“Мемлекеттік қызметші-мемлекет айнасы”тақырыбында іс-шара өтті.
“Мемлекеттік қызметші-мемлекет айнасы”тақырыбында іс-шара өтті.
Бүгін кітапханамызда Мемлекеттік қызмет басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Ажмұратова Нұрлы Жазыққызымен және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Дархан Тілекбайұлы Қажмұратовпен «Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы» тақырыбында кездесуі өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, кәсіби әдеп-нормалары, мемлекеттік қызметшінің ар-намысы мен қадір-қасиеті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы ақпараттар беріліп, қызметшілердің өз кәсіби міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқаруы, жоғары адамгершілік қағидаттарын басшылыққа алуының маңыздылығы туралы пікір алмасу ұйымдастырылады.
Кездесу мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға және қызмет барысында этикалық нормаларды сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Шараға Санитарлық – эпидемиологиялық стансы басшысының орынбасары Қалиева Жансұлу Болатқызы мен қызметкерлері қатысты.













Пікір үстеу