Балалар кинотеатрында.Ю. Гагарина Ө. Елеубаевнаның кездесу кеші өтті.
Балалар кинотеатрында.Ю. Гагарина Ө. Елеубаевнаның кездесу кеші өтті.
access_time27.04.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
27 сәуір күні Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрында Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, жұбантанушы, ардагер ұстаз Ү.Елеубайқызымен кездесу кеші өтті.
Тағылымы мол шара барысында қатысушылар ұстаздың өмір жолымен, еңбек тәжірибесімен және рухани мұрасымен танысты.
Кездесу аясында Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана «Өлең боп қанат қаққан Өлеңтіден» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қойылған туындылар арқылы келушілер ақынның шығармашылық әлеміне терең бойлап, мән-мағынасы бай еңбектерімен танысуға мүмкіндік алды.
Кеш әсерлі әңгімелер мен мазмұнды ойларға толы болып, көрермендерге ерекше рухани серпіліс сыйлады.






Пікір үстеу