николай Алексеевич, географ, саяхатшы, Оралға келеніне 165 жыл (1860)
Мамыр
- 8 мамыр – Хасанов Серікқали Сатыбалдыұлы, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушы және журналистер одақтарының мүшесі, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 65 жыл (1960)
- 9 мамыр – Жайық өзені жағалауында орнатылған Жеңіс мемориалы ескерткішінің құрылғанына 45 жыл (1980)
- 10 мамыр – Сапарғалиев Махмұд, мемлекет қайраткері, ғалым, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1910-1970)
- 16 мамыр – Здродовский Павел Феликсович, Кеңес микробиологы және иммунолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО АМН академигі, Социалистік Еңбек Ері, Орал қаласында дүниеге келген, туғанына 135 жыл (1890-1976)
- 19 мамыр* – Баяхов Әліби Науханұлы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, туғанына 60 жыл (1965)
- 23 мамыр – Садомсков Анатолий Яковлевич, суретші, Байтерек ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1940-1996). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 24 мамыр – Шолохов Михаил Александрович, орыс жазушысы дүниеге келгеніне 120 жыл (1905-1984). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 31 мамыр* – Чесноков Николай Григорьевич, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Орал қаласының тумасы, туғанына 100 жыл (1925-2014)
Маусым
18 маусым – Доронин Геннадий Николаевич, жазушы, журналист, Орал қаласының тумасы, туғанына 80 жыл (1945). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
20 маусым* – Нәріков Айтқали Нұрышқалиұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1940)
27 маусым – Антоненко Алексей Арсеньевич, ғалым, техника ғылымының кандидаты, профессоры, 1965 жылдан Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтында (қазіргі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) доценті, кафедра меңгерушісі болып жұмыс атқарған, туғанына 95 жыл (1930)
27 маусым – Орал қаласында Қазақстанның халық жазушысы, ұлы ақын Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының ашылғанына 10 жыл (2015)
27 маусым – Орал қаласында ақын Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығына орай ескерткіші орнатылғанына 10 жыл (2015)
Шілде
- 3 шілде – Короленко Владимир Галактионович, орыс жазушысы, Орал қаласына келгеніне 125 жыл (1900)
- 7 шілде – Кенжеғұлов Қайролла, ғалым, физика-математика ғылымының кандидаты, 1979-1987 жж. Орал педагогикалық институтының (қазіргі М.Өтемісов атындағы БҚУ) кафедра меңгерушісі, физика-математика факультетінің деканы, туғанына 95 жыл (1930)
- 10 шілде* – Мәдір Қуандық Насихатұлы, суретші, композитор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, доцент, БҚО «Өнер» қоғамдық қорының президенті, туғанына 60 жыл (1965)
- 10 шілде – «Ақжайық» емдеу-профилактикалық шипажайының ашылғанына 40 жыл (1985)
- 12 шілде* – Шомбалов Махмұд, журналист, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1925-1988)
- 20 шілде – Пышкин Борис Борисович, журналист, өлкетанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Орал қаласының тумасы, туғанына 95 жыл (1930-1996). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 23 шілде – Бақтыгереев Темірәлі, композитор, Казталов ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1950). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
Тамыз
- 9 тамыз – Бөлегенов Еркін Ыбырайұлы, дәрігер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, денсалық сақтау ісінің үздігі, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1930-2011)
- 15 тамыз* – Губарев Григорий Миронович, Кеңес Одағының Батыры, туғанына 100 жыл (1925-1998)
- 17 тамыз – Нагурный Владимир Александрович, Социалистік Еңбек Ері, Теректі ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935-2001)
- 19 тамыз – Вяткин Михаил Порфирьевич, революцияға дейінгі Қазақстан тарихын зерттеуге үлкен үлес қосқан, Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз халқының ұлт-азаттық көтерілісін зерттеуші, ғалым-тарихшы, туғанына 130 жыл (1895-1967)
- 30 тамыз – Еркебаев Сайымжан Нұрсейітұлы, жазушы, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935-1997)
- 30 тамыз – Хайруллина Гүлжан Бакиевна, «Приуралье» газетінің тілші-аудармашысы, туғанына 70 жыл (1955)
Қыркүйек
- 1 қыркүйек* – Ғұбайдуллин Бауыржан Файзуллаұлы, белгілі балалар жазушы, журналист, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 60 жыл (1965)
- 10 қыркүйек – Лепехин Иван Иванович, орыс ғалымы, табиғатанушы, саяхатшы, біздің өлкемізді зерттеген Ресей Ғылым академиясының мүшесі, туғанына 285 жыл (1740-1802)
- 13 қыркүйек – Махымов Темірболат, өлкетанушы, «Нарын» қоғамдық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1940-2009). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 15 қыркүйек – Жақыпов Хаби, заң қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1915-2002)
- 15 қыркүйек – Исағалиев Қуаныш, журналист, ақын, Шыңғырлау ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1940-2012). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 17 қыркүйек – «Оралагрожөнмаш» ААҚ (Орал жөндеу зауыты) кәсіпорнының құрылғанына 70 жыл (1955).
- 21 қыркүйек – Наурзин Ғилаж, журналист, 1977-1991жж. облыстық «Орал өңірі» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақстанның құрметті журналисі» атағының иегері, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1930). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 22 қыркүйек* – Сафин Хамза Әбдірахманұлы, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, қоғам қайраткері, туғанына 100 жыл (1925-2021)
- 26 қыркүйек – Зарипов Ғұмар, өлкетанушы, Қазақстан халық ағарту ісінің озаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 120 жыл (1905-1975)
- 30 қыркүйек – Бектенов Мұсағали Жайғалиұлы, әнші композитор, актер, Қазақстан Респуликасының мәдениет саласының үздігі, Сырым ауданының тумасы, туғанына 60 жыл (1965)
Қазан
- 5 қазан* – Молдағалиев Жұбан, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО және Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 105 жыл (1920-1988) (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 6 қазан – Миликеева Флюра Ириковна, Батыс Қазақстан облысы «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, туғанына 70 жыл (1955)
- 6 қазан* – Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасына ақын Жұбан Молдағалиевтің есімі берілгеніне 25 жыл (2000)
- 6 қазан – Орал қаласында Жұбан Молдағалиев ескерткіші ашылғанына 25 жыл (2000)
- 7 қазан – Омарғалиев Мақсот Константинұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, туғанына 80 жыл (1945-2017). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 10 қазан* – Анищенко Светлана Николаевна, еңбек ардагері, қоғам және мемлекет қайраткері, көп жылдары Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары жұмысын атқарған, Орал қаласының тумасы, туғанына 80 жыл (1945-2023)
- 10 қазан* – Әйтімов Ақсерік Сарыұлы, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім беру кешенінің президент-құрылтайшысы, Халықаралық академияның және Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, профессор, «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Байтерек ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1950)
- 11 қазан – Кулик Ярослав Семенович, фототілші, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, қалалық Информбиржа» газетінің фототілшісі, туғанына 75 жыл (1950). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 13 қазан – Ахметов Ким Ғұсманұлы, профессор, экономист, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Сырым ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1930-2010). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 23 қазан – Атоян Петр Александрович, еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері, Орал қаласының Құрметті азаматы, туғанына 110 жыл (1915-2003)
- 23 қазан – Қажиахметов Махмет Мүтиұлы, ақын, ардагер журналист, Сырым ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, туғанына 70 жыл (1955)
- 25 қазан* – Батыс Қазақстандық облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің ашылғанына 100 жыл (1925)
- 27 қазан* – Немолочнова Светлана Павловна, кітапханашы-библиограф, еңбек ардагері, облыстық кітапхана жанындағы Тәлімгерлер кеңесінің мүшесі, 1974-2002 жж. Ж. Молдағалиев атындағы БКОӘҒК-да жұмыс істеген, туғанына 80 жыл (1945-2002)
- Қазан – Шевченко Тарас Григорьевич, ұлы украин ақыны, Орал қаласында болғанына 175 жыл (1850)
Қараша
- 1 қараша* – Есендосов Ербол Мағзомұлы, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 50 жыл (1975)
- 9 қараша – Фокин Николай Иванович, әдебиеттанушы, Орал педагогикалық институтының оқытушысы, Орал казактары туралы бірнеше кітаптардың авторы, Орал қаласының тумасы, туғанына 95 жыл (1930). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 10 қараша – Дияров Құрман, мемлекет қайраткері, «Құрмет» медалінің иегері, Теректі ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1910-1970)
- 13 қараша* – Хасанғалиев Ескендір, әйгілі әнші-композитор, Қазақстан Республикасының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1940-2021)
- 18 қараша* – Құлшар Мәлік Иманқұлұлы, техника ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академиялық кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 65 жыл (1960)
- 21 қараша* – Қадырбаева Айсұлу, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1950)
- 26 қараша – Батыров Мақсот Қажығалиұлы, еңбек ардагері, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1930-2018). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 26 қараша – Шапекова Нэля Лукпанқызы, дәрігер–хирург, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 65 жыл (1960)
- 28 қараша – Иманғалиев Қибат Бәйішұлы, аудармашы, баспагер, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1930-2000). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
Желтоқсан
- 1 желтоқсан – Қанатбаева Әсия Бәкіқызы, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1940)
- 1 желтоқсан* – Мұқашев Сайлау Төленғалиұлы, палуан, еркін күрестен спорт шебері, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1950)
- 5 желтоқсан – Тұяқов Жәрдемғали Бисенұлы, журналист, ақын, ҚСРО-ның құрметті доноры, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935-1999)
- 12 желтоқсан – Ақбасов Өмірзақ Тұрақбайұлы, ақын, ардагер журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жанақала ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1955)
- 12 желтоқсан – Траисов Балуаш Бәкішұлы, ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, ғылыми жұмыстары Батыс Қазақстан облысының қой шаруашылығын дамытудың жаңа әдістерін зерттеуге арнаған, туғанына 75 жыл (1950)
- 15 желтоқсан – Сыздықов Кимаддин, еңбек ардагері, 1941- 1945 жж. Орал облысының комсомол комитетінің І-ші хатшысы болған, туғанына 115 жыл (1915)
- 16 желтоқсан – Әбуғалиев Ізтілеу, ғалым, ауыл шарушылық ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1930-2004)
- 16 желтоқсан – Ғұбайдуллин Аманжол, ақын, әнші, күйші, «Облыс ақыны» атанған айтыскер, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1950-1994). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 21 желтоқсан* – Камалов Сухан Мақсотұлы, ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА-ның мүшесі, Казталов ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935-2019)
- 22 желтоқсан – Орал ЖЭО – қазіргі «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы, іске қосылғанына 65 жыл (1960)
- 23 желтоқсан – Ахмедьяров Лұқпан Сайлауұлы, қазақстандық саяси журналист, азаматтық белсенді, құқық қорғаушы, «Уральская неделя» тәуелсіз газетінің қызметкері, туғанына 50 жыл (1975)
- 23 желтоқсан – Ипмағамбетов Меңдігерей, Жайық өңіріндегі революциялық қозғалыс қайраткері, Орал қаласының тумасы, туғанына 150 жыл (1875-1919). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- 23 желтоқсан – Чуриков Николай Степанович, Кеңес Одағының батыры, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1910-1997)
- 24 желтоқсан* – Исатаева Роза Жақияқызы, кітапханашы, «Кітапхана ісінің шебері», 2008-2016 жылдары Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның директоры, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1955)
- Желтоқсан – Самсонов Александр Иванович, Орал қаласында Кеңес өкіметін орнатуға қатысушы, туғанына 170 жыл (1855-1957)
АЙЫ МЕН ТУҒАН КҮНІ БЕЛГІСІЗ 2023 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕР
- Шүкірәліұлы Көбек – қазақ биі, Батыс Қазақстан облысының тумасы, туғанына 265 жыл (1760-1825)
- Абылғазыұлы Арынғазы – кіші жүз ханы, туғанына 240 жыл (1785-1833)
- Айшуақов Баймағамбет – кіші жүздің Батыс бөлігінің билеуші сұлтаны, генерал-майор, туғанына 235 жыл (1790-1847)
- Үсеұлы Үбін – батыр, Исатай-Махамбет көтерілісіне қатысқан туғанына 235 жыл (1790-ө.ж.б.)
- Бекмұхамбетов Мақаш Шолтырұлы – қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 195 жыл (1830-1904). (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- Қожамбайұлы Қашқынбай – ақын, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 195 жыл (1830-1870)
- Сармалай – сыбызғышы, күйші, Казталов ауданының тумасы, туғанына 190 жыл (1835-1885). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- Бөкеев Ғұбайдолла Жәңгірұлы – Ресей империясының генералы, қазақтан шыққан әскери қайраткер, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 185 жыл (1840-1909)
- Леман Александр – белгілі ботаник Орал қаласында болғанына 185 жыл (1840)
- Ханыков Яков Владимирович – географ, этнограф, Орал қаласында болғанына 185 жыл (1840)
- Ақтанов Мұхамет – қазақтың алғашқы арнаулы білімді мал дәрігерінің, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 175 жыл (1850-о.ж.б.)Небольсин Павел Иванович – этнограф, 175 жыл бұрын Орал қаласында болған (1850)
- Шығаев Шарафеддин Көшекқалиұлы – жергілікті басшы, Ресей армиясының әскери қайраткері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 175 жыл (1850 ж.)
- Шымырұлы Едиге – емші, көреген, қасиетті адам, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 175 жыл (1850-1926)
- Асанов Жақиян – күйші, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 170 жыл (1855-1920).Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы – қоғам қайраткері, заңгер ағартушы-демократ, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 165 жыл (1860-1934). (Қараңыз: 2015 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- Бөкейханов Науша Мырзагерейұлы – күйші, домбырашы, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 155 жыл (1870-1944). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- Жұмаш молла – Нарын құмындағы емші, дін қайраткері, туғанына 155 жыл (1870-1918/19)
- Күсіпқалиев Дәулетше – алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, Батыс Алашорда қайраткерінің туғанына 155 жыл (1870-1944)
- *Қараш Ғұмар – ойшыл ақын, қоғам қайраткері, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 150 жыл, (1875-1921)
- Ізімғали әулие – халық емшісі, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 145 жыл (1880-1911)
- Абдуллин Ғұсман – Социалистік Еңбек Ері, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1885-1965)
- Бердиев Ғұбайдолла Есқалиұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, алғашқы мал дәрігерлерінің бірі, Батыс Қазақстан облысының тумасы, туғанына 140 жыл (1885-1921)
- Салауаткерей – күйші-композитор, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1885-1915)
Тәтібаев Қазмұхамед Мұқанұлы – Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы арнайы білімді әскери мамандарының бірі, Батыс Қазақстан облысының тумасы, туғанына 140 жыл (1885-1962) - Бөкейханов Махамбет Нұрмұхаметұлы – күйші-композитор, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1890-1937). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- Даушов Сенғали – «Алаш» қозғалысының қатысушысы, Қаратөбе ауданы Соналы ауылындағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1890-1928)
- Жұмағалиұлы Арыстан – Батыс Қазақстандағы белгілі көріпкел, емші, сынықшы, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1890-1976)
- Оралдиев Медеш – журналист, 1937 репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілген, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1890-1937)
- Сарбөпин Нұғыман – Алаш қозғалысына қатысушы, қазақтың арнаулы білімді алғашқы әскери мамандарының бірі, Батыс Қазақстан облысының тумасы, туғанына 135 жыл (1890-1918)
- Сержанов Мәмбет – Социалистік Еңбек Ері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1890-1954)
- Жымпиты ауылында Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы білім беретін оқу орны ашылғанына 135 жыл (1890)
- Орда орман шаруашылығының құрылғанына 135 жыл (1890)
- Әлжанов Батырбек – Ақ Жайық өңірінде баспасөз ісін ұйымдастырушылардың бірі, Азамат соғысына қатысушы, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1895-1940)
- *Мәмет Ахмет (Ахметқали) – ағартушы, ақын, журналист, Батыс Алашорда қайраткері, әйгілі қазақ батыры Мәншүк Мәметованың әкесі, туғанына 130 жыл (1895-1938)
- Тоқай Ғабдолла – татар ақыны, публицист, Орал қаласында тұрғанына 130 жыл (1895-1907)
- Иванов Всеволод Вячеславович – ғалым, биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері, Орал педагогикалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі болып қызмет жасаған, туғанына 120 жыл (1805-1985)
Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылының іргесі қаланғанына 120 жыл (1905) - Ерубаева Жібек – халық ақыны, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1910)
- Көшімбаев Атымтай Ыбырайұлы – ғалым, Қазақстанның халық ағарту ісінің үздігі, филология ғылымының кандидаты, профессоры, 1951-1954 жж. Оралдағы мұғалемдердің білімін жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі, Орал педагогикалық институтының аға оқытушысы, туғанына 115 жыл (1910-1977)
- Федин Константин Александрович – орыс кеңес жазушысы және журналист, Оралда болған уақыттан 115 жыл (1910)
- Шамсутдинов Хасан Зиганшевич – мүсінші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, облыс және Орал қаласының ескерткіштері мен мүсіндерінің авторы, туғанына 115 жыл (1910-1991)
- Шыңғырлау темір жол станциясына 115 жыл (1910)
- Захаров Владимир Апполонович – майдангер, Данқ орденінің толық иегері, Орал қаласының тумасы, туғанына 110 жыл (1915-1990)
- *Акимова Зинаида Михайловна – А. Островский атындағы облыстық драма театрының әртісі, Орал қаласының тумасы, туғанына 100 жыл (1925-1983)
- *Берғалиев Жөкен – жылқышы, Социалистік Еңбек Ері, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1925-2006)
- *Иванов Всеволод Вячиславович – орыс жазушысы Орал қаласына тоқтағанына 100 жыл (1925)
- Ковалев Алексей Леонтьевич – Данқ орденінің иегері, Бөрлі ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1925-1997)
- «Динамо» – облыстық спорт қоғамының Орал қаласында құрылғанына 100 жыл (1925)
- Әбілғазиев Бақтығали – Социалистік Еңбек Ері, Теректі ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1930)
- Әбілов Хамит – ақын, журналист, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1930-1998)
Мұхамбетов Айсағали Әбілхасымұлы – Еңбек ардагері, қоғам қайраткері, Зеленов ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1930) - Ветеринарлық клиника, 95 жыл бұрын Орал қаласында ашылған (1930)
- Жаңақала ауданының құрылғанына 95 жыл (1930)
- Казталов ауданының «Талдықұдық» ауылының құрылғанына 95 жыл (1930)
- Орал балық комбинаты, 95 жыл бұрын Орал қаласында ашылған (1930)
- Абдолов Ыбырайым Төлеуғалиұлы – палуан, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, Тайпақ ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935)
- Айтасов Мүсір Иманқұлұлы – ғалым, КСРО-ның еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері, Ақжайық ауданының тумасы туғанына 90 жыл (1935-2020)
- Аюпов Биболат Насырұлы – күйші, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935-1969)
- Бозов Нұрбек Сафиұлы – ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, Байтерек ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935)
- Дәулетқалиев Сәкен Қаламқалиұлы – ғалым, география ғылымының докторы, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935)
- Қазақ драма театры, 90 жыл бұрын Орал қаласында ашылды (1935)
- Қойшыбаев Чарлиз – Еңбек ардагері, Бөкейордасы ауданының Құрметті азаматы, туғанына 85 жыл (1940-2021)
- Өмірбаев Арманда Тайырұлы – денсаулық сақтау саласына еңбек сіңген дәрігер, Сырым ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1940-2019)
- Өтебәлі Ғаділше Дәулетқалиұлы – қоғам қайраткері, тарихшы, өлкетанушы, Сырым ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1940-2016). (Қараңыз: 2020 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- Орал қаласында онкологиялық диспансерінің ұйымдастырылғанына 75 жыл (1950)
- Жүсіпбеков Асқар Жағыпарұлы – ғалым, техника ғылымдарының докторы, Батыс қазақстан облысының тумасы, туғанына 70 жыл (1955)
- Сүлейменов Әділбек Нәсекенұлы – композитор, Казталов ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1955)
- Төлебаев Болатқали – ақын, Жәнгір хан атындағы БҚАТУ-ң ардагер-ұстаз, доцент, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, туғанына 70 жыл (1955)
- «Жайықселқұрылысы» құрылыс кәсіпорнының құрылғанына 70 жыл (1955)
- Дина Нұрпейісова атындағы саз мектебінің ашылғанына 70 жыл (1955)
- Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының ашылғанына 65 жыл (1960)
- Орал қаласында екінші кәсіптік-техникалық лицейдің ашылғанына 65 жыл (1960)
- ТЭЦ құрылғанына 65 жыл (1960)
- Жаңақала ауданында Үшкілтас газ кен орнының анықталғанына 65 жыл (1960)
- Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының құрылғанына 65 жыл (1960)
- Тасқала ауданының «Ақтау» («Красный маяк») ауылы құрылғанына 60 жыл (1965)
- Орал мұнай құбыры басқармасының құрылғанына 55 жыл бұрын (1970)
- Жәнібек ауданындағы су қоймасының құрылғанына 50 жыл (1975)
- Зеленов ауданы Дарьинск ауылындағы Мәдениет үйінің ашылғанына 50 жыл (1975)
- «Саяхат» қонақ үйі, Орал қаласында ашылғанына 50 жыл (1975)
- «Трекино» ауылы Зеленов ауданының құрылғанына 50 жыл (1975)
- Тасқала ауданының «Семиглавый Мар» ауылының құрылғанына 50 жыл (1975)
- Орал қаласындағы көрме залына 45 жыл (1980)
- Ардагерлер ұйымының Батыс Қазақстан облыстық кеңесінің құрылғанына 45 жыл (1985)
- «Оралмұнайгазгеология» мемлекеттік мұнай барлау компаниясы ашылғанына 45 жыл (1985)
- Теректі ауданында «Дубров» ботаникалық қорықшасының құрылғанына 45 жыл (1985)
- Ақсай Нан-тоқаш комбинатының ашылғанына 35 жыл (1990)
- Қаратөбе ауданындағы өлкетану мұражайының ашылғанына 35 жыл (1990)
- Облыстық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық берлестігінің құрылғанына 30 жыл (1990)
- «Нарын» қоғамдық қозғалысына 35 жыл (1990) (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
- «Оралэнерго» ААҚ компаниясының, қазір Батыс Энергоресурсы ЖШС, құрылғанына 35 жыл (1990)
- Байтерек (Зеленов) ауданындағы «Селекционный» ботаникалық қорықшасының ұйымдастырылғанына 35 жыл (1990)
- Ресей мен Қазақстан арасындағы консулдықтардың – РФ консулдығы Орал қаласында, ҚР консулдығы Астрахан қаласында ашу туралы келісімге қол қойылғанына 25 жыл (2000)
- «Атамекен» жазғы балалар демалыс лагерінің құрылғанына 25 жыл (2000)

