Қаңтар
- 1 қаңтар – Көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның Халық артисі Құрманғалиев Ғарифолланың туғанына 110 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1909-1993).
- *1 қаңтар – Әнші, термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рахимова Қалампырдың туғанына 70 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1949-1988).
- *2 қаңтар – Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сағатов Мансұрдың туғанына 80 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1939-2002).
- 10 қаңтар – Социалистік Еңбек Ері Ерешев Сағындықтың туғанына 90 жыл, Казталов ауданының тумасы (1929-2009).
- 10 қаңтар – Социалистік Еңбек Ері, егінші Жүсіпов Мақаштың туғанына 80 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1939-2006).
- 11 қаңтар – Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы Қалиев Ибрагим Әдиетұлының туғанына 60 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1959).
- 11 қаңтар – Орынбор, Орал өңірін зерттеуші Эверсман Эдуард Александровичтің туғанына 225 жыл (1794-1860).
- 12 қаңтар – Жәнібек ауданында партия комитетінің І-ші хатшысы болған Шарафеддинов Шыныбайдың туғанына 80 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1939-1991). /Қараңыз: 2014 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі/
- *14 қаңтар – Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ақжайық» телеарнасының тілшісі Балмолда Мұнайдар Мұқамбетжанұлының туғанына 50 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1969).
- 18 қаңтар – Қалалық халық ағарту бөлімін ашу туралы қаулы шыққанына 100 жыл (1919).
- 24 қаңтар – Қызыл Армияның Орал қаласын азат еткеніне 100 жыл (1919).
Ақпан
- 1 ақпан – Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бөлімінің құрылғанына 100 жыл (1919).
- 2 ақпан – Орал қаласында жұмысшы-шаруа милициясының құрылғанына 100 жыл (1919).
- 3 ақпан – Социалистік Еңбек Ері Есімов Ескендірдің туғанына 90 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1929).
- 10 ақпан – Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Қисамединов Мақұм Мұстахұлұлының туғанына 80 жыл (1939-1984).
- 11 ақпан – Балалар жазушысы, 1926 жылдан 1928 жылдың күзіне дейін Орал қаласында тұрған Бианки Виталий Валентиновичтің туғанына 125 жыл (1894-1959).
- *17 ақпан – Журналист, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Көшенов Ғарифолланың туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939).
- 20 ақпан – География ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің оқытушысы Терещенко Татьяна Александровнаның туғанына 65 жыл (1954).
- *23 ақпан – БҚАТУ-дың ардагер ұстазы, профессор Жұбаев Сергей Шұғайұлының туғанына 80 жыл (1939-2010).
- 24 ақпан – Орал қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері, азаматтық және Ұлы Отан соғыстарына қатысушы, генерал-майор Есипенко Илларион Тимофеевичтің туғанына 125 жыл (1894-1988).
Наурыз
- 9 наурыз – Спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуанышев Батырдың туғанына 65 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1954).
- 13 наурыз – Айтыскер ақын, Теректі ауданы «Үміт» лингвистикалық гимназиясының директоры болған Мұштанова Дариға Ғазезқызының туғанына 65 жыл (1954). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі/
- 14 наурыз – Ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Қылышев Лұқпанның туғанына 110 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1909-1991).
- *19 наурыз – Мемлекет қайраткері, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер Бегалиева Мәдинаның туғанына 120 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1899-1974).
- 19 наурыз – Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, К.Байсейітова атындағы республикалық әншілер байқауының лауреаты Рахимова Жұмағанымның туғанына 65 жыл (1954) /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша…… күндер тізбегі/
- 19 наурыз – Айтыскер ақын Елеубаева Үзілдіктің туғанына 65 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1954).
- 20 наурыз – Композитор, фольклоршы және қазақ музыкасын зерттеуші Затаевич Александр Виктровичтің туғанына 130 жыл (1869-1936).
- *20 наурыз – Халық ақыны, Жазушылар одағының мүшесі Өтеғалиева Халиманың туғанына 130 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1889-1984).
- 21 наурыз – Орал қаласында «Қазақтың бірінші ерекше дивизионы» әскери бөлімшесінің құрылғанына 100 жыл (1919).
- *28 наурыз – Қоғам қайраткері Сариева Рысты Қалесқызының туғанына 70 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1949).
Сәуір
- 3 сәуір – Орал қаласында жеке қаражатқа тегін көпшілік оқу залы ашылғанына 125 жыл (1894).
- 5 сәуір – Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Бекмұхамбетов Ерсайын Сатыбалдыұлының туғанына 85 жыл, Теректі ауданының тумасы (1934).
- 11 сәуір – Оралдық суретші, педагог Котельников (Гофман) Виктор Адольфовичтің туғанына 95 жыл (1924-1987).
- 11 сәуір – Биология ғылымдарының кандидаты, геоботаник, М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің доценті болған Шүйіншәлиев Әділгерей Төлегенұлының туғанына 80 жыл (1939-2009).
- *25 сәуір – Күйші, композитор Сүйінбеков Оразғалидың туғанына 130 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1889-1964).
- 28 сәуір – Тарихшы, қазақтар арасынан шыққан тұңғыш тарих ғылымының кандидаты атағын алған Әділгереев Халел Мұхамеджанұлының туғанына 115 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1904-1974).
Мамыр
- *2 мамыр – Әнші, термеші, жыраулық өнер дәстүрін насихаттаушы Сәрсенғалиев Жақсылық Төлеуұлының туғанына 75 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1944-2001).
- 5 мамыр – Алғашқы халық мұғалімдерінің бірі, қоғам қайраткері Залиев Нұғыманның туғанына 130 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1889-1938).
- 5 мамыр – Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Иманғалиев Әсердің туғанына 90 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1929).
- 5 мамыр – Соғыс ардагері, Даңқ орденінің толық иегері Имашев Қайырғазының туғанына 95 жыл, Казталов ауданының тумасы (1924-1980).
- 5 мамыр – Соғыс және еңбек ардагері Қазимов Жұмаш Көбенғалиұлының туғанына 100 жыл, Сырым ауданының тумасы (1919-1989).
- *6 мамыр – Айтыс ақыны Қыдырниязова Шолпан Батырқызының туғанына 70 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1949).
- 8 мамыр – Кеңес Одағының Батыры Хұсайынов Ахмедияр Дәуленұлының туғанына 95 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1924-1986).
- 10 мамыр – Социалистік Еңбек Ері Ержанов Манап Бақытұлының туғанына 90 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1929-2004).
- *12 мамыр – Тарих ғылымдарының докторы, профессор Шәлекенов Уахиттың туғанына 95 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1924).
- 20 мамыр – Әнші, Қазақ ССР-нің халық әртісі Қаражігітов Нариманның туғанына 85 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы, (1934).
Маусым
- 1 маусым – Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 1993-99 жылдары Батыс Қазақстан облыстық драма театрында актер, қоюшы-режиссер, бас режиссер қызметін атқарған Ахманов Мұрат Ноянбайұлының туғанына 60 жыл (1959).
- 9 маусым – Қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Қаленбаева Меруерт Қабыкенқызының туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі/
- 9 маусым – Социалистік Еңбек Ері, академик, ботаник, өлкетанушы, 1918-1923 жылдары Орал қаласында жұмыс жасаған Ларин Иван Васильевичтің туғанына 130 жыл (1889-1972).
- 10 маусым – Суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Аралбаев Жоламанның туғанына 75 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1944).
- 12 маусым – Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының және Журналистер одағының мүшесі Өтемісов Саламаттың туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939-2010). /Қараңыз: 2014 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі/
- 16 маусым – Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрмұқанов Хайролла Мырзағалиұлының туғанына 90 жыл, Казталов ауданының тумасы (1929-2008).
- 28 маусым – Ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қасенов Қожантай Оразұлының туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939).
Шілде
- 10 шілде – Социалистік Еңбек Ері Мұқсимов Бақтыгерейдің туғанына 80 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1939-2005).
- 15 шілде – Орал қаласында туберкулезге қарсы санаторияның ашылғанына 95 жыл (1924).
Тамыз
- *9 тамыз – Актриса, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мәмбетова Әсел Иманғалиқызының туғанына 60 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1959).
- 11 тамыз – Ғалым, биология ғылымдарының докторы, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың профессоры Фартушина Мария Максимовнаның туғанына 90 жыл (1929).
- 14 тамыз – Жайық өңіріндегі азамат соғысының белсенді мүшесі Батурин Павел Степановичтің туғанына 130 жыл (1889-1919).
- 16 тамыз – Спортшы, байдарка мен каноэ жарысынан әлем чемпионы Акушников Александр Павловичтің туғанына 60 жыл, Орал қаласының тумасы (1959).
- 17 тамыз – Әуесқой композитор Қуанғалиев Жасталаптың туғанына 80 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1939-2013).
- *19 тамыз – Ғалым, қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Зейнуллин Аманжолдың туғанына 70 жыл (1949).
- 21 тамыз – Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Ахметов Бақтығалидың туғанына 80 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1939).
- *23 тамыз – Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 75 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1944).
- 24 тамыз – Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінің құрылғанына 75 жыл (1944). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша…… күндер тізбегі/
- 27 тамыз – Түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Сабыр Мұрат Бөкенбайұлының туғанына 55 жыл (1964).
Қыркүйек
- 4 қыркүйек – Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Аманғалиев Зайнекеш Аманғалиұлының туғанына 100 жыл (1919-2005).
- 7 қыркүйек – Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Егізбаев Рахметолла Сүйіндікұлының туғанына 95 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1924-1983).
- *10 қыркүйек – 1982-2008 жылдары Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның директоры болған, мәдениет қызметкері Жұмақаева Гүлжан Төлегенқызының туғанына 70 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1949).
- 14 қыркүйек – Ғалым-маман, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Сәниев Мизамғалидың туғанына 90 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1929-2002).
- 15 қыркүйек – Суретші Сумароко Василий Антоновичтің туғанына 80 жыл, Теректі ауданының тумасы (1939-2018). /Қараңыз: 2014 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі/
- *16 қыркүйек – Қоғам қайраткері Жақыпов Қабиболла Қабенұлының туғанына 70 жыл, Казталов ауданының тумасы (1949).
- 17 қыркүйек – Қоғам қайраткері Манаев Нұғыман Сәрсенұлының туғанына 120 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1899-1942).
- 24 қыркүйек – Зеленов ауданы Дарьинск ауылындағы Нобель сыйлығының лауреаты М. Шолоховтың мұражай-үйінің ашылғанына 40 жыл (1979). /Қараңыз: 2009 жылғы БҚО ……күндер тізбегі/
Қазан
- 9 қазан – Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Пересветов Николай Николаевичтің туғанына 85 жыл (1934).
- 13 қазан – Ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бүркітов Отарәлінің туғанына 65 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1954-2005). /Қараңыз: 2009 жылғы БҚО бойынша…….күндер тізбегі/
- 14 қазан – Орал-көшім суару-суландыру жүйесінің ашылғанына 80 жыл (1939).
- 15 қазан – Авиа-инженер, ұшқыш, Қазақстанның еңбек сіңірген транспорт қызметкері, Жаңақала ауданының құрметті азаматы Бектасов Қабдол Өтепұлының туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1924-2011).
- 15 қазан – Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылының И.С. Тургенев атындағы кітапханасының ашылғанына 135 жыл (1884).
- 17 қазан – Офицер, жазушы және суретші Масянов Леонти Лукьяновичтің туғанына 125 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1894-1978).
- 30 қазан – Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ли Татьяна Владимировнаның туғанына 75 жыл (1944).
Қараша
- 7 қараша – Кеңес Одағының Батыры, соғыс және еңбек ардагері Жақсығұлов Садық Шәкелұлының туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1924-2009).
- 11 қараша – Ақын, жазушы, драматург, аудармашы Аманшин Берқайыр Сәлімұлының туғанына 95 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1924-1985).
- 11 қараша – Физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің доценті Вознякевич Алфред Кондратьевичтің туғанына 90 жыл (1929).
- 11 қараша – Соғыс және еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ершуриева Ұрқия Ибрашқызының туғанына 95 жыл, Сырым ауданының тумасы (1924-2006). /Қараңыз: 2009 жылғы БҚО бойынша…… күндер тізбегі/
- *14 қараша – Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұхитов Лұқпанның туғанына 125 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1894-1957).
- *21 қараша – Мұхит Мерәліұлы қоғамдық қорының директоры, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Рахметжанов Сағадаттың туғанына 60 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1959).
- 22 қараша – Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан білім беру ісінің үздігі Мәшімбаев Серік Мектепұлының туғанына 80 жыл, Казталов ауданының тумасы (1939). /Қараңыз: 2009 жылғы БҚО бойынша…… күндер тізбегі/
- 24 қараша – Жергілікті жазушы, тарихшы, этнограф Железнов Иосиф Игнатьевичтің туғанына 195 жыл (1824-1963).
Желтоқсан
- *9 желтоқсан – Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Исаев Ораз Жанұзақұлының туғанына 120 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1899-1939).
- 10 желтоқсан – Ғалым-педагог, соғыс және еңбек ардагері, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі Ақмұрзин Сәрсеннің туғанына 110 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1909-1999).
- *10 желтоқсан – Ғалым, география ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі Ғалымов Аманкелдінің туғанына 75 жыл, Казталов ауданының тумасы (1944-2002).
- 11 желтоқсан – Еңбек және соғыс ардагері Ғайсин Қадыр Хабибұлының туғанына 95 жыл, Сырым ауданының тумасы (1924-2016).
- 12 желтоқсан – Соғыс ардагері, генерал-майор Сейітқазиев Жақия Ғаббасұлының туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1924-1999).
- 16 желтоқсан – Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Шахин Аманкелдінің туғанына 65 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1954). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша ……күндер тізбегі/
- *18 желтоқсан – Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхананың құрылғанына 50 жыл (1969).
- 19 желтоқсан – Орда ауданында партиялық-басшылық қызметтер атқарған, Еңбек Қызыл ту, «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері Нәсимоллин Мұраттың туғанына 95 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1924-1994).
- 20 желтоқсан – Ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бержанов Қартбай Бекенұлының туғанына 95 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1924-1975).
- *20 желтоқсан – Қазақтың тұңғыш пианиношы қызы Шомбалова Гүлжаухар Айыпқызының туғанына 100 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1919-1958).
- 22 желтоқсан – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Құлманов Бақтыгерейдің туғанына 160 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1859-1919). /Қараңыз: 2009 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі/
- 23 желтоқсан – Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің мүшесі және белсенді қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жанқадамов Бижан Әбілқасұлының туғанына 130 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1889-1937).
- 25 желтоқсан – Кеңес Одағының Батыры Черненко Николай Власовичтың туғанына 95 жыл, Бөрлі ауданының тумасы (1924-2006).
- 29 желтоқсан – Ғалым, техника ғылымдарының докторы Мұратов Әбілдің туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1934).
- 31 желтоқсан – Ғалым, өнертану ғылымдарының кандидаты Бисенова Ғафура Нұрғалиқызының туғанына 95 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1924-1991).
- Желтоқсан – Орыс композиторы, пианист, дирижер Алябьев Александр Александровичтің Орал қаласына келгеніне 185 жыл (1834).
АЙЫ МЕН ТУҒАН КҮНІ БЕЛГІСІЗ 2023 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕР
- Әскери қайраткер, Е.И. Пугачевтің серігі Овчинников Андрей Афанасьевичтің туғанына 280 жыл, Батыс Қазақстан облысы (1739-1774).
- Мемлекет қайраткері, Кіші жүз ханы, Айшуақ ханның үлкен ұлы, Сырым Датұлының көтерілісіне қатысқан Жантөре ханның туғанына 260 жыл (1759-1809).
- Ішкі ордада Бөкей ордасының архивінің ұйымдастырылғанына 225 жыл (1794).
- Тарихшы, этнограф Левшин Алексей Ираклиевичтің туғанына 220 жыл (1799-1879).
- Би, шешен Малтақанның туғанына 200 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1819-1892).
- Жәңгір ханның баласы, хан тағының заңды мұрагері болған Бөкеев Сақыпкерей Жәңгірұлының туғанына 190 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1829-1849).
- Орал қаласындағы Киров атындағы демалыс паркінің іргесі қаланғанына 180 жыл (1839).
- Айтыскер ақын Есқожаұлы Төребайдың туғанына 175 жыл, Сырым ауданының тумасы (1844-1911).
- Жергілікті өлкетанушы, педагог, саяси репрессия құрбаны Данилевский Константин Васильевичтің туғанына 155 жыл (1864-1938).
- Қоғам қайраткері Жантөрин Сәлімгерей Сейітханұлының туғанына 155 жыл (1864-ө.ж.б).
- Өңірімізден шыққан алғашқы педагог, Ж.Досмұхамедовтың ұстазы болған Сүйербаев Құрманғалидың туғанына 155 жыл (1864-1947).
- Әнші, ақын Аязбайұлы Ерғалидың туғанына 150 жыл, Казталов ауданының тумасы (1869-1929).
- Қоғам қайраткері, Күнбатыс Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі Қалменов Алпысбайдың туғанына 150 жыл (1869-1937).
- Өлкетанушы Осткевич-Рудницкий Евгений Васильевичтің туғанына 150 жыл (1869-ө.ж.б.).
- Алғашқы қазақ журналистерінің бірі, ақын, қоғам қайраткері Бұйрин Елеусіннің туғанына 145 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1874-1933). /Қараңыз: 2009 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі/
- Суырып салма ақын, жыршы Еламанұлы Көшелектің туғанына 145 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1874-1951).
- Орал қаласында орыс-қазақ мектеп үйінің (бұл үйде қазір облыстық тарихи-өлкетану музейі орналасқан) салынғанына 140 жыл (1879).
- Ақын, Батыс Қазақстан облысында Кеңес үкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы Жәнекешов Бисеннің туғанына 135 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1884-1921).
- Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Бейсенов Бақтығалидың туғанына 130 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1889-1938).
- Қазақтың 1-ші үлгілі атты әскер командирі болған Жанболатов Сақыпкерейдің туғанына 130 жыл (1889-ө.ж.б).
- Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы ауыл шаруашылығы мамандарының бірі, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жәленов Кәрімнің туғанына 130 жыл, Сырым ауданының тумасы (1889-1938).
- Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Қасаболатов Есенғали Керейұлының туғанына 130 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1889-1938).
- Жайық өңіріндегі Алаш қозғалысына және ауылды кеңестендіру ісіне қатысқан қайраткер Көзеев Қарабайдың туғанына 125 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1894-1938).
- Қазақтың тұңғыш әскери командирлерінің бірі, дивизия комиссары, саяси қуғын-сүргін құрбаны Құрманғалиев Рамазанның туғанына 125 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1894-1937).
- Жайық өңірінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан Ізбасаров Жұмағалидың туғанына 125 жыл, Казталов ауданының тумасы (1894-1984).
- Вокзал, Орал станциясы – Жолаушыларға қызмет көрсетуге, темір жол көлігі қатынасын басқаруға және соған қызмет етушілерге арналған мекемесінің салынғанына 125 жыл (1894).
- Айтыс ақыны, жыршы Битілеуов Нұрсейіттің туғанына 120 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1899-1970).
- Ғалым, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Бөкейханов Хазихан Науқұрбанұлының туғанына 120 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1899-1966).
- Әскери қайраткер, полк комиссары, Азамат соғысына қатысушы Қаратаев Шәміл Бақытжанұлының туғанына 120 жыл, Орал уезі (1899-1938).
- Күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қабиғожин Оқаптың туғанына 115 жыл Жаңақала ауданының тумасы (1904-1942). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі/
- Ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Әлетов Мұсаның туғанына 100 жыл, Қаратөбе ауданы (1919)
- Балетмейстер Жумин Хасанның туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1919-1944).
- Кеңес Одағының Батыры Есқалиев Сүндетқалидың туғанына 95 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1924-1944).
- Еңбек ардагері, экономика ғылымдарының кандидаты Оразова Мәдинаның туғанына 95 жыл, Казталов ауданының тумасы (1924-2005).
- Социалистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылығы маманы Шкилев Иван Константиновичтің туғанына 95 жыл (1924).
- С.Сейфуллиннің ықпал етуімен Орал қаласында 7 жылдық қазақ мектебі (қазіргі №11 мектеп-лицей) ашылғанына 95 жыл (1924).
- Қоғам және мемлекет қайраткері Исқақов Мақсоттың туғанына 90 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1929).
- Социалистік Еңбек Ері Кириенко Владимир Николаевичтің туғанына 90 жыл, Бөрлі ауданының тумасы (1929).
- Айтыскер ақын, Қазақстанның оқу-ағарту ісінің үздігі Қалиев Елекештің туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1929-1983).
- Орал қаласында «Металл бұйымдар зауыты» ЖШС-ның құрылғанына 90 жыл (1929).
- «Орал округі және оның аудандары» библиографиялық және өлкетанушылық анықтамалығының шыққанына 90 жыл (1929).
- Жазушы В. П. Правдухин Жайық өзеніне бірінші қайық экспедициясын ұйымдастырғанына 90 жыл, бұған сол кезеңде жазғы демалыс уақытында Орал қаласына тоқтаған Алексей Толстой, Лидия Сейфуллина және басқа да жазушылар қатысты.
- Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Оспанов Серік Сәрсенғалиұлының туғанына 80 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1939).
- Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Шеденов Өтеғали Қадырғалиұлының туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939).
- Зеленов ауданының құрылғанына 80 жыл (1939).
- Ақсай қаласында «Қазақстан» темір жол бекетінің салынғанына 80 жыл (1939).
- Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында қызмет істеген Фетисов Владимир Дмитриевичтің туғанына 70 жыл (1949).
- Орда қазақ халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 70 жыл (1949).
- Қазақстан Журналистер одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының құрылғанына 60 жыл (1959).
- Облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының құрылғанына 60 жыл (1959).
- Зеленов ауданы, Достық (бұрынғы Фурманов) ауылының іргесі қаланғанына 60 жыл (1959).
- Теректі ауданы Подстепное ауылының іргесі қаланғанына 60 жыл (1959).
- Оралда алғашқы балалар мен жасөспірімдер үшін спорт мектебінің ашылғанына 55 жыл (1964).
- Ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасының жарық көргеніне 55 жыл (1964).
- Орал қаласында алғашқы теледидар бағдарламасының көрсетілгеніне 55 жыл (1964).
- Тасқала ауданы, Аманкелді ауылының іргесі қаланғанына 50 жыл (1969).
- Бөрлі ауданында Қарашығанақ мұнай-газконденсат кен орнының ашылғанына 40 жыл (1979). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша…….күндер тізбегі/
- Облыстық кардиологиялық диспансердің жұмыс істей бастағанына 35 жыл (1984).
- Орда геоботаникалық қорықшасына 30 жыл (1989).
- Орал қаласында еврей мәдени орталығының құрылғанына 30 жыл (1989).
- Батыс Қазақстан облысында татар ұлттық-ағарту қоғамының құрылғанына 30 жыл (1989).
- Орал қаласында СПИД-ке қарсы күресетін және емдейтін облыстық орталығының ашылғанына 30 жыл (1989). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша……күндер тізбегі/
- Орал қалалық апталық «Пульс» газетінің шыға бастағанына 30 жыл (1989).
- Батыс Қазақстан облыстық медициналық диагностикалық орталықтың ашылғанына 25 жыл (1994).
- Орал құрылыс материалдары өндірістік бірлестігі негізінде құрылған «Орал әк зауыты» ААҚ құрылғанына 20 жыл (1999).
- Оралдағы силикат, кірпіш, жылу энергиясын өндіретін кәсіпорын «Орал силикат кірпіш зауыты» ААҚ құрылғанына 20 жыл (1999).
- «Ақ ниет» гимназиясының ашылғанына 20 жыл (1999).

