Қуандық Ағағатұлы Мадирдің қайырымдылық кеші өтті.
Қуандық Ағағатұлы Мадирдің қайырымдылық кеші өтті.
Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылған Кітап апталығының екінші күні – «Сөз өнеріндегі өлкетану» күні мазмұнды шаралармен жалғасын тапты.
17 сәуір күні «Өнер өрінде» жобасы аясында ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Суретшілер және Жазушылар одағының мүшесі, «Тұран» халықаралық көркемөнер сыйлығының лауреаты, суретші, сазгер, өнертанушы Қуандық Насихатұлы Мәдірдің «Талантты суретші, талапты ұстаз» атты бенефис кеші өтті.
Кеш барысында Қуандық Мәдірдің өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, оның сазгерлік қыры да ерекше аталып өтті. Сазгердің әндеріне жазылған «Теңіздің ерке сұлуы», «Ауылға қайтып жаз», «Перзентімін даланың» әндерін «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Еркін Өтегенов пен Айбар Хайырханов әсерлі орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Сондай-ақ бенефис иесінің «Бойтұмар» атты екі томдық кітабының тұсауын ақын, ғалым Болатқали Төлебаев пен ақын Ғайсағали Сейтақ кесті. «Өнерді бойтұмардай қастерлеген» атты кітап көрмесі мен арнайы дайындалған бейнеролик те көпшілік назарына ұсынылды.
Шараға өнер иесінің әріптестері, өнердегі достары, М. Өтемісұлы атындағы БҚУ мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері қатысып, рухани кештің куәсі болды.
Кеш соңында Қуандық Мәдір кітапхана қорына өзінің «Бойтұмар» екі томдық еңбегін сыйға тартты.












Пікір үстеу