Кітап көрмелері күні
Кітап көрмелері күні
21 сәуір – «Кітап. Тарих. Шежіре» кітап көрмелері күні 📚
Осы атаулы күнге орай кітапханада мазмұны терең, тағылымы мол үш бірдей кітап көрмесі ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Ғасыр куәсі болған кітаптар» атты сирек басылымдар топтамасы, «Қолтаңба сыр шертеді» атты авторлық қолтаңбамен жинақталған әдебиеттер және «Жаңа әдебиеттер – жаңарған ой кеңістігі» атты жаңа кітаптар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Шараға Абай полиция бөлімі мен Орал қаласының полиция басқармасы қызметкерлері, «Жас сақшылар» сыныбының оқушылары, арнаулы оқу орындарының кітапханашылары мен студенттері, сондай-ақ кітапхана оқырмандары қатысып, кітапхана тынысымен танысты. Қонақтар өздерін қызықтырған бағыттағы әдебиеттермен танысып, әсерлерімен және пікірлерімен бөлісті.














Пікір үстеу