4 маусым күн кітапханада «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты кітап көрмесі қойылды.
4 маусым күн кітапханада «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты кітап көрмесі қойылды.
access_time04.06.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
Көрменің мақсаты – оқырмандарға Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы кеңінен мәлімет беру, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру және патриоттық тәрбие беру.
Көрмеге мемлекеттік рәміздердің тарихы, қабылдануы, авторлары және маңызы туралы кітаптар, мерзімді басылымдар мен ақпараттық материалдар қойылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясы, тәуелсіздік тарихы мен елдік құндылықтарға арналған әдебиеттер ұсынылды.
Көрме оқырмандар тарапынан қызығушылық тудырып, жас ұрпақтың елге, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыруға ықпал етті.







Пікір үстеу