Кітапханашылар”Еуразия” балалар лагерінде танымдық-ойын-сауық бағдарламасын өткізді
Кітапханашылар”Еуразия” балалар лагерінде танымдық-ойын-сауық бағдарламасын өткізді
access_time12.06.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
12 маусым күні Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығының «Еуразия» балалар лагерінде танымдық-ойын-сауық бағдарламасын өткізді.
Іс-шара барысында балалар викториналарға, интеллектуалдық ойындарға және логикалық тапсырмаларға белсенді қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті
Кездесу балаларға жаңа мәліметтер алып, уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері ұсынған кітаптар балалардың ерекше қызығушылығын тудырып, олар өздеріне қажетті әрі қызықты мәліметтермен танысты. Іс-шара көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады
















Пікір үстеу