Кітап-ең құнды қазына
Кітап-ең құнды қазына
Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойы мен тәжірибесін бойына жинақтаған ең құнды қазына. Қандай заманда болмасын, кітаптың қоғамдағы рөлі ерекше. Ол – білімнің бастауы, рухани дамудың тірегі, ұлт мәдениетінің айнасы.
Бүгінгі технология дамыған кезеңде ақпараттың қолжетімділігі артқанымен, терең білім мен саналы ой қалыптастыруда кітаптың орны бөлек. Кітап оқу адамның ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытып қана қоймай, сыни ойлау қабілетін дамытады. Оқырман өз ойын еркін жеткізе алатын, өмірге деген көзқарасы қалыптасқан тұлғаға айналады.
Кітап оқу мәдениеті – бұл тек оқу әдеті ғана емес, ол – рухани тәрбие. Кітапты қадірлеу, тұрақты түрде оқу, оқығаныңды саралап, өмірде қолдана білу – нағыз оқырманның белгісі. Әсіресе жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ұлттық кітап күні – кітаптың қадірін терең түсініп, оқуға деген сүйіспеншілікті арттыратын ерекше мүмкіндік. Бұл күні әрқайсымыз кітап оқуға уақыт бөліп, рухани әлемімізді байыта түсуіміз керек.
✨ Кітап оқыған адам – кемел келешекке қадам басқан адам.
Ж.Молдағалиев атындағы ООӘҒК директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы



Пікір үстеу