1967 жылдан бері Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша еске алынатын және аталып өтілетін күндер» тізбегін шығарып келеді.
Библиографиялық құрал екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – «2022 жылы аталып өтетін және еске алынатын күндер» және «Күні мен айы белгісіз атаулы күндер»; екінші бөлімде – «Атаулы күндерге қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі» берілген, олар (*) белгісімен белгіленеді.
Бұл көрсеткіш өлкенің саяси, тарихи және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларды қамтиды.
Көрсеткіштің мақсаты – өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне, мәдениет, білім мекемелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына өлкетану әдебиетін насихаттауға көмек беру.
Көрсеткіште негізгі атаулы күндер мен оқиғаға қатысты адамдардың өмір жолдары мен шығармашылығына арналған шығармалардың, жұмыстардың библиографиялық тізімі қоса берілген анықтамалар бар. Бірқатар атаулы күндер бойынша өткен жылдарда шығарылған құралдарға сілтеме жасалынды.
Атаулы күндерді анықтау және нақтылау Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның анықтамалық-библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді.
Басылымның соңына есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген. Атаулы көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының шығаратын «Айтулы және атаулы күндерінің тізбесіне» өлкетанулық қосымша болып табылады.
Облыстық кітапхана өлкетанушылар, облыс жұртшылығы, мекемелер мен ұйымдардан келесі ұсынылатын құралдарды шығаруға материалдар жолдап, көмек беруіңізді өтінеді.
Басылымның мазмұнын жақсарту жөніндегі ой-пікірлеріңізді, ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауыңыз сұралады:
090000 Орал қаласы, Карев көшесі, 47 үй,
Ж. Молдағалиев атындағы БҚОӘҒК
Телефон: +7(7172)50-35-09; 50-75-49
E-mail: uralsk_library@mail.ru
info@zkolib.kz
Қаңтар
- 1 қаңтар – Көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның Халық артісі Құрманғалиев Ғарифолланың туғанына 115 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1909-1993)
- 1 қаңтар – Социалистік Еңбек Ері Нұрғалиев Сағидолла Исаұлының туғанына 90 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1934)
- 1 қаңтар – Әнші, термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген артісі Рахимова Қалампырдың туғанына 75 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1949-1988) /Қараңыз: «2019 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі» /
- 2 қаңтар – Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сағатов Мансұрдың туғанына 85 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1939-2002) /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 3 қаңтар – Ақын, публицист, аудармашы, Ақжайық өңірінің зертеушісі Михайлов Михаил Ларионовичтың туғанына 195 жыл (1829-1865) /Қараңыз: «1989 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 7 қаңтар – Қазақтың әйгілі ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің жары Мырзағалиева Салтанаттың туғанына 85 жыл (1939)
- 10 қаңтар – Социалистік Еңбек Ері Ерешев Сағындықтың туғанына 95 жыл, Казталов ауданының тумасы (1929-2009)
- 10 қаңтар – Социалистік Еңбек Ері, егінші Жүсіпов Мақаштың туғанына 85 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1939-2006)
- 11 қаңтар – Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы Қалиев Ибрагим Әдиетұлының туғанына 65 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1959)
- 11 қаңтар – Орынбор, Орал өңірін зерттеуші Эверсман Эдуард Александровичтің туғанына 230 жыл (1794-1860)
- 12 қаңтар – Жәнібек ауданында партия комитетінің І-ші хатшысы болған Шарафеддинов Шыныбайдың туғанына 85 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1939-1991) /Қараңыз: «2014 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 14 қаңтар – Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ақжайық» телеарнасының тілшісі Балмолда Мұнайдар Мұқамбетжанұлының туғанына 55 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1969) /«Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша….күндер тізбегі»/
- 27 қаңтар – Еңбек ардагері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Батыс Қазақстан облыстық Аналар кеңесінің мүшесі, Орал қаласының Құрметті азаматы Кужекова Роза Лукьянованың туғанына 85 жыл (1939)
- *30 қаңтар – Социалистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылығы маманы Шкилев Иван Константиновичтің туғанына 100 жыл (1924-1999)
- Қаңтар – Орыс жазушысы Плещеев Алексей Николаевичтің Орал қаласына тоқтағанына 175 жыл (1849)
Ақпан
- 3 ақпан – Социалистік Еңбек Ері Есімов Ескендірдің туғанына 95 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1929-2021)
- 6 ақпан – Ауыл шаруашылық ғылымының докторы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессоры Жұбатырова Сания Сафиқызының туғанына 60 жыл (1964)
- 10 ақпан – Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Қисамединов Мақұм Мұстахұлының туғанына 85 жыл (1939-1984)
- 11 ақпан – Балалар жазушысы, 1926 жылдан 1928 жылдың күзіне дейін Орал қаласында тұрған Бианки Виталий Валентиновичтің туғанына 130 жыл (1894-1959)
- 13 ақпан – Жайық өңірінде жастық шағын өткізген орыс жазушысы, мысалшы-ақын, драматург, аудармашы Крылов Иван Андреевичтің туғанына 255 жыл (1769-1884) 16 ақпан – Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессоры, қоғам қайраткері, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі және Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бозымов Қазыбай Қараұлының туғанына 75 жыл (1949)
- 17 ақпан – Журналист, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Көшенов Ғарифолланың туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939) /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 20 ақпан – Актер, театр қайраткері, Қазақстанның халық әртісі, 1949-1960 жылдары Орал облыстық орыс драма театрында қызмет жасаған Ангаров Николай Константиновичтің туғанына 110 жыл (1914-1990)
- *20 ақпан – География ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісұлы атындағы БҚУ-нің оқытушысы Терещенко Татьяна Александровнаның туғанына 70 жыл (1954)
- 23 ақпан – БҚАТУ-дың ардагер ұстазы, профессор Жұбаев Сергей Шұғайұлының туғанына 85 жыл (1939-2010) /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 24 ақпан – Орал қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері, азаматтық және Ұлы Отан соғыстарына қатысушысы, генерал-майоры Есипенко Илларион Тимофеевичтің туғанына 130 жыл (1894-1988)
- 29 ақпан – Этнограф ғалым, археолог, әрі антрополог Харузин Алексей Николаевичтің туғанына 160 жыл (1864-1932) /Қараңыз: «2004 жылғы БҚО бойынша …..күндер тізбегі»/
Наурыз
- 2 наурыз – Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Тастаев Абаттың туғанына 75 жыл, Теректі ауданының тумасы (1949)
- 2 наурыз – Тың жерлерді игеру ісінің басталғанына 70 жыл (1954)
- 8 наурыз – Әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының кандидаты, Ұлы Отан соғысына қатысушысы Тұрарбеков Зейнолланың туғанына 115 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1909 – 1996)
- *9 наурыз – Спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуанышев Батырдың туғанына 70 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1954)
- 12 наурыз – Театр режиссері, философия ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маемиров Асхат Мақсымұлының туғанына 50 жыл, Сырым ауданының тумасы (1974)
- *13 наурыз – Айтыскер ақын, Теректі ауданы «Үміт» лингвистикалық гимназиясының директоры болған Мұштанова Дариға Ғазезқызының туғанына 70 жыл (1954)
- 14 наурыз – Ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Қылышев Лұқпанның туғанына 115 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1909-1991)
- 19 наурыз – Мемлекет қайраткері, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженері Бегалиева Мәдинаның туғанына 125 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1899-1974) /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- *19 наурыз – Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, К.Байсейітова атындағы республикалық әншілер байқауының лауреаты, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының солист-вокалисі, М. Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан университетінің доценті Рахимова Жұмағанымның туғанына 70 жыл (1954)
- *19 наурыз – Айтыскер ақын Елеубаева Үзілдіктің туғанына 70 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1954)
- 20 наурыз – Композитор, фольклоршы және қазақ музыкасын зерттеуші Затаевич Александр Виктровичтің туғанына 135 жыл (1869-1936)
- 20 наурыз – Халық ақыны, Жазушылар одағының мүшесі Өтеғалиева Халиманың туғанына 135 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1889-1984). /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 28 наурыз – Қоғам қайраткері Сариева Рысты Қалесқызының туғанына 75 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1949). /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
Сәуір
- 3 сәуір – Орал қаласында жеке қаражатқа тегін көпшілік оқу залы ашылғанына 130 жыл (1894)
- 5 сәуір – Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессоры Бекмұхамбетов Ерсайын Сатыбалдыұлының туғанына 90 жыл, Теректі ауданының тумасы (1934)
- *11 сәуір – Оралдық суретші, педагог Котельников (Гофман) Виктор Адольфовичтің туғанына 100 жыл (1924-1987)
- 11 сәуір – Биология ғылымдарының кандидаты, геоботаник, М.Өтемісұлы атындағы БҚУ-нің доценті болған Шүйіншәлиев Әділгерей Төлегенұлының туғанына 85 жыл (1939-2009)
- 25 сәуір – Күйші, композитор Сүйінбеков Оразғалидың туғанына 135 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1889-1964) /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 28 сәуір – Тарихшы, қазақтар арасынан шыққан тұңғыш тарих ғылымының кандидаты атағын алған Әділгереев Халел Мұхамеджанұлының туғанына 120 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1904-1974)
Мамыр
- 2 мамыр – Әнші, термеші, жыраулық өнер дәстүрін насихаттаушы Сәрсенғалиев Жақсылық Төлеуұлының туғанына 80 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1944-2001) /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- * 4 мамыр – Қазақ композиторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, тележүргізуші және продюсер Дүйсенов Арман Нариманұлының туғанына 50 жыл, Орал қаласының тумасы (1974-2023)
- 5 мамыр – Алғашқы халық мұғалімдерінің бірі, қоғам қайраткері Залиев Нұғыманның туғанына 135 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1889-1938)
- 5 мамыр – Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессоры Иманғалиев Әсердің туғанына 95 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1929 – 2015)
- *5 мамыр – Соғыс ардагері, Даңқ орденінің толық иегері Имашев Қайырғазының туғанына 100 жыл, Казталов ауданының тумасы (1924-1980)
- 6 мамыр – Айтыс ақыны Қыдырниязова Шолпан Батырқызының туғанына 75 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1949) /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- *8 мамыр – Кеңес Одағының Батыры Хұсайынов Ахмедияр Дәуленұлының туғанына 100 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1924-1986)
- 9 мамыр – Театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Темірсұлтанова Данагүл Қайырсапқызының туғанына 60 жыл, Қазталовка ауданының тумасы (1964)
- 10 мамыр – Социалистік Еңбек Ері Ержанов Манап Бақытұлының туғанына 95 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1929-2004)
- *12 мамыр – Тарих ғылымдарының докторы, профессоры Шәлекенов Уахиттың туғанына 100 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1924-2020)
- 15 мамыр – Жайық өңіріне белгілі мәдениет қайраткері, Батыс Қазақстан облыстық «Ламед» еврей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Баюканский Феликс Аркадьевичтің туғанына 75 жыл (1949)
- 20 мамыр – Әнші, Қазақ ССР-нің халық әртісі Қаражігітов Нариманның туғанына 90 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы, (1934-2021)
Маусым
- 1 маусым – Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 1993-1999 жылдары Батыс Қазақстан облыстық драма театрында актер, қоюшы-режиссер, бас режиссер қызметін атқарған Ахманов Мұрат Ноянбайұлының туғанына 65 жыл (1959)
- 3 маусым – Қоғам қайраткері, тарих ғылымының кандидаты, Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхамбетов Мырзағали Әбілқасымұлының туғанына 85 жыл (1939)
- *6 маусым – Жайық өңірінде болған орыстың ұлы ақыны Пушкин Александр Сергеевичтің туғанына 225 жыл (1799-1837)
- 9 маусым – Қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Қаленбаева Меруерт Қабыкенқызының туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939) /Қараңыз: «2004 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 9 маусым – Социалистік Еңбек Ері, академик, ботаник, өлкетанушы, 1918-1923 жылдары Орал қаласында жұмыс жасаған Ларин Иван Васильевичтің туғанына 135 жыл (1889-1972)
- 10 маусым – Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Аралбаев Жоламанның туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1944)
- 12 маусым – Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының және Журналистер одағының мүшесі Өтемісов Саламаттың туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939-2010) /Қараңыз: «2014 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 14 маусым – Қоғам қайраткері, Бөкей ордасы мен Жаңақала аудандарының құрметті азаматы Хайретдинов Лавр Рашидұлының туғанына 65 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1959)
- 16 маусым – Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессоры Нұрмұқанов Хайролла Мырзағалиұлының туғанына 95 жыл, Казталов ауданының тумасы (1929-2008)
- 16 маусым – Кеңес Одағының Батыры Хитеев Борис Никитовичтің туғанына 115 жыл, Орал қаласының тумасы (1909-1943)
- 25 маусым – Қоғам қайраткері, І Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі болған Жантөрин Сәлімгерей Сейітханұлының туғанына 160 жыл (1864-1920) /Қараңыз: «2014 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 28 маусым – Ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессоры Қасенов Қожантай Оразұлының туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939)
Шілде
- 10 шілде – Социалистік Еңбек Ері Мұқсимов Бақтыгерейдің туғанына 85 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1939-2005)
- 10 шілде – Қоғам қайраткері, Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесі президиумының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Салықов Ербол Ғұмарұлының туғанына 60 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1964)
Тамыз
- 1 тамыз – «СКФ Отделстрой» ЖШС басшысы, Батыс Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Михно Валентина Павловнаның туғанына 70 жыл (1954)
- 7 тамыз – Қоғам қайраткері, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Сапаров Табылғали Сатқанұлының туғанына 70 жыл, Бөрлі ауданының тумасы (1954)
- 9 тамыз – Актриса, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мәмбетова Әсел Иманғалиқызының туғанына 65 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1959). /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 11 тамыз – Ғалым, биология ғылымдарының докторы, М.Өтемісұлы атындағы БҚУ-дың профессоры Фартушина Мария Максимовнаның туғанына 95 жыл (1929-2018)
- 14 тамыз – Жайық өңіріндегі азамат соғысының белсенді мүшесі Батурин Павел Степановичтің туғанына 135 жыл (1889-1919)
- 16 тамыз – Спортшы, байдарка мен каноэ жарысынан әлем чемпионы Акушников Александр Павловичтің туғанына 65 жыл, Орал қаласының тумасы (1959)
- 17 тамыз – Әуесқой композитор Қуанғалиев Жасталаптың туғанына 85 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1939-2013)
- 19 тамыз – Ғалым, қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Зейнуллин Аманжолдың туғанына 75 жыл (1949-2021) /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 21 тамыз – Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Ахметов Бақтығалидың туғанына 85 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1939)
- *23 тамыз – Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақтыгереева Ақұштаптың туғанына 80 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1944).
- *24 тамыз – Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінің құрылғанына 80 жыл (1944)
- *27 тамыз – Түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессоры Сабыр Мұрат Бөкенбайұлының туғанына 60 жыл (1964)
Қыркүйек
- 5 қыркүйек – Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі Жұмақаев Төлегеннің туғанына 110 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1914-1984) /Қараңыз: «2014 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- *7 қыркүйек – Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Егізбаев Рахметолла Сүйіндікұлының туғанына 100 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1924-1983)
- 10 қыркүйек – 1982-2008 жылдары Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның директоры болған, мәдениет қызметкері Жұмақаева Гүлжан Төлегенқызының туғанына 75 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1949) /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 14 қыркүйек – Ғалым-маман, экономика ғылымдарының кандидаты, профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Сәниев Мизамғалидың туғанына 95 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1929-2002)
- 15 қыркүйек – Социалистік Еңбек Ері Әбдішев Карипулла Шынышұлының туғанына 85 жыл, Казталов ауданының тумасы (1939)
- 15 қыркүйек – Суретші Сумароко Василий Антоновичтің туғанына 85 жыл, Теректі ауданының тумасы (1939-2018) /Қараңыз: 2014 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі/
- 16 қыркүйек – Қоғам қайраткері Жақыпов Қабиболла Қабенұлының туғанына 75 жыл, Казталов ауданының тумасы (1949). /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 17 қыркүйек – «Автокомбинат» ЖШС басшысы, Орал қаласының Құрметті азаматы Голоухов Валерий Ивановичтың туғанына 70 жыл (1954)
- 17 қыркүйек – Қоғам қайраткері Манаев Нұғыман Сәрсенұлының туғанына 125 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1899-1942)
- 23 қыркүйек – Географ-топырақтанушы, Қазақстанның, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының топырағын зерттеуші Неуструев Сергей Семеновичтің туғанына 150 жыл (1874-1928)
- 24 қыркүйек – Зеленов ауданы Дарьинск ауылындағы Нобель сыйлығының лауреаты М. Шолоховтың мұражай-үйінің ашылғанына 45 жыл (1979) /Қараңыз: «2009 жылғы БҚО бойынша….. күндер тізбегі»/
Қазан
- 10 қазан – Әнші, жыршы, термеші, сазгер, Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі, ардагер-ұстаз Қабиева Баян Құбайқызының туғанына 70 жыл, Казталовка ауданының тумасы (1954)
- *13 қазан – Ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бүркітов Отарәлінің туғанына 70 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1954-2005)
- 14 қазан – Орал-көшім суару-суландыру жүйесінің ашылғанына 85 жыл (1939)
- 15 қазан – Ғалым-маман, Социалистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Башмаков Николай Ивановичтің туғанына 120 жыл, Орал қаласының тумасы (1904-1996)
- *15 қазан – Авиа-инженер, ұшқыш, Қазақстанның еңбек сіңірген транспорт қызметкері, Жаңақала ауданының құрметті азаматы Бектасов Қабдол Өтепұлының туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1924-2011)
- 17 қазан – Офицер, жазушы және суретші Масянов Леонти Лукьяновичтің туғанына 130 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1894-1978)
- 22 қазан – Социалистік Еңбек Ері Ташқынов Қадыйдың туғанына 75 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1949)
- 30 қазан – Педагогика ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті Ли Татьяна Владимировнаның туғанына 80 жыл, Байтерек ауданының тумасы (1944)
Қараша
- 2 қараша – Ақын Жұбан Молдағалиевтың асыл мұрасын сақтап, келер ұрпаққа естеліктерімен бөлісіп отыруды өмірінің бір бөлшегіне айналдырған жары Молдағалиева София Мәлікқызының туғанына 95 жыл (1929)
- 4 қараша – Бөрлі ауданы «Успенка» ауылының (бұрыңғы «Березов») іргесі қаланғанына 70 жыл (1954)
- *7 қараша – Кеңес Одағының Батыры, соғыс және еңбек ардагері Жақсығұлов Садық Шәкелұлының туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1924-2009)
- 9 қараша – Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессоры Пересветов Николай Николаевичтің туғанына 90 жыл (1934-2021)
- *11 қараша – Ақын, жазушы, драматург, аудармашы Аманшин Берқайыр Сәлімұлының туғанына 100 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1924-1985)
- 11 қараша – Физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісұлы атындағы БҚУ-нің доценті Вознякевич Алфред Кондратьевичтің туғанына 95 жыл (1929-2009)
- *11 қараша – Соғыс және еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ершуриева Ұрқия Ибрашқызының туғанына 100 жыл, Сырым ауданының тумасы (1924-2006)
- 12 қараша – Мемлекет, қоғам қайраткері Ілиясов Ғұбайдолла Отарұлының туғанына 110 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1914-2001)
- 14 қараша – Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұхитов Лұқпанның туғанына 130 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1894-1957). /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша…… күндер тізбегі»/
- 21 қараша – Мұхит Мерәліұлы қоғамдық қорының директоры, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Рахметжанов Сағадаттың туғанына 65 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1959) /Қараңыз: 2019 жылғы БҚО бойынша….. күндер тізбегі/
- 22 қараша – Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессоры, Қазақстан білім беру ісінің үздігі Мәшімбаев Серік Мектепұлының туғанына 85 жыл, Казталов ауданының тумасы (1939) /Қараңыз: «2009 жылғы БҚО бойынша…… күндер тізбегі»/
- 24 қараша – Жергілікті жазушы, тарихшы, этнограф Железнов Иосиф Игнатьевичтің туғанына 200 жыл (1824-1863)
Желтоқсан
- 5 желтоқсан – Еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі, Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің І хатшысы болған Қоспанов Шапеттің туғанына 110 жыл (1914-2006)
- 6 желтоқсан – Бөрлі ауданы «Ақсу» ауылының іргесі қаланғанына 70 жыл (1954)
- 9 желтоқсан – Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Исаев Ораз Жанұзақұлының туғанына 125 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1899-1939) /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша ….. күндер тізбегі»/
- 10 желтоқсан – Ғалым-педагог, соғыс және еңбек ардагері, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі Ақмұрзин Сәрсеннің туғанына 115 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1909-1999)
- 10 желтоқсан – Ғалым, география ғылымдарының кандидаты, профессоры, Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі Ғалымов Аманкелдінің туғанына 80 жыл, Казталов ауданының тумасы (1944-2002) /Қараңыз:«2019 жылғы БҚО бойынша…..күндер тізбегі»/
- *11 желтоқсан – Еңбек және соғыс ардагері Ғайсин Қадыр Хабитұлының туғанына 100 жыл, Сырым ауданының тумасы (1924-2016)
- *12 желтоқсан – Соғыс ардагері, генерал-майор Сейітқазиев Жақия Ғаббасұлының туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1924-1999)
- 16 желтоқсан – Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессоры Сайкиев Халаби Мұхитұлының туғанына 110 жыл, Бөрлі ауданының тумасы (1914-1986)
- *16 желтоқсан – Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шахин Аманкелдінің туғанына 70 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1954)
- 18 желтоқсан – Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхананың құрылғанына 55 жыл (1969) /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша …… күндер тізбегі»/
- *19 желтоқсан – Орда ауданында партиялық-басшылық қызметтер атқарған, «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері Нәсимоллин Мұраттың туғанына 100 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1924-1995)
- *20 желтоқсан – Ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Бержанов Қартбай Бекенұлының туғанына 100 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1924-1975)
- 20 желтоқсан – Қазақтың тұңғыш пианиношы қызы Шомбалова Гүлжаухар Айыпқызының туғанына 105 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1919-1958) /Қараңыз: «2019 жылғы БҚО бойынша …… күндер тізбегі»/
- 21 желтоқсан – Доцент, педагогика ғылымының кандидаты Выдрина Наталья Алексеевнаның туғанына 70 жыл (1954)
- 22 желтоқсан – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Құлманов Бақтыгерейдің туғанына 165 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1859-1919) /Қараңыз: «2009 жылғы БҚО бойынша …… күндер тізбегі»/
- 23 желтоқсан – Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің мүшесі және белсенді қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жанқадамов Бижан Әбілқасұлының туғанына 135 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1889-1937)
- *25 желтоқсан – Кеңес Одағының Батыры Черненко Николай Власовичтың туғанына 100 жыл, Бөрлі ауданының тумасы (1924-2006)
- 29 желтоқсан – Ғалым, техника ғылымдарының докторы Мұратов Әбілдің туғанына 90 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1934)
- *31 желтоқсан – Ғалым, өнертану ғылымдарының кандидаты Бисенова Ғафура Нұрғалиқызының туғанына 100 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1924-1991)
- Желтоқсан – Орыс композиторы, пианист, дирижер Алябьев Александр Александровичтің Орал қаласына келгеніне 190 жыл (1834)
АЙЫ МЕН ТУҒАН КҮНІ БЕЛГІСІЗ 2023 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕР
- Әскери қайраткер, Е.И. Пугачевтің серігі Овчинников Андрей Афанасьевичтің туғанына 285 жыл, Батыс Қазақстан облысы (1739-1774)
- Мемлекет қайраткері, Кіші жүз ханы, Айшуақ ханның үлкен ұлы, Сырым Датұлының көтерілісіне қатысқан Жантөре ханның туғанына 265 жыл (1759-1809)
- Ішкі ордада Бөкей ордасының архивінің ұйымдастырылғанына 230 жыл (1794)
- Тарихшы, этнограф Левшин Алексей Ираклиевичтің туғанына 225 жыл (1799-1879)
- Жергілікті өлкетанушы Курилин Меркурий Кузьмичтің туғанына 200 жыл, Орал қаласының тумасы (1824-1890)
- Жәңгір ханның баласы, хан тағының заңды мұрагері болған Бөкеев Сақыпкерей Жәңгірұлының туғанына 195 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1829-1849)
- Айтыскер ақын Есқожаұлы Төребайдың туғанына 180 жыл, Сырым ауданының тумасы (1844-1911)
- Жергілікті өлкетанушы, педагог, саяси репрессия құрбаны Данилевский Константин Васильевичтің туғанына 160 жыл (1864-1938)
- Өңірімізден шыққан алғашқы педагог, Ж.Досмұхамедовтың ұстазы болған Сүйербаев Құрманғалидың туғанына 160 жыл (1864-1947)
- Әнші, ақын Аязбайұлы Ерғалидың туғанына 155 жыл, Казталов ауданының тумасы (1869-1929)
- Қоғам қайраткері, Күнбатыс Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі Қалменов Алпысбайдың туғанына 155 жыл (1869-1937)
- Өлкетанушы Осткевич-Рудницкий Евгений Васильевичтің туғанына 155 жыл (1869-ө.ж.б.)
- Алғашқы қазақ журналистерінің бірі, ақын, қоғам қайраткері Бұйрин Елеусіннің туғанына 150 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1874-1933) /Қараңыз: «2009 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі»/
- Суырып салма ақын, жыршы Еламанұлы Көшелектің туғанына 150 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1874-1951)
- Орал қаласында орыс-қазақ мектеп үйінің (бұл үйде қазір облыстық тарихи-өлкетану музейі орналасқан) салынғанына 145 жыл (1879)
- Социалистік Еңбек Ері Еділбаев Керейдің туғанына 140 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1884-1956)
- Социалистік Еңбек Ері Жанарыстанов Қалидың туғанына 140 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1884-1968)
- Әнші, композитор Қаратаев Шынтастың туғанына 140 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1884-1948)
- Социалистік Еңбек Ері, мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері Қолғанатов Нұрғалидың туғанына 140 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1884-1967)
- Жазушы, драматург Малабаев Рахметжан Сәрсембайұлының туғанына 140 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1884-1962)
- Ақжайық ауданың Тайпақ ауылында И. С. Тургенев атындағы кітапхананың ашылғанына 140 жыл (1884) /Қараңыз: «2014 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі»/
- Ақын Аймұрзаев Жәлелдің туғанына 135 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1889-1969)
- Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Бейсенов Бақтығалидың туғанына 135 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1889-1938)
- Күйші, саятшы Дүйсеғұлұлы Әжігерейдің туғанына 135 жыл (1889-1956)
- Социалистік Еңбек Ері Есниязов Алғазының туғанына 135 жыл, Казталов ауданының тумасы (1889-1972)
- Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы ауыл шаруашылығы мамандарының бірі, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жәленов Кәрімнің туғанына 135 жыл, Сырым ауданының тумасы (1889-1938)
- Қазақтың 1-ші үлгілі атты әскер командирі болған Жанболатов Сақыпкерейдің туғанына 135 жыл (1889-ө.ж.б)
- Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Қасаболатов Есенғали Керейұлының туғанына 135 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1889-1938).
- Жайық өңіріндегі Алаш қозғалысына және ауылды кеңестендіру ісіне қатысқан қайраткер Көзеев Қарабайдың туғанына 130 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1894-1938)
- Қазақтың тұңғыш әскери командирлерінің бірі, дивизия комиссары, саяси қуғын-сүргін құрбаны Құрманғалиев Рамазанның туғанына 130 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1894-1937)
- Жайық өңірінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан Ізбасаров Жұмағалидың туғанына 130 жыл, Казталов ауданының тумасы (1894-1984)
- Вокзал, Орал станциясы – Жолаушыларға қызмет көрсетуге, темір жол көлігі қатынасын басқаруға және соған қызмет етушілерге арналған мекемесінің салынғанына 130 жыл (1894)
- Айтыс ақыны, жыршы Битілеуов Нұрсейіттің туғанына 125 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1899-1970)
- Ғалым, медицина ғылымдарының кандидаты, профессоры Бөкейханов Хазихан Науқұрбанұлының туғанына 125 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1899-1966)
- Әскери қайраткер, полк комиссары, Азамат соғысына қатысушы Қаратаев Шәміл Бақытжанұлының туғанына 125 жыл, Орал уезі (1899-1938)
- Азамат және Ұлы Отан соғыстарының қатысушысы Әзірбаев Ғұсман Нығметұлының туғанына 120 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1904-1943)
- Драматург, әдебиетші Баймұхамедов Нығметтің туғанына 120 жыл, Сырым ауданының тумасы (1904-1969)
- Социалистік Еңбек Ері Жүнісов Ниетқалидің туғанына 120 жыл (1904-1965)
- Күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қабиғожин Оқаптың туғанына 120 жыл Жаңақала ауданының тумасы (1904-1942) /Қараңыз: «2004 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі»/
- География ғылымдарының кандидаты, доцент, М. Өтемісұлы атындағы БҚУ-де 1938-1974 жылдар аралығында география кафедрасының меңгерушісі болған Москалев Георгий Ефремовичтің туғанына 120 жыл (1904-1979)
- Кеңес Одағының Батыры Наумов Георгий Васильевичтің туғанына 120 жыл, Орал қаласының тумасы (1904-1944)
- Айтыс ақыны, 1958 жылғы 1-ші айтыста «Облыс ақыны» атанған Қоңыров Әтембектің туғанына 110 жыл, Казталов ауданының тумасы (1914-1968) /Қараңыз: «2014 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі»/
- Күйші, дирижер, Қазақ халық аспаптар оркестрінің негізін қалаушылардың бірі Матов Ғабдұлманның туғанына 110 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1914-1942) /Қараңыз: «2009 жылғы БҚО бойынша…….күндер тізбегі»/
- Қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Меңдәлиев Кенжебектің туғанына 110 жыл, Сырым ауданының тумасы (1914-1985)
- Кеңес Одағының Батыры Ниетқалиев Ерденбектің туғанына 110 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1914-1945) /Қараңыз: «2014 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі»/
- Халық мұраларын жинаушы, ғылым кандидаты, зерттеуші Ысмағұлов Мұстафаның туғанына 110 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1914-1987)
- Облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының құрылғанына 110 жыл (1914)
- Орал обаға қарсы күрес стансасының құрылғанына 110 жыл (1914) /Қараңыз: «2014 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі»/
- *Кеңес Одағының Батыры Есқалиев Сүндетқалидың туғанына 100 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1924-1944)
- *Еңбек ардагері, экономика ғылымдарының кандидаты Оразова Мәдинаның туғанына 100 жыл, Казталов ауданының тумасы (1924-2005)
- *С.Сейфуллиннің ықпал етуімен Орал қаласында 7 жылдық қазақ мектебі (қазіргі №11 мектеп-лицей) ашылғанына 100 жыл (1924)
- Қоғам және мемлекет қайраткері Исқақов Мақсоттың туғанына 95 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1929-1998)
- Социалистік Еңбек Ері Кириенко Владимир Николаевичтің туғанына 95 жыл, Бөрлі ауданының тумасы (1929-2020)
- Айтыскер ақын, Қазақстанның оқу-ағарту ісінің үздігі Қалиев Елекештің туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1929-1983)
- Орал қаласында «Металл бұйымдар зауыты» ЖШС-ның құрылғанына 95 жыл (1929)
- «Орал округі және оның аудандары» библиографиялық және өлкетанушылық анықтамалығының шыққанына 95 жыл (1929)
- Жазушы В. П. Правдухин Жайық өзеніне бірінші қайық экспедициясын ұйымдастырғанына 95 жыл, бұған сол кезеңде жазғы демалыс уақытында Орал қаласына тоқтаған Алексей Толстой, Лидия Сейфуллина және басқа да жазушылар қатысты (1929)
- Теректі ауданы Шоптыкөл ауылының құрылғанына 95 жыл (1929)
- Палуан, қазақша күрестен спорт шебері Жүсіпов Маркс Телеуұлының туғанына 90 жыл (1934-1993)
- Орал қаласында Д. Нұрпейісова атындағы алғашқы саз мектебінің ашылғанына 90 жыл (1934)
- Теректі ауданы Алғабас станциясының құрылғанына 90 жыл (1934)
- Социалистік Еңбек Ері Мусимов Бақтыгерейдің туғанына 85 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1939)
- Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессоры Оспанов Серік Сәрсенғалиұлының туғанына 85 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1939)
- Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессоры Шеденов Өтеғали Қадырғалиұлының туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939)
- Зеленов ауданының құрылғанына 85 жыл (1939)
- Ақсай қаласында «Қазақстан» темір жол бекетінің салынғанына 85 жыл (1939)
- Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында қызмет істеген Фетисов Владимир Дмитриевичтің туғанына 75 жыл (1949)
- Орда қазақ халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 75 жыл (1949)
- Январцев орман шаруашылығының құрылғанына 75 жыл (1949)
- Зеленов ауданы, «Ульяновск» ауылының іргесі қаланғанына 70 жыл (1954)
- Зеленов ауданы «Шалғай» ауылының (бұрынғы орталық игілігі «Пермь» совхозының) құрылғанына 70 жыл (1954)
- Сырым ауданы, «Тоғанас» ауылының (бұрынғы «Правда») іргесі қаланғанына 70 жыл (1954)
- Теректі ауданы «Төңкеріс» елді мекенінің (бұрынғы орталық игілігі «Долинский» астық совхозының) құрылғанына 70 жыл (1954)
- Теректі ауданы, «Шаған» ауылының іргесі қаланғанына 70 жыл (1954)
- Орал қаласында астық қабылдау кәсіпорынының ұйымдастырылғанына 70 жыл (1954)
- Қазақстан Журналистер одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының құрылғанына 65 жыл (1959).
- Облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының құрылғанына 65 жыл (1959)
- Зеленов ауданы, Достық (бұрынғы Фурманов) ауылының іргесі қаланғанына 65 жыл (1959)
- Теректі ауданы Подстепное ауылының іргесі қаланғанына 65 жыл (1959)
- Оралда алғашқы балалар мен жасөспірімдер үшін спорт мектебінің ашылғанына 60 жыл (1964)
- *Ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасының жарық көргеніне 60 жыл (1964)
- Орал қаласында алғашқы теледидар бағдарламасының көрсетілгеніне 60 жыл (1964)
- Тасқала ауданы, Аманкелді ауылының іргесі қаланғанына 55 жыл (1969)
- Орал қаласында еңбек биржасының құрылғанына 55 жыл (1969)
- «Ақ Жайық» ән-би ансамбілінің ұйымдастырылғанына 50 жыл (1974) /Қараңыз: «2004 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі»/
- Сырым ауданы, «Бұлан» ауылының іргесі қаланғанына 50 жыл (1974)
- Зеленов ауданы жеріндегі Гремякин мұнай-газ конденсат кен орнының ашылғанына 50 жыл (1974)
- Бөрлі ауданында Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнының ашылғанына 45 жыл (1979) /Қараңыз: «2004 жылғы БҚО бойынша…….күндер тізбегі»/
- Зеленов ауданы жеріндегі Теплов мұнай-газ конденсант кен орнының ашылғанына 45 жыл (1979)
- Облыстық кардиологиялық диспансердің жұмыс істей бастағанына 40 жыл (1984)
- Зеленов ауданындағы Дария мұнай-газ конденсат кен орнының ашылғанына 35 жыл (1989)
- Батыс Қазақстан облысында татар ұлттық-ағарту қоғамының құрылғанына 35 жыл (1989)
- Орда геоботаникалық қорықшасына 35 жыл (1989)
- Орал қаласында еврей мәдени орталығының құрылғанына 35 жыл (1989)
- Орал қалалық апталық «Пульс» газетінің шыға бастағанына 35 жыл (1989)
- Орал қаласында СПИД-ке қарсы күресетің және емдейтін облыстық орталығының ашылғанына 35 жыл (1989) /Қараңыз: «2004 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі»/
- Батыс Қазақстан облыстық медициналық диагностикалық орталықтың ашылғанына 30 жыл (1994)
- Орал құрылыс материалдары өндірістік бірлестігі негізінде құрылған «Орал әк зауыты» ААҚ құрылғанына 25 жыл (1999)
- Оралдағы силикат, кірпіш, жылу энергиясын өндіретін кәсіпорын «Орал силикат кірпіш зауыты» ААҚ құрылғанына 25 жыл (1999)
- Орал қаласының №42 «Ақ ниет» гимназиясының ашылғанына 25 жыл (1999)
I am raw html block.
Click edit button to change this html

