«Жұбан елінен – Жұбан кітапханасына тарту» фестивалі өтті
«Жұбан елінен – Жұбан кітапханасына тарту» фестивалі өтті
access_time26.06.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының 155 жылдық мерейтойына орай «Бас кітапхана – ортақ мұра, ортақ тарих» жобасы аясында Ақжайық аудандық ОКЖ-нің ұйымдастыруымен «Жұбан елінен – Жұбан кітапханасына тарту» атты облыстық фестиваль ұйымдастырылды.
Мәдени шараға мәдениет саласының өкілдері, зиялы қауым, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты.
Фестиваль аясында әдеби кейіпкерлер шеруі, жыр шашу және мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.






















Пікір үстеу