“Кітап оқитын Ана – жетілген ұрпақтың басы” атты отбасылық квиз кеші өтті.
“Кітап оқитын Ана – жетілген ұрпақтың басы” атты отбасылық квиз кеші өтті.
Аналар күніне орай 12 мамырда «Кітап оқыған ана – кемел ұрпақ бастауы» атты отбасылық куиз кеші өтті.
Шараның мақсаты – аналардың қоғамдағы рөлін дәріптеу, отбасылық оқуды насихаттау және ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту. Кеш барысында қатысушылар ана тақырыбындағы сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдерді жалғастырып, қазақ әдебиетіндегі ана бейнесіне арналған шығармаларды таныды. Сонымен қатар балалар аналарын сипаттап, арнауларын айтып, өз өнерлерін көрсетті.
Әсерлі әндермен әрленген кеш жылы атмосферада өтіп, оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шараға отбасымен кітап оқитын оқырмандар Нұралиевтер, Нұрдәулет ,Ойлыбаевтар отбасылары және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері мен БҚИТУ студенттері қатысты.











Пікір үстеу