«Weeken. Book. Vibes» бағыты бойынша «Кітаппен бір толқында» атты мерекелік шара өтті.
«Weeken. Book. Vibes» бағыты бойынша «Кітаппен бір толқында» атты мерекелік шара өтті.
📚 Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылған «Артық ғылым кітапта» апталығы аясында 20 сәуір күні «Weeken. Book. Vibes» бағыты бойынша «Кітаппен бір толқында» атты мерекелік шара өтті.
Ашық аспан астында өткен кешке облыстық кітапханалар жанынан құрылған кітап клубтарының мүшелері қатысып, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін бөлісті. Шара модераторы – БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыру және арнайы жобалар бөлімінің сарапшысы Даурен Ахонов.
Іс-шара барысында БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары Ырысбек Серікбайұлы Тыныштыбаев және Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Даурен Ибатұлы Шамуратов құттықтау сөз сөйлеп, жастарға ізгі тілектерін жеткізді.
Кеште жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі кітап клубтарының жұмысы таныстырылды. Атап айтқанда, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханадағы «Меркурий» спикерлік клубы жұмысында “Batyr” журналының редакторы Раш Лаора Батыр мен “Fresh” журналының редакторы Саида Бондаренко спикер болды. Кейін “BookWave” оқу клубы жұмыстарын таныстырып, оқырмандар Ернар Жақыптегі, Жаннұр Салимова, Рамазан Сұпығалиев клубтан алған әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, «Фанбук: әдеби әлем» клубы, «Кітап-драма студиясы» және «Жауһар» оқырмандар клубы да өз жобаларын ұсынып, кітап арқылы бірігудің маңызын көрсетті.
📖 Шараның ең ерекше бөлігі – READx форматы болды. Бұл алаңда қатысушылар өздері оқыған кітаптарын таныстырып, көрермендер арнайы түсті карточкалар арқылы (жасыл, сары, қызыл) өз бағаларын берді.
READx спикерлері қатарында: Альфия Шамаева, Жаңылсын Тұрарбекқызы Мухамбетжанова, Болат Қуанышұлы Туресаев және Гүлнұр Маратқызы Алғазы болды.
✨ Кеш соңында кітапхана директоры Шолпан Қуанышқалиқызы Уразаева белсенді жастарды марапаттап, қатысушыларға алғыс білдірді.






















Пікір үстеу