«Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты патриоттық-музыкалық кеш өтті
«Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты патриоттық-музыкалық кеш өтті
📌 5 мамыр күні Ж. Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасында Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты патриоттық-сазды кеш өтті.
Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясының әртісі Азат Қабиев «Қазақстан – ұлы елім» әнін әсерлі орындады.
Кеш барысында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің гуманитарлық, спорттық және әскери дайындық факультетінің доцент міндетін атқарушы, запастағы полковник Аманғалиев Тілеген Ғарипұлы әскери қызметтің маңызы, азаматтық борыш, тәртіп пен патриотизм туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, Қазақстан Қарулы Күштері туралы бейнеролик ұсынылды.
№1 жалпы орта білім беретін мектептің 3-сынып оқушылары патриоттық рухтағы өлеңдерін оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ал студенттер үшін ұйымдастырылған мақал-мәтелдер мен қызықты сұрақ-жауап бөлімі арқылы әскердің тәртіп, тарих және білім мектебі екені кеңінен түсіндірілді.
Аталған шараға №1 ЖОББМ оқушылары, Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университеттің әскери кафедра студенттері, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.











Пікір үстеу