Кітапхана әкімшілігі мен ұжымы Ибрашева Жарқынгүл Сағындыққызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады
Кітапхана әкімшілігі мен ұжымы Ибрашева Жарқынгүл Сағындыққызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады
Ж. Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының әкімшілігі мен ұжымы әріптесіміз, кітап қорын толықтыру, әдебиеттерді өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің жоғары санатты кітапханашысы Ибрашева Жарқынгүл Сағындыққызының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Жарқынгүл Сағындыққызы кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етті. Ол 2008 жылдан бастап Ж. Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасында қызмет атқарып, оқу залы мен кітап қорын өңдеу бөлімдерінде еңбек етті. 2009 жылдан өмірінің соңына дейін кітап қорын толықтыру, әдебиеттерді өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінде жемісті жұмыс жасап, кітапхана ісінің дамуына зор үлес қосты.
Өз ісіне адал, білікті маман, парасатты әріптес ретінде ұжым арасында зор құрметке ие болды. Еңбегі жоғары бағаланып, «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен, алғыс хаттармен марапатталды.
Жарқынгүл Сағындыққызының жарқын бейнесі, адамгершілігі мен кәсіби болмысы әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.
Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаны жәннатта, иманы жолдас болсын.



Пікір үстеу