«Татулық – достықтың киелі бесігі» атты мәдени-танымдық шара өтті.
«Татулық – достықтың киелі бесігі» атты мәдени-танымдық шара өтті.
access_time29.04.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
29 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен бірлескен «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты мәдени-танымдық шара өтті.
Іс-шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды. Кездесудің негізгі мақсаты – еліміздегі түрлі этностар арасындағы достық пен татулықты насихаттап, бірлік пен келісімнің маңызын түсіндіру болды.
Шара барысында қатысушылар Қазақстандағы этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы тың ақпарат алып, кітап көрмесімен танысты. Сонымен қатар, өзара пікір алмасып, ой бөлісті.
Мерекелік кездесу достық пен сыйластық атмосферасында өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.










Пікір үстеу