Әбіш Ерденбек Жылқайдарұлы 1976 жылы 11 қазанда Күйгенкөл ауылында туған. Өтепқали.Сақыпов атындағы орта мектепті 1993 жылы бітіріп, Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтына түсіп, 1997 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін бітірді. Туған жеріндегі орта мектепте еңбек жолын бастады.
Мектеп қабырғасында жүрген кезінен аудандық, облыстық айтыстарға қатысты. Бірнеше рет өлеңдері Шұғыла, Орал өңірі газеттерінде жарияланды.
Ерденбек Әбіш Ғұмар Қараштың туғанына 125 жыл толуына арналған ақындар мүшәйрасында 1 – ші орынға ие болды.
Оның «Тәуелсіз ел Қазақстан», «Жаңа ғасыр алдындағы ой», «Жаңа жылға тілек», «Бақыт сыйла еліме, жаңа ғасыр» т.б. өлеңдері жұртшылыққа кеңінен танымал.
Қазір Орал қаласында «Қазақстан – Орал» телекомпаниясында тілші қызметінде.

Әдебиеттер:

Әбіш Е. Құнаншапқан!: өлеңдер: ақын Ғ. Қараштың- 125 жылдығына // Шұғыла. – 2000. – 30 қыркүйек. – Б. 3.
Әбіш Е. Адасу: өлең // Шұғыла. – 2001. – 12 қыркүйек. – Б. 4.