Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз” кітабына талдау жүргізілді
Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз” кітабына талдау жүргізілді
access_time25.04.2023
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
25 сәуір күні «Оқитын ұлт – оқырман отбасы» жобасы аясында Назарбаев зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушыларымен жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабына талдау жасалды. ҰОС даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсіндеуге арналған бұл роман-диалог туралы оқушыларға кеңінен мәліметтер беріліп, бейнеролик көрсетілді. Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмемен танысып, кітапханаға саяхат жасады.









Пікір үстеу