Тамара Михайловнаның еңбек жолы «Пугачевский» совхозында 15 жасынан басталды. Содан кейін ол «Приуралье» газетінің меншікті тілшісі болып істеді, қалалық және облыстық, қазақстандық, ресейлік газеттерде, журналдарда жарияланды. Оның «Бір топ тырналар» атты алғашқы жинағы «Жалын» баспасынан шықты. «Шет аймақтың дауысы» өлеңдер кітабы Орынборда Аксаков сыйлығымен атап өтілді, «Ономастикалық трагедия» өлеңдер жинағында автордың мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау мәселесі бойынша азаматтық ұстанымы көрсетілген. «Орал не жайлы айтты» кітабы – мақсаты – ұлы өзенді сақтап қалу халықаралық қайық экологиялық экспедицияларына қатысуының қорытындысы.
«Уральская прелюдия» очерктер кітабының жобасы үшін автор USAIDтің сертификатымен марапатталды. Осы кітаптан алынған жарияланымдардың топтамасы әйелдердің бірінші халықаралық «Қанаттанған әйел» жәрмеңкесінде ұйымдастырылған журналистердің республикалық байқауында бірінші сыйлыққа ие болды. Соғыс пен спорт ардагерлері жайлы «Орал үшін шайқасты» өлеңдер мен очерктердің жаңа жинағы дайындалды.
Тамара Михайловна мектептерде, клубтарда, мәдениет үйлерінде, кітапханаларда болатын сансыз кездесулерде тыңдармандарға бейбітшілік, өмір шындығы мен махаббат жайлы өз сөзін жеткізеді.

Әдебиеттер:

Шабаренина Т. Голос окраины. – Уральск, 2007. – 236 с.
Шабаренина Т. Журавлиная стая: стихи. – Алма-Ата,1979. – 32 с.
Шабаренина Т. О чем рассказал Урал. – Уральск, 2003. – 139 с.
Шабаренина Т. «Ни одной персональной судьбы – все судьбы в единую слиты…»: память о Великой Отечественной Войне // Надежда. – 2016. – 22 июня. – С. 19.
Шабаренина Т. Лига футбольных окраин: очерк // Простор. – 2017. – №5. – С. 129 – 174.
Шабаренина Т. Из кудели вселенной // Приуралье. – 2019. – 2 апреля. – С. 11.

*****

Шабаренина Тамара: өмірдерек // Ақжайықтың асыл арулары. – Алматы, 2002. – Б.123.