Ақын Айбатыр Сейтақ 1966 жылы 28 ақпан да Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы, Орда ауылында дүниеге келген. 1989 – 1997 жылдары Орал және Қостанай облысы телерадио компанияларында теледидар редакторы болып жүмыс істеген. «Сарыарқа» журналы бас редакторының орынбасары, «Жас Алаш» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарған. Қазір ҚР Парламенті Мәжіліс Аппараты баспасөз Қызметінің бас консультанты. 1988 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті өткізген 1996 және 2000 жылдары «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры ұйымдастырған ақындар байқауының лауреаты. 1999 жылы ҚР Президенті стипендиясының иегері. «Ғұмырнама» атты жыр жинағы жарық көрген (1997).

Әдебиеттер:

Сейтақ А. Ғұмырнама: өлеңдер.-Алматы, 1997. – Б. 80.
Сейтақ А. Өлеңдер // Жас ақындар жырларының антологиясы. – Алматы, 2000. – Б. 211-218.
Сейтақ А. Өлеңдер // Жыр – Жайық. – Орал, 2003. – Б. 3 -12.
Сейтақ А. Ай мен ару: өлеңдер. – Алматы, 2004. – 144 б.
Сейтақ А. Өмірі өнегелі ұстаз еді: Әдебиетші, ұстаз Серікққали Шарабасов туралы // Орал өңірі. – 2016. – 1 наурыз. – Б.8.
Сейтақ А. «Күй – тұнып тұрған тарих» // Орал өңірі. – 2017. – 21 қараша. – Б.11.
Жыр арқауы – Елбасы: мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевқа арналған бата-тілек, өлеңдер, толғаулар, поэмалар және ән мәтіндері / ред. А. Сыдықбай; құраст.: М. Қасымбеков, А. Молдағаринов, А. Сейтақ. – Астана: Фолиант, 2018. – 309 б.

*****

Сейтақов Айбатыр: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.- Б.464.
Сейтақ Айбатыр: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 353.