Ғаяз Рамаев 1921 жылы Орал қаласында дүниеге келген. 1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылған, шекара әскерлері қатарында қызмет атқарған. 1942 жылдың шілдесінен бастап майдандағы армияда, әртүрлі қиян-кескі шайқастарға қатысты.

1943 жылдың 26 қаңтарында Верхняя Елшанка селосын азат ету кезіндегі шайқаста Ғаяз Рамаев барлаушылар тобымен бірге жаудың бірнеше атыс орындарын жояды. Ол осы ұрыста ерлікпен қаза тапты.

1944 жылдың 10 қаңтарында Ғаяз Рамаевқа қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Ғаяз Рамаев Волгоградтағы Мамай қорғаны бауырластар зиратында жерленген. Саратов қаласындағы бір көшеге батырдың аты берілген.

Әдебиеттер тiзiмi

1985 жыл
1.Мұратов И. Қамал бұзған қаһарман: Ақ Жайық өңірінің Батыры Ғаяз Рамаев жөнінде // Орал өңірі.-1985.-20 сәуір.

2005 жыл
2.Рамаев Ғаяз: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-38 б.

2010 жыл
3.Рамаев Ғаяз: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.- Алматы: Өнер, 2010.- 203 б.
4.Рамаев Ғаяз: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-448 б.