«Отбасы – алтын қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Отбасы – алтын қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
access_time15.05.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай кітапханамызда «Отбасы – алтын қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Отбасы – әр адамның ең жақын ортасы, мейірім мен сүйіспеншіліктің, қамқорлық пен жылулықтың мекені. Бұл мереке 1994 жылдан бастап аталып келеді. Оның басты мақсаты – қоғам назарын отбасы құндылықтарына, ата-ана мен бала тәрбиесіне, жанұядағы сыйластық пен бірлікке аудару.
Осы мерекеге орай кітапханамызға Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары арнайы экскурсия жасап, кітапханамыздың тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты. Қонақтар кітап көрмесін тамашалап, отбасы тақырыбындағы әдебиеттермен танысып, рухани әсер алып қайтты.







Пікір үстеу