«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өтті
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өтті
28 мамыр күні кітапханада «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-сімен бірлесе саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында Есқайрат Ерболатұлы Хайдаров «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық зобалаңы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, тарихтың қасіретті кезеңдері туралы тағылымды ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар спикер «Батыс Қазақстан облысындағы халық көтерілістері» кітабының авторы ретінде өңір тарихына қатысты маңызды деректерді ортаға салды.
Дөңгелек үстел барысында орталық қызметкерлері Ақсамал Адошова мен Айнагүл Нургалиева Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы сынды тұлғалардың ел үшін атқарған еңбектері жайында баяндады. Ал Бибігүл Ермекова саяси қуғын-сүргінге ұшыраған атасы Ералы туралы естеліктерімен бөлісіп, көпшілікке әсерлі ой тастады.
Тағылымды кездесудің жүргізушісі әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант Алтынай Сисекенова болды.










Пікір үстеу