“Кітап және тұлға”тақырыбында іс-шара өтті.
“Кітап және тұлға”тақырыбында іс-шара өтті.
22 мамыр күні Қалалық демалыс саябағында «Рухани уақыт: поэзия әлемі, проза шыңы» жобасы аясында, «BookWave» оқу клубы мүшелерінің қатысуымен, жазушы Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» және Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ тарих факультетінің түлегі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Серпер» және «Алтын қалам» ұлттық сыйлықтарының иегері, Халықаралық Қашқари атындағы сыйлықтың лауреаты, қаламгер Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» кітаптарын насихаттауға арналған «Кітап және тұлға» тақырыбында тағылымды іс-шара өтті Шарада клуб мүшелері «Ұстаздың оралуы» романында сонау 10 – шы ғасырда өмір сүрген кемеңгер ғалым, әлемнің екінші ұстазы атанған, Адамзат баласын ізгілікке шақырған Әбу Насыр Әл –Фарабидің ғибратты өмірі, адамдықтың, жақсылықтың мәңгілік жауы надандық күмәнін сейілту үшін адам даму, көркею жолын іздеп, ақиқатпен, біліммен қаруландыру үшін өмір бойы еңбектенгені, өз басының тыныштығы мен бақытын осы мақсатқа құрбан еткен ғажайып ғалым Әл-Фарабидің өшпес өнегесі жайында кітаптан алған әсерлі ойларымен бөлісті. Сонымен қатар «Болмаған балалық шақ» автордың шығармасындағы жеке басынан өткерген ауыртпалықтар мен ішкі жан дүниесіндегі арпалысы, оның балалық шағында ауыр сынақтар мен өмірдің қиыншылықтарын бастан кешіргені, оның балалықтың қызығын көрмей, ауыр өмір жағдайларымен бетпе – бет келіп, ерте есейгені жөнінде айтылып талқыланды. Шараға кулб мүшелері мен Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері қатысты.









Пікір үстеу